Лаззат Қарағұлова
Жастар орталығының маманы Маңғыстау ауданы.
Үздіктер марапатталды
Бүгін Ақтау қаласында жастар форумы өтті. Мерекелік шараға қатысушылар аймақтың түкпір-түкпірінен жиналған. Шара барысында биылғы жартыжылдық бойынша есеп беріліп, болашаққа бағдар жасалды. Форумда барлық аудан жастарының көрсеткіштері таныстырылды. Айта кетейік, бірінші жартыжылдық бойынша мұнайлы шаһарда тындырымды істер атқарылған. Жыл басынан бері 1500 өтініш түсіп, бүгінде 680 жас маман жұмыспен қамтылыпты.
Маңғыстау ауданынан аталмыш форумға ауданның ең белсенді жастары ішінен 20 делегат қатысып қайтты.
Форумда Шетпелік дзюдодан ел чемпионы Сұңғат Жұбатқан, «Қазақстан аруы 2015» байқауының жеңімпазы Әлия Мергенбаева сөз алып жастарды құттықтады.Форумда патриоттық әндер орындалып, мыңбұралған бишілер өнерін ортаға салды. Жастар саясатын дамытуға үалес қосқандар арнайы алғыс хаттармен марапатталды. Маңғыстау ауданынан «Каспийцемент» ЖШС жанындағы Жастар ісі комитеті төрағасының орынбасары Тұрар Тілеханов марапатталды.
«Әрқашанда жастар – қоғамның локомотиві, қозғаушы күші. Сондықтан да қазіргі таңда осы тәуелсіз Қазақстанның қозғаушы күші, жастары ретінде әрқашанда белсендіміз. Осы белсенді жолымыздан әрі қарай жалғастырамыз, таймаймыз. Барлық Маңғыстау облысының жастарын бүгінгі халықаралық жастар күнімен шын жүректен құттықтай отырып, сол жастарды белсенді болуға шақырамын. Біздің болашағымыз жастардың қолында. Жастардың арқасында көптеген жетістіктерге жетіп жатырмыз. Әлі де талай биік шыңдардан көрінеміз, талай жетістіктерге жетеміз деген үміттемін. Бүгінгі халықаралық жастар күнімен шын жүректен құттықтаймын.» деді Т.Тілеуханов
Форум соңында Республикалық форумға баратын жастар тізімі белгілі болды. Ол форумға делегат ретінде Маңғыстау ауданы атынан Жастар ресурстық орталығының басшысы Аллаберген Қонарбаев та бар.