Арқада Бурабайға жер жетпесе, Алашта Кенекеме ер жетпейді…

ҚР Президенттігіне үміткер Сәдібек Түгел Щучинск қаласында өткен шығармашылық кешінің алдында  Бурабай ауданында орналасқан «Кенесары үңгіріне» арнайы барды.

«Кенесары хан – қазақ тарихында соңғы хан ғана емес, ұлт азаттығы жолында қайтпас қайсарлығы мен  өршіл рухымен халық жүрегінен   ойып орын алған тұлға! Мына үңгірден  айнала алақандағыдай көрініп тұр.  Жергілікті көнекөз қариялардан бізге жеткен әңгімелерде  отарлау саясатына қарсы шыққан батыр сенімді серіктерімен осында жиналып арнайы алдағы әскери маңызды жоспарларын айтып ақылдасқан екен. Бүгін Көкше жеріндегі іс-шараны өткізбес бұрын Кенесарыдай атақты, ерлігі аңыз, өрлігі өнеге болған ханның үңгіріне сіздерді алып келіп, өзім алдағы маңызды кезеңнің алдында тұрып, батырдың рухы алдында бас иіп, құран бағыштасақ деп ойлап едім.» ,- деді ол өзімен бірге  жүрген сайлауалды штабындағы сенімді өкілдеріне.

Ұлттың тәуелсіздігі жолында басын бәйгеге тіккен, сан рет өзгелердің қазақ жеріне салған бекінісін талқандап жаудан беті қайтпаған Хан Кененің  өшпес өрлігі мен ел аңыз етіп айтар ерлігі алдында бас ию – ұлттық құндылықтарды түгендеп жүрген, Сәдібек Түгелдің де  өмірлік ұстанымы мен   азаматтық көзқарасын айқындап тұрғандай.

Сондай-ақ, оқыңыз

ҚР Президенттігіне үміткер Сәдібек Түгел: «Сайлау жайлы бір жақты пікір айтуға болмайды»

Бөлісу: