ҚР Президенттікке үміткер кандидат Сәдібек Түгелдің сайлауалды бағдарламасы

Құрметті сайлаушылар!

Мен, Сәдібек Түгел, «Ұлы Дала Қырандары» қоғамдық бірлестігі-халықтық қозғалысының атынан осы сайлау додасына түсіп отырмын. Менің ешбір партияға қатысым жоқ. Біздің мақсатымыз- халықтың мүддесін қорғау, ұлттық құндылықтарды ұлықтап, Ұлы дала мәдениетін жаңғырту. Біз халықты бірлікке және ынтымаққа шақырамыз. Біз, туған Отанымыз-Қазақстан Республикасының өсіп-өркендеуін қалаймыз. «Ұлы Дала Қырандары» республикалық қоғамдық бірлестігі бейбітшілік пен отбасының амандығына жұмыс істейміз!

Менің өмірдегі ұстанымдарым:

  1. «Әділдік-барлық адамдарға, бақыт-әркімге!».
  2. «Ұлттық құндылықтарды ұлықтап, Ұлы дала мәдениетін жаңғыртамыз!
  3. Халықтың әлеуметтік мәселелерін шешу!
  4. Жер-жанымыз, тіл- тұғырымыз!
  5. Жемқорлыққа тосқауыл қоямын!

Мен, сайлаушылардың сенімін иемденіп, Қазақстан Республикасының Президенті болып сайлансам, ең алдымен төмендегі өзекті әрі қордаланған мәселелердің оң шешімдерін табуға бар күш-жігерімді, тәжірибемді және білімімді жұмсаймын!

 Идеология:

  1. Мемлекеттік тілдің мәртебесін өз деңгейіне жеткізіп, толық қолданысқа енгізу.
  2. Еліміздегі әлеуметтік мәселелердің шешімін табудың жолдарын қарастыру.Біздің негізгі міндетіміз- халықтың өмір сапасын жоғарылату, егде жастағы адамдарды лайықты зейнетақымен қамтамасыз ету, жастарымызды рухани күшейту.
  3. Бай мемлекетте кедейлер болмау керек!
  4. Билік пен мемлекеттік меншікті халыққа беру керек!

 Әлеуметтік саясат:

  1. Қоғамда ана мен баланың мәртебесін биіктету. Көп балалы аналарға жәрдем ақыны екі есе ұлғайту. Отбасында зорлық-зомбылықтарды болдырмау. Жұмыс істейтін әйелдерге қолайлы жағдай жасау. Демография мәселесіне зор көңіл бөлу!
  2. Жастарға жағдай жасау. Оларға жеңіл несиелер беру арқылы, қолжетімді пәтерлермен қамтамасыз ету!
  3. Қазақстан Республикасында тегін білім беруді қамтамасыз ету. Жас ғалымдарды қолдау,ғылымды қаржыландыруды ішкі өнімнің 2 %-на жеткізу. Ұлттық Ғылым академиясының жұмысын жаңғырту!
  4. Денсаулық сақтауда әлемдік стандарттарға қол жеткізу!
  5. Мүгедек және мұқтаж жандарға, Семей полигонынан және Арал экологиялық аямағынан, Батыстағы әскері полигондардан зардап шеккендерге, сал ауруына шалдыққан балаларға барынша қажетті жағдай жасау!
  6. Біз ұрпағымызға атадан балаға жалғасып келе жатқан, таза су мен ауаны, таза экологияны және табиғатты аманат ретінде қалдыруымыз керек!

 Адал саясат:

  1. Біздің қоғамға оңды өзгерістер мен жаңа серпілістер қажет. Бірінші кезекте, тек референдум өткізу арқылы, Ата заңымызды (Конституцияны) қайта қарап, ондағы баптарды ең алдымен барлық салаларда әділдік орнатуға, демократиялық құндылықтарды дамытуға, туған Отанымыздың одан әрі өсіп-өркендеуіне, халықтың күнделікті тұрмыс-тіршілігінің жақсарып, бақытты өмір сүруіне бағыттап, лайықтауымыз қажет. Азаматтық қоғам орнату арқылы халық билігін қалыптастыру.
  2. Еліміздегі сайлау заңнамалары мен тетіктеріне түбегейлі өзгеріс енгізу қажет. Биліктің барлық деңгейлерінде әділ, әрі еркін сайлау өткізу. Ауыл, аудан, облыс әкімдерін халық сайлауы керек. Оларға сайлау мерзімі үш жыл!
  3. Мемлекеттік қызметтегі басшы тұлғаларға, депутаттарға , сенаторларға қатысты жеңілдіктер мен тиіспеушілік(неприкосновенность) дегенді алып тастау керек. Парламент бір палаталы болу керек, өзін өзі ұсынушыларды кіргізу керек, депутаттардың 50 % бір мандаттықтар болуы керек!
  4. «Билер сотын» енгізу керек. Бүкіл соттардың құрамы да тек сайлану арқылы бекіту тиісті. Сот практикасына қайтадан өлім жазасын енгізу қажет деп ойлаймын. Сонда жемқорларды, педофилдерді өлім жазасына кесу!
  5. Құқық қорғау органдарының жұмыстарын түбегейлі реформа жасау!
  6. Жемқорлықты жою  мәселесін өткір  көтеріп,   қазіргі қоғамда орын алып отырған,  жүгенсіз кеткен жемқорлыққа тосқауыл қоюымыз қажет. Тек осылай ғана коррупцияны ауыздықтықтай аламыз.
  7. Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысын өзгерту. Семей және Жезқазған аймақтарын қайта облыс етіп құру. Семей аймағына Ұлы ойшыл данамыз Абайдың, Жеқазған облысына Ұлытау есімін беру. Сонымен қатар, Солтүстік Қазақстан облысына- Абылайханның, Павлодар облысына –Кенесарының аттарын беру!
  8. Шетелде тұратын қандастарымыздың атамекен елдеріне емен-еркін келулеріне даңғыл жол ашуымыз керек!
  9. «Азаматтық бақылау» туралы заң қабылдау. Азаматтық қоғам билік құрылымдарың жұмысын қадағалау қажет!

Әлеуметтік жауапты экономика:

  1. Мемлекеттік тілдің мәртебесін өз деңгейіне жеткізіп, толық қолданысқа енгізу. Мемлекеттік тілді білмейтіндер, мемлекеттік қызметке алынбайды!
  2. Ауылды түбегейлі жақсарту үшін «Жаңа ауыл өндірісі» құрылымын енгізу! Жер сатылмайды, шетелдіктерге жалға берілмейді. Ауыл шаруашылығына пайызсыз несие беру!
  3. Менің негізгі мақсатым жұмыс жаңа орнын жұмыс орындарын құру және жұмыссыздықты мүлдем болдырмау!
  4. Жеріміздің асты мен үстіннен түскен барлық қазба байлықтар халқымыздың төл меншігі болып саналады. Сондықтанда шет ел асып кеткен қаржылар мен активтер отанымызға қайтарылуы керек. Табиғи қазба байлықтарынан түскен пайда әрбір азаматқа тиесілі болу керек!
  5. Жер сатылмайды және шетелдіктерге жалға берілмейді!
  6. Коммуналдық қызметтерге төлем төмендетілу керек!

Құрметті отандастар! Мені қолдасаңыздар, айтқан уәдемде тұрып, бір сайланым бойы Сіздерге адал қызмет етуге АНТ беремін!

Құрметпен,
Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат
Сәдібек Түгел

Сондай-ақ, оқыңыз

Сәдібек Түгел үгіт-насихат науқанын түнгі клубтан бастады

Жексенбіге қараған түні «Ұлы Дала қырандары» республикалық қоғамдық қозғалысынан ҚР Президенттігіне  үміткер  Сәдібек Түгел …