Астана қаласы Лесная поляна тұрғын алқабы
«Алтын дән» балабақшасының педагог-психолгы,
Бақытжанова Күміс Еркінқызы
Баланың балабақшаға келуі,үйренуі, әсіресе уйден келген балаға ауыр тиюі мүмкін.Ересек адамның өзіне жаңа орынға,жұмысқа,ұжымға бейімделу стресстік жағдай. Жаңа жағдайға бала қалай үйренеді?Өкінішке орай балабақшаға бейімделу көбінесе қиын және ауыр өтеді . Бала тамақ ішпейді, ұйықтамайды,балалармен және үлкен адамдармен араласудан бас тартады да, қоршаған ортаға деген қызығушылығы төмендейді. Көптеген балабақшаларға ата – аналар бірінші аптасында толық емес күнде балаларын әкеледі, шамалы уақытқа (әдетте түске дейін) тек қыдыру мақсатында.Осындай қысқа кездесулерден кейін бала ата – анасыз қалуға, шамалы уақытқа,одан кейін уақыт созыла келе өз еркімен қалдыруға болады. Оныншы күннен бастап, бала қалыптасады. Өйткені бала көбін танып, басқа топ балаларын қарап үлгереді және ең бастысы – барлығының ата – анасы оларды алып кететініне көз жеткізеді. 2-3жастағы балалар үшін балабақшаға бейімделу күрделі құбылыс.
Балабақшаға келген алғашқы күндері бала 2 сағатқа қалу керек.Олай етпесе күрделі және созылмалы мәселелер пайда болады.
Бейімделудің үш түрі бар.
-жеңіл түрі- баланың мінез- құлығы 10-15 күнде қалпына келеді;
-орташа ауырлық бейімделу- 1 айдың ішінде;
-ауыр бейімделу- 2 айдан 6 айға дейін өтеді.
Қобалжулары қатты ата-аналардың балалары да балабақшаға қиын бейімделеді, өйткені ата-анасының қобалжуын көріп, баланың қорқынышы ұлғая бастайды.
Тәрбиешілер үшін де топқа жаңа балалардың келуі – үлкен сын.Осы кезде балалардың арасында дұрыс көзқарас болса, бала ортаға тез бейімделеді. Ата – анамен жұмыс баласын балабақшаға әкелместен бұрын басталуы қажет, баласын тіркеу барысында ата – ана балабақша тәртібімен, баласына сол ортаға үйренуіне қандай көмек көрсету керектігінен хабардар болуы қажет.
Тәрбиеші ең алдымен баланың ата – анасымен танысу керек,баласының мінезін,үйде немен айналасатынын,не істей алатынын, немен ойнайтынын,нені жақсы көретінін,нені жақсы көрмейтінін сұрап әңгімелесу керек. Өзге ортаға кірігу үшін,басқа балалармен атын сұрап танысуды үйрету керек. Баланың көзінше балабақшаны, балабақша қызметкерлерін, күн тәртібін мақтап, әңгімелеп, қызығушылығын тудыру қажет.Баланың жаңа ортаға қалай бейімделуі үйдегі күн тәртібіне байланысты баланы туғаннан белгілі бір уақытта ұйықтатып,әдемі ертегі оқып беріп,қалыптастыру керек.Балабақшаға келер алдында бала бойында қалыптасуы тиіс:
– өз бетінше тамақ жеу.
– түбекке отыру.
– киіне алу.
-барлық мәдени – гигиеналық қабілеттерге оң көзқарасты болуы.
Ата – аналармен тәрбиешілер бейімделу кезеңінің ұзақтығы мен әсерін әртүрлі жағдайлармен алдын ала танысулары керек.
Егер сіздің балаңыз көпшіл,өз жақындарыңыз бен бірге бөтен адамдарды жатырқамаса,ойнағанда өз бетімен ойнай білсе,мінезі ашық болса балабақшаға келген күннен бастап ақ,үйреніп кететініне сеніңіз.Баланың балабақшаға барлық бейімделу уақытында психологпен ,балабақшаның медбекесі және тәрбиешілері бақылауға алады.