Ата-аналармен жүргізілетін жұмыс  түрлері

Жинақтаған:

Целиноград ауданы МКҚК «Алтын дән» балабақшасы

   Әдіскер: Ешмуханова А.А.

 Ата аналармен жүргізілетін жұмыстардың  мазмұны, формасы, әдістері Балабақшаның ата-аналармен жұмысының мазмұны төмендегідей:

А) ата-аналардың педагогикалық, психологиялық білімдерін көтеру; (дәрістер оқу, семинарлар ұйымдастыру, жеке және топтық кеңестер, тәжірибелік жұмыстар т.б)

Б) ата -аналарды оқу-тәрбие жұмыстарына қатыстыру; (ата аналар жиналысы, бірлескен шығармашылық жұмыстар, материалдық -техникалық база жасауға көмектесу);

В) балабақшаның әкімшілігімен бірлескен жұмыстар (ата -аналар комитеті, ата-аналар кеңесі, аталар алқасы, әжелер клубы);

Ата-аналармен жүргізілетін жұмыстың  формасы мен әдістері олардың педагогикалық мәдениетін көтеруге, балабақша мен отбасының өзара ынтымақтастығына және тәрбие жұмысының әлеуетін аттыруға  бағытталған болуы керек.

Ата-аналармен жұмыстың әдістері: бақылау, әңгіме, пікірлесу, тест жүргізу, сауалнама жүргізу.

Ата-аналармен жұмыстың формалары

 

Дәстүрлі Дәстүрден тыс
1 2
–        ата-аналар жиналыстары;

–        жеке топтық және балабақшаның жалпы конференцияларын

ұйымдастыруы;

–        тәрбиеші-педагогтің жеке кеңесі;

–        балалардың үйінде болуы;

–        ашық есік күндері;

–        ата-аналармен тренингтер өткізу;

–        пікір сайыстар жүргізу;

–        психологиялық  демалыс сәттері; (разминки)

–        дөңгелек үстел;

–        ауызша журнал;

–        ата-аналар кештері;

–        ата-аналар оқулары;

–        ата-аналар рингі;

–        ашық сабақтар;

 

Психологиялық – педагогикалық білім көтеру формалары

Педагогикалық білім беру– бұл, бала тәрбиесінің көкейкесті мәселелерімен ата-аналарды таныстырады және олардың негізгі педагогикалық мәдениетін қалыптастыруға көмектеседі.

Дәрістер – бұл, бала тәрбиесінің мәні мен маңызына  жан-жақты терең талдау жасау. Дәрістегі ең басты көңіл бөлетін мәселе-ол белгіленген жағдайды немесе құбылысты талдау жасау болып табылады.

Конференция – бұл, бала тәрбиесі туралы терең жан-жақты қарастыру және оны бекіту.

Ата-аналарға арналған конференциялар – балабақшаның тәрбиелеу мен білім беру жүйесінде ерекше маңызды орын алады.Ата-аналарға арналған конференцияларда  болашақ қоғамның азаматтарын тәрбиелеудің өзекті мәселелері қозғалып, оны тәжірибеде жүзеге асырудың жолдары нақты қарастырылады. Ата-ананың ролі, бала тәрбиесіндегі қиындықтар, отбасы тәрбиесінің маңызы,т.б тақырыптар болуы мүмкін.

Ата-аналар конференцияларына өте мұқият дайындық қажет. Мұнда белгілі ғалымдар, психологтар мен педагогтар, әлеуметтік педагог, дәрігер т.б міндетті түрде қатысады. Мұндай конференцияларға ата аналар белсенді түрде қатысулары қажет. Олар өз іс-тәжірибелері тұрғысынан мәселеге талдау жасайды. Конференцияның ерекшелігі сол- мұнда арнайы аталған мәселенің жай- жағдайын шешудің нақты  жолдары қарастырылуында.

Практикумдар – ата-аналардың бала тәрбиесі жайында, педагогикалық жағдаяттардан шығуда олардың педагогикалық ойлауларын жаттықтыру.

Ашық сабақтар – ата –аналарды бағдарлама бойынша қол жеткен жетістіктермен таныстыру, тәрбиешінің талаптарына ден қоюға бағыт беру. Мұндай сабақтарға ата-ананалардың қатысуы балабақшадағы оқу-тәрбие жұмыстары жайында ата-аналардың педагогикалық сауаттылығын арттырады, баламен қарым-қатынас жасаудың жолдарын үйренеді.

Жеке тақырыптық кеңестер-бұл, ата-аналармен өзінің баласы жайында, балабақша тыныс-тіршілігі туралы ақпараттармен қамтамасыз етуде, пікір алысуда маңызды. Жеке кеңестер-тәрбиешінің отбасымен тығыз байланыс орнықтыруында маңызы зор. Әсіресе, топты жаңадан жинақтағанда, мерекелік іс-шаралар қарсаңында жиі өткізіледі. Оған тәрбиеші алдын-ала дайындалғаны абзал, ол үшін ата-анаға алдымен қандай сұрақтар қою керектігін ойланып, жоспарлап алған дұрыс. Жеке кеңестер таныстыру сипатында және ата-анамен тәриешінің арасында тығыз байланыс орнықтыратындай бағытта болуы шарт. Тәрбиеші ата-аналарды өзінің кәсіби жұмысындағы төмендегідей маңызды мәліметтермен таныстыруы мүмкін:

  • баланың денсаулығының ерекшеліктері;
  • оның қызығушылығы мен іс-әрекетіндегі жетістіктері;
  • отбасындағы қарым-қатынас мәдениеті;
  • мінез-құлқындағы эмоционалдық әсерленуі;
  • мінез сипатының ерекшелігі;
  • ойын әс-әрекетіндегі белсенділігі;
  • құрбыластарымен қарым-қатынас ерекшеліктері; т.б

Үйге бару – мұнда тәрбиешінің ата-аналармен жеке жұмысы және баланың отбасындағы жағдайымен танысу.

Ата-аналар жиналысы – тәрбиелеу мен білім беру жұмыстарына талдау жасау және тәжірибені педагогика ғылымы  негізінде ой елегінен өткізу.

Жалпы ата-аналар жиналысы – жылына екі рет өткізіледі. Мақсаты: балабақшаның нормативтік-құқықтық құжаттарымен таныстыру, балабақша жұмысының негізгі баыттары, міндеттері мен қортындысын танстыру. Жалпы жиналыстың тақырыбы негізінен жаңа оқу жылының барысы мен қортынды есебі сипатында болады. Онда балабақша меңгерушісі, әдіскер, тәрбиешілер, дәрігер және ата-аналар комитеті төрағасы сөз сөйлейді, есебі тыңдалады. Еңбек нәтижелері мен жетістіктері, кемшіліктері айтылып, оны жоюдың жолдары қарастырылады.

Ата аналар оқулары – бұл бала тәрбиесі жайындаата аналармен өткізілетін өте қызықты жұмыс түрінің бірі. Мұнда олар тек қана педагог, психологтарды тыңдап қана қоймайды, өздері алуан түрлі әдебиеттермен танысып, оқып үйреніп оны талдауға қатысады. Оны ұйымдастырудың жолдары: біріншіден, оқу жылының басында, алғашқы ата аналар жиналысында оларды толғандыратын педагогикалық, психологиялық проблемеларды анықтап алады. Ол туралы тәрбиеші арнайы ақпараттар жинайды және оған талдау жасайды. Әдіскердің көмегімен әдебиеттер таңдап, оны ата аналарға оқу ұсынылады. Олар пайдаланған әдебиеттері бойынша алға қойған мәселелерінің шешу жолдарын айтып баяндайды, пікір бөліседі. Тәрбиешімен ой бөліседі. Таңдалатын тақырып қызықты әрі барлық ата аналарға ортақ, толғандыратын тартымды болғаны тиімді болмақ.

Ата налар кештері – мұндай кештер ата аналар ұжымын біріктіруге, береке бірлікке шақырады. Ол жылына бір, екі рет өткізілуі мүмкін, мұнда балалар қатыспайды. Ата аналар кештерінің маңызы- ең бастысы мұнда олар өз балаларының  достарының ата аналарымен пікірлеседі, балаларының өмірлік маңызды мәселелерін талқылайды. Ата аналар ең негізгі мәселе ретінде бір бірін тыңдауға, өзі тыңдай білуге ішкі жан дүниесімен бөлісе білуге үйренеді.

Ата аналар кештерінің мүмкін болатын тақырыптары:

  1. Баланың дүниеге келуң және алғашқы жылдағы дамуы.
  2. Баланың ең алғашқы кітабы.
  3. Менің баламның болашағы? Мен оны қалай көремін?
  4. Менің баламның достары.
  5. Менің отбасымның мерекесі.
  6. Біздің отбасымыздағы «балады», «болмайды» ұғымдары жайында.
  7. Туған күнді қалай тойлайсыз?
  8. Біздің балаларымыздың айтатын әндері.

Аталған кештен атаналар бір біріне үлгі боларлықтай пікір бөлісіп, өз тәжірибелерін ортаға салып, тың, жаңа, қызықты мәселелерді өздері үренетіндей болғаны абзал.

Ата аналармен жүргізілетін тренингтер – бұл ата аналардың өз балаларына деген мінез құлқын, қарым қатынасын өзгертуге ықпал ететін жұмыс түрі. Тренингқа ата аналарлың екеуі де қатысқаны тиімді. Тренинингқа 12-15 ата ана қатыса алады. Теренингқа ата аналар тұрақты түрде және белсенді қатынасқанда нәтижелі болады. Оның нәтижесіне жету үшін 5-8 рет өткізу тиімді. Ол негізінен балабаұша психолоымен бірлескен жұмыс жоспары жағдайында өткізіледі. Тренингтерді төмендегі тақырыптарда өткізу ұсынылады: «менің сүйікті ойыншығым», «менің сүйікті кейіпкерім», «балалар ойыны», «балалықты еске алу», «менің отбасым туралы бейне көрніс», «компьютердің пайдасы мен зияны» т.б

Сондай-ақ, оқыңыз

Сыныптан тыс оқу сабағы – әдебиет сабағының жалғасы.

Ақмола облысы, Аршалы ауданы, № 2 Аршалы орта мектебі, Қазақ тілі пәнінің мұғалімі, Нуртазина Білімжан …