Астана қаласы №51 мектеп-гимназия
Пәні: Дене шынықтыру мұғалімі: Сатмурзаев Б.А.
Сыныбы: 8А
Сабақтың тақырыбы: Спорттық ойын: Волейбол. Допты жоғарыдан беру, төменнен қабылдау.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды жан-жақты қалыптасуға бағыт-бағдар беру, әсер ету.
1.Оқыту : Дене шынықтыру сабағынан сыныптарға арналған оқулықты қолдану.
2.Тәрбиелік: Оқушылардың өз алдына шұғылдануға қажеттілікпен қабілетті тәрбиелеу.
3.Сабақтың тәрбиелік мәні: Адамгершілік және ерік-жігер қасиеттерін тәрбиелеу.
- Сабақтың өтілетін орыны: Спорт залда.
5.Сабақта қолданылатын құрал-жабдықтар: секундомер, гимнастика орындығы және волейбол доптары.
6.Ұйымдастыру кезеңі: Мұғалім сабақ басталар алдында сабақ өтілетін орынды дайындап, тексеруге міндетті.
Сабақтың құрылысы
Сабақ барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Жаңа сабақты түсіндіру: Сапқа түру, рапорт қабылдау, сөлемдесу сабақтың мақсатымен таныстыру
Топтық жұмыс: Спортзалдың ішінде 20 рет айналып жугіру. Денені қыздыру жаттығулары. Сапты бұзбай жүгіру
Допты жоғарыда көтере ұстау, Допты жатып жоғарыда көтере ұстау. Жаттығуды орындау кезінде мұқият болу
Топтық жұмыс: 3-5 минут Допты төменнен қабылдап жоғарыға ұру.
Негізгі бөлім 25 минут: Оқушыларды 2 топқа бөл.
3 минут 1 топ /Жоғарыдан доп беру әдісі/ Оқушылардың доп беру анықтығын арттыру.
5 минут 2 топ /Төменнен допты қабылдау техникасы/ Оқушылардың бір-біріне допты жылдам беруін дамыту.
3 минут /Допты қабылдау/ Топтық жұмыс: Оқушылардың допты жылдам беруін қадағалау.
7-8 минут/ Шабуылға шығу/ Топтық жұмыс: Техника қауіпсіздік ережелерін сақтау
Оқушылар жұмысының нәтижесі
Тапсырма: Жоғарыдан доп беру
Қанағаттанарлық: Жоғарыдан берілген доптан 10-5
Жақсы: Жоғарыдан берілген доптан 10-6,7
Өте жақсы: Жоғарыдан берілген доптан 10-9,10
Қорытынды бөлімі: /5 мин/ Оқушылардың саппен жүргізіп, терең тыныс алу және дем алуын реттеу жаттығуларын жасату, оқушылардың дене қызуын бастапқы, қалыпты жағдайға келуге жағдай жасау. Оқушылардың көңіл-күйін аудару ойындары. Сапқа тұрғызып сабақты қорытындылап, бағалау. Ұйымдасқан түрде залдан шығу.