Көкшетау қ. «Қоғамдық келісім» КММ Қоғамдық келісім сарайында 2016 жылдың 14-ші қазанында «ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына – 25 игі іс!» ұранымен Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесімен және Ақмола облысы Кәсіпкерлер палатасымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Іс-шараның қатысушылары Красный Яр с. №3 агросервистік колледжінің, Көкшетау қ. №1 сервистік – техникалық колледжінің және № 1 құрылыс – техникалық колледжінің білім алушылары, «Сырғалым» қыздар клубының, № 17 орта мектептің «Дарын», «Мәншүк» мектеп-интернаттарының, «Нұрай» балабақшасының «Шаңырақ» клубы мүшелері болды.
Іс-шараның мақсаттары – қыздардың мәдени-адамгершілік тәрбиесі, олардың белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыру, белсенді өмірлік бағдарды, мінездің жағымды сипаттарын қалыптастыру, білім алушыларға оқытудың бейінін таңдау үрдісінде кәсіби бағдарлық қолдау көрсету, сонымен қатар халықтық сәндік-қолданбалы шығармашылық бойынша шеберлік сабақтарын өткізу.
Ерікті достастық атмосферасында Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің төрағасы Зере Қиықова өзінің жеке мысалында тәрбиелеудің сырларымен оқу орындарының көпшілігі жетім болып табылатын қыздарымен бөліссе, онда Ақмола облысы Кәсіпкерлер Палатасы директорының орынбасары Айжан Тажмиева, қыздарға өмірлік сәттіліктің негізі ретіндегі мамандықты саналы таңдау туралы айтып берді.
Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Марал Жақыпованың сөз сөйлеу тақырыбы «Мәңгілік ел – Біріңғай Болашақ Ұлтының рухани негізі» болды.
Ал сәндік-қолданбалы шығармашылық шеберлері, Аналар кеңесінің мүшелері Елена Тарасова және Кенжебай Смағұл қонақтарға арнап шебер-сағаттарын ұйымдастырып, қолөнер сырларымен бөлісті.
«Сырғалым», № 17 орта мектептің «Дарын», «Мәншүк» мектеп-интернаттары қыздар клубтарының, «Нұрай» балабақшасының «Шаңырақ» клубы мүшелері қонақтарды өздерінің шығармашылық жұмыстарымен таныстырды.
Оқу орындарының білім алушылары болып табылатын, арасында тігін ісінің болашақ шеберлері бар осы қыздардың игерген сабағы оларға өздерінің туған үйі – Егеменді Қазақстанда ересек өмірге жолдама алуға көмек болатына кәміл сенімдімін!
Бақыт Мұхамедрахимова-Тасова,
Ақмола облысы әкімінің
аппараты жанындағы
«Қоғамдық келісім» КММ
баспасөз хатшысы