АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ТАРИХЫНАН сыр шертетін «Алғашқы Астаналықтар» – «Первопроходцы Астаны» кітабынан үзінді:
«Кешегі өткен күн бүгінгі тарихымыз болып саналады. XX-шы XXI-ші ғасырдың тоғысында туған еліміздің тарихында мың жылда бір-ақ рет болатын Ұлы оқиға орын алды. Ол Ел астанасының қарт Алатаудың баурайынан қазақтың кең жазира даласы Сарыарқаның нақ төсіне көшіп келуі еді. Келесі жылдың 10 желтоқсаны күні Жаңа Елордамыздың – Тәуелсіз Қазақстан Республикасының астанасы болып жарияланғанына 20 жыл толады. Жиырма жылда жиырма ғасырда атқарылмаған жұмыстар жүзеге асып отыр. Бұл күнде, Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Өзі таңдап, Өзі негізін салып, Өзі іргетасын қалаған сүйікті шаһарымыз туған еліміздің абыройын асқақтатып отыр. Осындайда Елбасының сенімді серіктері алғашқы астаналықтар, Астана қаласының әкімдігінің басшылығында күн-түн демей, ынта-жігерлерімен ерекше жұмыс атқарған бірінші әкім Әділбек Жақсыбеков, оның орынбасарлары болған Нұрлан Нығматулин, Галимов Фарит, Асқар Мамин, Төлеген Мұхаметжанов, Сансызбай Есілов, Ахметолла Шакиров, Қайрат Сатыбалды, Николай Тихонюктерге біз қала тұрғындары дән ризамыз. Оларға мықты денсаулық, мол бақыт, үлкен жетістіктер мен жеңістер тілейміз! Астана қаласының жиырма жылдығын зор табыстармен қарсы алайық!»
Құрметпен, Астана қаласының тұңғыш баспасөз хатшысы,
ҚР еңбек сіңірген қайраткері, жазушы Сәдібек Түгел.
PS. Қолымдағы мол мұрағаттардан Астананың 20 жылдық тарихына арналған материалдарды БАҚ және әлеуметтік желілерде жариялап отырамын.