Атап айту керек бұл күнде «Ұлы Дала Қырандары» республикалық қоғамдық әлеуметтік-мәдени қозғалысының қимылы ширақ, атқарған жұмыстары ерекше. Бірақ мысал, қырандар кең байтақ еліміздің 9 облысында «Бірлігі мықты ел озды» – атты шара ұйымдастырып, сансыз көп қозғалыстарды шаң қаптырып, суырылып алға шықты. Баршамызға үлгі көрсетті. Халықтың қолдауына ие болды.Ел ауызында қырандардың осы бастамасы жүр.
2012 жылдың 9 мамыры күні қозғалыстың жанынан «ЖАС ҚЫРАН» жастар қанаты ұйымы құрылды. Бұл бірлестіктің басшысы жас саясаткер, политология магистрі, филология ғылымының кандидаты Әйгерім Сағынай. «Құлын өсіп, тай болар, Ат ізін тай басар»- дегендей қозғалыстың «Жас Қыран» жастар қанаты да елді бірлікке, ынтымаққа шақырып көзге түсуде. 2013 жылдың 10 сәуірі күні жаңа Елордамыз –Астана қаласының жастары және Л. Н. Гумилев атындағы Еуразиялық Университеттің студенттері бас қосып, бұл тақырыпта «Дөңгелек үстел» басындағы кездесуді нәтижелі өткізді. Ең алдымен, 2 курс студенті Әмір Досхожин Қазақстан жастарына арналған «Бірлігі мықты ел озады»- атты Үндеудің мәтінін оқып берді. Үндеуді талқылаған жастардың пікірсайысы жақсы өтті. Сөз алған Жанерке Төлен, Дәурен Алшурин, Әсем Отарбаева, Күнайым Сәкен, Әсем Мырзақанқызы, Роман Мохов, Едилбай Шәкіров және тағы басқалар өз ойларын, көрген-білгендерін еш бүкпесіз айтып, елді, жастарды тұтастыққа, бірлікке шақырды. Олар біздің еліміз үшін бір болудың аса қажеттілігіне мән берді. Жиналғандар олардың жалынды сөздерін ұйып тыңдап, қоштап, қуаттап отырды.
Жастардың жиналысына «Ұлы Дала Қырандары» қозғалысының лидерлері Марат Нәбиев пен Сәдібек Түгел қатысып, бірлікке, ынтымаққа арналған ойларымен, келелі ұсыныстарымен бөлісті. Жиналысқа қатысушылар бірауыздан Қазақстан жастарына арналған Үндеу қабылдады.
Ертуған Халықұлы, журналист.
2013 жылдың 10 сәуірі. Астана қаласы.