Аллаберген Қонарбаев.
Маңғыстау ауданы.
Бүгін Маңғыстау ауданы әкімдігінде игі шара өтті. Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданының тұрғыны осыдан 71 жыл бұрын соғысқа аттанып, Польшада қаза тапқан әкесі Алтыбаев Жұмағазының бір уыс топырағы елге әкелінді. Бұл топырақты елге әкелген «Каспийцемент» ЖШС бас директоры Кшиштоф Бурек мырзаның ата – анасы Ежий Бурек және Ядвига Бурек Алтыбаев Жұмағазының жерленген жерін тауып бір уыс топырағын елге әкелді.
Артында қалған тумаластары нақтырақ айтсақ, яғни Шетпе селосының тұрғыны Ақбөпеш апай өткен жылы аудан әкімі Ж.Айтуаров мырзаға өтініш ретінде айтып сол оралмай кеткен ағасы Жұмағазының бір уыс топырағын көзі тірісінде елге әкелуді өтінген еді
Сол өтінішті аудан басшысы Ж.Айтуаров мырза цемент зауытының мекеме басшысы К.Бурек мырзаға аманатты жеткізген болатын. Бұл аманатты орындау үшін Кшиштоф Буректің ата анасы өздерінің тұратын ауылының маңындағы бауырластар зиратына арнайы барып Жұмағазының бір уыс топырағынан әкелді.
Осынау тарихи сәтте аудан басшысы аманатқа қиянат жасамай жақсылық жасаған Ежий мен Ядвига Бурекке аудан халқы атынан алғысын айтты. Бұдан соң цемент зауытының басшысы К.Бурек мырзаның әкесі Ежий Бурек сөз алып Қазақстандық жауынгерлердің ерліктері және бауырластар зираты жайында мәлімет берді
Жиын соңында Ақбөпеш апай сөз алып Польшадан арнайы келген қонақтарға өз отбасы атынан иықтарына шапан жауып, орамал тақты
«Бүгінгі Жеңістің 71 жылдығы аясында ағасының басына туған жердің бір уыс топырағын жеткізу үшін қиырдағы, яғни Польшадағы бауырластар зиратынан арнайы топырағын әкелу деген ерлікпен пара пар. Бүгінгі шараны өткізіп отырған аудан басшысы Ж.Айтуаров мырзаға ағайындар атынан алғысым шексіз. Осындай сауапты іске мұрындық болған Ежий Бурек жанұясына алғыстан басқа айтарымыз жоқ» дейді еңбек ардегері, туысы Жалғас Жапақов.