Еңбек күніне орай
Әлия Нұрбергенқызы
Жастар орталығының бас маманы.
Маңғыстау ауданы.
Осындай тақырыпта бүгін аудандық жастар ресурстық орталығы және Маңғыстау техникалық колледжі әкімшілігінің ұйымдастыруымен Маңғыстау техникалық колледжінде патриоттық басқосу жиыны болып өтті. Жиынға аудандағы еңбек ардагерлері және белсенді жастар, «Атамекен» ұлттық палатасы МАФ мен аудандық жұмыспен қамту орталығының жас мамандары, колледж студенттері қатынасты. Жиынды орталық басшысы Аллаберген Қонарбаев ашып, жиынның мақсат міндетін түсіндіріп, Еңбек күнінің жастар үшін маңыздылған кеңінен тоқталды.
Жастармен кездесуге еңбек ардагерлері ҚР Мәдениет қайраткері Әбіл Жұмағалиев, құрылыс саласының ардагері Шамұрза Байпақовтар қатысты. Жиында ардагерлер жастарға еңбексүйгіштік туралы өздерінің ой пікірлерін, алғашқы тәлімгерлері туралы ортаға салды. Жиында жастар тарапынан «Атамекен» ұлттық палатасы МАФ маманы Айгерім Бақтыгелдиева мен аудандық жұмыспен қамту орталығының жас маманы Руслан Махмутовтар сөз алып, казіргі қоғам туралы оның ішінде жұмысшы жастар мен кәсіпкер жастар жайында пікірлерін айтты.
Жиында сондай ақ «Бизнестің Жол картасы 2020» атты деректі фильм көрсетіліп, ардагерлерге шараны ұйымдастырушылар тарапынан А.Қонарбаев естелік сыйлықтармен Алғыс хаттар табыс етті.
«Бүгінгі жиын керемет өтті. Мен баяғы жастық шағымды есіме түсіріп көзіме жас алдым. Патриоттық бағыттағы ұйымдастырлған Елбасының тапсырмасына орай 100 нақты қадамындағы тапсырмалардың жастар өмірі үшін маңызы зор. Бір сөзбен айтқанда «Еңбек бәрін де жеңбек» дейді дана халқымыз. Еңбек етем деген адамға казір барық жағдай жасалды ғой. Сондықтан жастарды тек қана еңбек етуге шақырамын.» дейді еңбек ардагері Шаймұрза Байпақов.