Шортанды ауданы күніне арналған мереке керемет өтті

2017 жылдың 19 тамызы күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің 25 жылдығына, Астана қаласы ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне орай Ақмола облысы Шортанды ауданның ипподромында Шортанды ауданы күніне арналған  дәстүрлі ұлттық ат спорты түрлері бойынша жарыс өтті. Іс-шараны ұйымдастырудағы мақсат — салауатты өмір салтын қалыптастырудың, халықты   патриоттыққа тәрбиелеудің және шабандоздардың шеберліктерін арттырудың маңызды құралы ретінде ұлттық ат спорты түрлерін кеңінен насихаттау болып табылады.

Дәстүрлі салтанатты шара Шортанды ауданының әкімі Гүлнұр Сәдуақасованың құттықтауымен ашылды. Шортанды ипподромында ат спорты мерекесін ұйымдастыру дәстүрге айналған, ал оған қатысушылардың саны жылдан-жылға артып келеді. Биылғы ат жарысына қатысып, өз өнерлерін  көрсетуге Астана қаласының, Ақмола мен Солтүстік Қазақстан облыстарының, Бұланды ауданы көкпаршылары мен шабандозы ниет білдірді. Шортандылықтар мен ауыл қонақтары көкпар, аударыспақ, қыз қуу, теңге алу сынды ұлттық ойын түрлерін, 7 шақырымға жіберілген бәйгені, тоқ бәйге және аламан бәйгелерін, ер жігіттер сайысын, жорға, желісті сәйгүліктер жарысын, Шортанды ауданында өсірілген жылқылардың 5 шақырымдық жарысымен бірге осы ауданның тумасы күш сынасудан 4 мәрте әлем рекордсмені, шортандылық Цырульников Сергейдің өнер көрсетуін тамашалады.

Ең басты шараның ашылу салтанатын Астана қаласының ұшқыштар авиациялық оқу орталығының көрсетілімдерімен басталды. Міне 6 жылдан астам уақыт аралығында ұлттық ат спорт түрлері бойынша  жарыстар  аудандағы басқа да  спорт түрлері арасында  дәстүрлі  лайықты орынға ие болып өз жалғасын тауып келеді. Салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңызды құралы ретінде, халық арасында ұлттық және халықтық ат спорт түрлерін кеңінен насихаттау және дәріптеу, патриоттық тәрбие беру осындай игі шаралардан бастау алатыны белгілі.

Міне бүгінгі ат-спорттық жарысы «Ұрпақ парызы – ұлттық құндылықты жаңғырту» инновациялық жобаның бір бөлігіне айналып отыр,  «ТУҒАН ЖЕР» жалпыұлттық бағдарламасын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылған керемет шараның бірі болды.

Шараның алғашқы кезеңі Шортанды ауданы және Бұланды ауданы көкпаршылары командаларының көкпар сайысымен қызу басталды. 2 кезеңге созылған қызу тартысты көкпарда көзге түскен шортандылық Айбек Қадыровты, Бұланды ауданының білекті де білікті көкпаршысы Нұрмұханов Ермұханды ерекше атап өтуге болады. Тартымды өткен көкпаршылардың сайысы нәтижесінде Шортанды ауданының командасын жаттықтырған Жұмабеков Әділханның командасы 6:1 есебімен жеңіске жетті.  Шараның келесі кезеңі 7 шақырымдағы 2 жасар құнан жарысымен ұласты. Бұл жарыста үздік топты жарып шыққан жеңімпаздар да анықталды. 1 орынды Құлтасов Алмастың тұлпары иеленді. Шабандоз Уркалиев Данияр есімді бозбала. 2 орынға Кенжетаев Дастанның қосқан құнаны ие болды. Шабандоз – Никифоров Мухамедали. 3 орынға Нұралина Аруананың қосқан сәйгүлігі ие болды. Шабандоз — Рыстамбеков Есдәулет.

Бағдарлама бойынша 7 шақырымда жорға жарысы өтті. 1 орынға Қабдолаев Арманның су жорғасы ие болды. Шабандоз – Чибесов Артем. 2 орын – «Нива» ЖШС қарасты тұлпар. Шабандоз — Патрикеев Виктор. 3 орынды Қасымов Болаттың  жорғасы иеленді. Шабандоз – Коротаева Татьяна. 4 орынға Бабичев Николайдың сәйгүлігі ие болды. Шабандоз – Айтпаев Берік. 5 –ші болып А. Даянбайдың жорғасы келді. Шабандоз – Рябков Радион.

Бәйгенің ең қызықты сәттері 10 шақырымдағы тоқ бәйге жарысы болды. 20 аса шабандоз қатысты. Мәреге 1-інші болып Жанкиевтің тұлпары жетті. 2 орында Сағадатовтың сәйгүлігі келді. Шабандоз – Тұрсынов Ақжол. 3 орынды Алиманов Жанаттың жаратқан тұлпары иеленді. Шабандоз – Алтынбеков Әділ.

Бүгінгі аудан әкімдігімен ұйымдастырылған шараның көркін 15 шақырымдағы тартысты өткен аламан бәйге көркін қыздыра түсті. Делебесі қозған қолдаушылардың айқай қолдауымен аламанға түскен шабандоздардың рұхы бір серпіліп қалды. Атаулы ең басты шара аламан бәйгеде үздік топ жарып мәреге алғашқылардың бірі болып келген Тажетдинов Мирастың тұлпары көрерменнің қошеметіне ие болды. Шабандоз-Жұмадулаев Дулат. 2 орын Жанкиеп ағамыздың тұлпары иеленді. 3 орын Есілбаев Дулаттың сәйгүлігі иеленді. Шабандоз — Роман Құдайберген.

Сонымен Бұланды ауданы және Шортанды ауданының білекті жігіттерінің қатысуымен аударыспақ өтті. Нәтижесінде 1 орынды шортандылық Айбек Қадыров иеленді. 2 орынға Шортанды ауданы атынан шыққан Сағындықов Дидар иеленді. 3 орынға Бұланды ауданының жігіті Бапишев Бекзат ие болды. Бүгінгі өткен жарыстың жеңімпаздарын Шортанды ауданының әкімі Гүлнұр Сәдуақасова құттықтады. Іс-шара жеңімпаздары мен қатысушылар бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Сонымен қатар жиналған көрермендермен қонақтардың назарына — ағаш  пен металдан сәндік қолданбалы көрме, бүркітші мен аңшы  иттердің көрсетілімдерімен басқа да ұлттық ойын түрлері ұсынылды.

Ауданда ұлттық ат спорт түрлерінің табысты дамуына өз үлестерін қосып келе жатқан «Нива» ЖШС директоры Абермит Владимира Фридриховичті, жеке кәсіпкер Газдиев Руслан Тугановичті, қоғам қайраткері, Шортанды ауданының құрметті азаматы Сәдібек Түгелді және Астана қ. №7  БЖСМ мамандандырылған дирекциясы атынан Хасенов Аманжол ағаларымыздың белсенді қолдау көрсеткендігін атап өткеніміз жөн.

2010 жылы біздің ауданымыздың Құрметті азаматы, жазушы-публицист, Астананың көптеген баспа басылымдарының редакторы, спорттық комментатор Сәдібек Түгелдің  бастамасы бойынша Шортанды ауданының аумағында атақты тұлпар Кұлагерге ескерткіш орнатылған. Шортандылықтар үшін бұл іс-шара аудан өміріндегі өте маңызды оқиға болды және  бүгінде бұл құрметті орын шортандылықтарға ғана қасиетті орнынға  айналған жоқ, өңір қонақтарының барлық келушілерінің де  қасиетті орнына айналды.

Қазақ халқының және өскелең ұрпақ үшін ескерткіш мәнін  бағаламау мүмкін емес. Бұл ескерткіш қазіргі заманғы жоғары жылдамдықтағы трасса — республикадағы тұңғыш автобанының «Астана — Петропавл» бағыты  бойында орнатылған, ол   ұрпақтарына біздің ұлы даланың бай тарихи мұрасын, ұлттық құндылықтарды еске салады, олардың арасында лайықты және ерекше орынға тиесілі атақты Ақан сері мен оның аты аңызға айналған тұлпары- Кұлагер. Тәкаппар тұлпар биіктіктен қарап, Тәуелсіздіктің нышаны бола тұра, ұрпақтарына: «Өз халқымен бірге тек қана алға ұмтылыңдар, өмір бәйгесінде  әрқашан көшбасшы болындар!» деп құлашын керіп алға ұмтылып болашаққа шарықтап бара жатқандығынан –ақ кімді болмасын өзіне тартары анық.

Шортанды ауданы — бұл таза инвестициялық орта, даму стратегиясы облыс аумағында және одан тыс жерлерде мақсатты түрде енгізілуде және тиімді жүзеге асырылады. Айта кетейік, индустриялық өткені мен бүгіні өңірде сапалы адами капиталын қалыптастырды, әлеуметтік маңызы бар кәсіпорындар мен объектілер ауқымды іске қосу тұрғысынан тартымды.

Мәдени, білім беру, медициналық, ғылыми салалар облыстық және республикалық рейтингтерде тұрақты орындарға ие. Жыл сайын денсаулық сақтау, білім беру саласының қаржыландыруы өсуде, ауданның инфрақұрылымын дамыту бойынша іс-шаралар жүзеге асырылуда, туристік тартымдылық деңгейі көтерілуде.

Ерекше назар, ерекше мақтанышы — бұл облыстық және республикалық ареналардағы Шортанды ауданының тұрғындарының мәдени және спорттық жетістіктері, ауданды шын мәнінде танымал етуде.

Бүгінгі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің 25 жылдығына, Астана қаласы ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне орай Шортанды ауданы күніне арналған  дәстүрлі ат-спорттық мерекесінің осындай биік деңгейде ұйымдастырылуы ең алдымен жергілікті ауданның әкімдігінің зор еңбегі. Олардың қатарындағы Шортанды ауданының әкімі Гүлнұр Сәдуақасоваға, аудан әкімінің орынбасары- Мұхамедин Ерлан Қыздарбекұлына,   Ішкі саясат бөлімі басшысы  Касенова Сәуле Хайлуллиловнаға, Шортанды ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысы Жумкей Берген, Шортанды ауылы әкімі Абдрахманова Гульнара Жеңісқызына, аудандық білім беру бөлімінің басшысы Қауметов Әділ Мақсатұлына алғысымызды білдіреміз.

 

 

 

 

Поделиться:

Смотрите также

Вечная Великая Степь

Степь – безлесное, бедной влагой и обычно ровное пространство с травянистой растительностью в зоне сухого …