Ақмола облысы, Целиноград ауданы,
Жаңажол ауылы №7 негізгі мектебінің
8 сынып оқушысы Зайкенова Зарема
Туған жер… Әр жанның қасиетті өлкесі. Осы қастерлі сөздің аясы қандай кең десеңізші. Мағынасы терең қасиетті туған жердің болашағын армандар жандар қаншама. Әркім жарқын болашақтың күнін армандары сөзсіз. Сол арман құсының қанатымен қиялдап мен де болашаққа аттанып кеттім.
Күнделікті таңертең әдеттегі жолыммен мектепке бара жатқаным да бір топ баланың анау менің құсым, менің бүркітім, менің ұшағым деп дауласа ақша бұлтқа оранған күзгі аспанды нұсқап шулап жатқан сәтіне түскенім де менде сонау биікте айналаға көз тастап қанатын қалықтата айнала ұшып жүрген қыран құсқа еріксіз қарап ойға батып кеткенімді де байқамай қалыппын.
Иә, қыран құс еркіндікте туған жерді айнала кереметіне куә болып ұшып жүр. Менде өзімді сол қыран бейнесінде елестетіп ұлан ғайыр жерімізді қиялыммен шарлап кеттім. Еліміздің әр жері де қазына, бақ-дәулетке толып-ақ тұр. Өзге елдерге арман болған ну орманы, аққуы жүзген өзен-көлі, сарқырай аққан сарқырамасы, аяқ баспаған ну орманы, шыңы көк тіреген мұзарт таулары, сары алтынға боялған алтын алқабы, өрістегі мыңғырған төрт түлігі. Барлығы да байлығымыз.
Ал осы жетістігімізді болашақта қалай жетілдіреміз. Менің пікірімше еліміздің әр өңірі болашақта дамыған аймақтарға айналатынына сенемін. Жеріміздің асты да үсті де алтын қазыналы өлке. Болашақта осы байлығымыз сан ұрпаққа жетеді. Талай жаңа өндіріс орындары ашылады. Барлығы да жаңашыл технологиямен жабдықталған роботтардың қызмет атқаруымен жүзеге асады. Ал адам оларды басқарады. Бүгінгідей көлік кептелісі болмайды. Жолдар аспалы көпірлермен сан тарау жаққа созылып жатады. Менің арманым туған жерге өз жақсылығымды арнау. Сонымен бірге әр ауылдың келбетін біркелкі нұсқада келтіру. Мысалы: орталық көшелер аббаттанған, жарық шамдары орнатылған, әр үйдің ауласы бірдей етіліп қоршалған. Ауыл араларында арнайы тұрғындарды тасымалдайтын арнайы жабдықталған автобустар. Спорттық үйірмелер мен қызмет көрсету орталықтар, әр ауылда белгілі тұлғаларға арнайы орнатылған ескерткіштер. Туған жердің болашағына көз тастасам алдымен тұрғызылған жаңа мектеп, салынған үлкен көпір, саябақ. Қаз-қатар орнатылған көше шамдары.