Бүгін елордадағы «Жетісу» саябағында ҚР Президенттігіне үміткер Сәдібек Түгелдің сайлауалды штабы экологиялық акция өткізді. 1991 жылы 12 мамыр экологиялық білім күні ретінде белгіленіп Ресейде және ТМД елдерінде аталып өтіп келеді. Акцияның мақсаты- қоршаған ортаға қамқорлық,жас буынды туған жерінің табиғатына жанашырлықпен қарауға экологиялық білім беру арқылы тәрбиелеу.
Өзінің сайлауалды бағдарламасында Сәдібек Түгел» Жер ана-жанымыз,ана тілі-арымыз» деп санап басты ұстанымы ұрпақ бойына ұлттық құндылықтарды сіңіруді мақсат еткендіктен бұл шараға мектеп оқушылары мен республикалық каратэ федерациясынан жас буын келіп қатысты.Олар саябақтардағы тасталған қоқыстарды жинап акцияға және «Ұлы Дала қырандары» қозғалысынан ҚР Президенттігіне үміткер Сәдібек Түгел штабы ұйымдастырған шараға ат салысты. Осылайша жас ұрпақ «адамның санасы тазармай,қаласы тазармайтынын» сезініп экологиялық акциядан ерекше әсер алды.