2009 жылдың 30-шы қыркүйек күні журналистерге арналған баспасөз мәслихаты болып өтті. Күн тәртібіне негізінен екі мәселе қойылды.
«Астана қаһармандары» – «Первопроходцы Астаны» атты жобаны жүзеге асыру. «Жобаның мақсаты – Жаңа Елордамыз Астанаға Ұлы көшпен алғашқы келген азаматтардың еңбегін елеп, мерейін өсіру болып табылады. Кітап толыққанды болу үшін – редакция ұжымы Астанаға тұңғыш келгендердің Анкетасын шығарды. Бұл анкетаны 1997 жылдың 1-ші маусымынан 1999 жылдың 1-ші қаңтары аралығында Елордаға келгендер толтырады. Олар Анкета сұрақтарына толық жауап беріп, фотосуреттерін қоса жібереді. Бүгінгі күні редакцияға 300-ден астам анкеталар жиналды. Мұндағы мақсат Бұқаралық Ақпарат Құралдары арқылы және жаңадан ашылған «Түгел» баспасөз клубының арнайы Сайты арқылы барша қауымды хабардар етіп, Елордаға көп еңбек сіңірген қаламгерлер мен журналистердің де тыс қалмай барлығы дерлік қатысуы үшін осы баспасөз мәслихатын ұйымдастырып отырмыз – деді жоба жетекшісі, Астана қаласының тұңғыш баспасөз-хатшысы – Сәдібек Түгел.
Баспасөз мәслихаты барысында қаралған екінші маңызды мәселе – атақты тұлпар Құлагерге ескерткіш орнату. Бүгінгі таңда Құлагерге ескерткіш орнату акциясы аяқталуға жақын. Салмағы алты тонна, мыстан құйылған ескерткіш Бишкек қаласында жасалынып, қазіргі кезде оның пастаменті «Астана –Көкшетау» жолының бойында тұрғызылуда. Аталмыш Акцияның инициаторы Сәдібек Түгел ескерткішті 2009 жылдың 25 қазанында ашуға жоспарлап отыр.
Баспасөз мәслихатына белгілі журналистер Нұрқожа Ораз, Бәдуан Имашұлы, Моисей Гольдберг, Кочнев Владимир, Максим Кузин, секілді сынды журналистер қатысып, өз ойларын ортаға салып, бұл бастаманы бірауыздан қолдады.
Сондай-ақ, оқыңыз
Алғы сөз
Тарихқа үңіліп қарасақ, әр қаланың өзіндік тарихы, өз авторы бар. Ғасырлар тоғысында байтақ елдің астанасы …