Үшінші фестиваль мәреге жетті

Өткен жылдың күзінен бастап жоспарланып, ҚР Туризм және спорт министрлігінің ҚР Ұлттық спорт түрлері Қауымдастығымен бірге жасаған 2011 жылдың Күнтізбелік жоспарына енгізілген, Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт түрлері ІІІ –ші Фестивалі қыркүйек айының 20-25 жұлдызы күндері өзінің мәресіне жетті.

Айта кететін жай ІІІ Фестивальдің Бағдарламасы ҚР Президентінің 2011 жылғы 27.01. №1144 Жарлығына сәйкес (89 тармақ) жасалып, жарыс қортындысы ҚР Премьер-Министрдің ұсынысымен жыл аяғында облыс әкімдерінің рейтингін шығарғанда есепке алынатын болған. Мұның алдында 1999 жылы Астана қаласында 1-ші фестиваль, 2004 жылы Қарағанды қаласында 2-ші фестиваль өткен болатын. Қазақстан Республикасының 20 жылдығына орай, араға 7 жыл салып өткізіліп отырған ІІІ –ші Фестивальға дайындық жыл бойы жүргізіліп келді. Фестивальді өткізуге 19 адамнан ақпан айында төтенше штаб құрылып оның басшысы болып ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің төрағасы Елсияр Баймұқамбетұлы Қанағатов, оның орынбасарлары болып ШҚО әкімінің орынбасары Түсіпбеков Түсіпхан Түсіпбекұлы , ҚР Ұлттық спорт түрлері Қауымдастығының төрағасы Қайрат Сатыбалдыұлы, ҚР Спорт комитеті төрағасының орынбасары Сапашев Мәлік Абуханұлы, ҚР Ұлттық спорт түрлері Қауымдастығы төрағасының орынбасары Сәдібек Түгел және 14 мүшелері тағайындалып дайындық жұмысымен айналысты. Бұл Фестивальді өткізуге жасалған регламентті «Нұр Отан» ХДП, ҚР ҰСТҚ төрағасы Қ.Сатыбалдыұлы мен ҚР Туризм және спорт министрі Т.Досмұхамбетов, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі А.Күрішбаев, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Е.Тоғжановтың келісімімен бекітіп берген еді. Фестивальдің алдына қойған мақсаты: Президентіміз Н.Назарбаевтің «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу –Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру; ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығын бүкіл халық болып атап өту шараларына үндесіп спорттық мерекеге айналдыру; Ұлттық спортты дамыту және оны ауыл, аудан , қалаларда кеңінен насихаттау; Халықтар арасында достық пен татулықты нығайту; Еліміздің Ұлттық спорттағы ең мықты спортшылары мен мықты ауыл, аудан, облыстарын анықтау болатын.
Фестивальда өткен барлық спорттық шараларға басшылықты ҚР Спорт комитеті, ҚР Ұлттық спорт түрлері Қауымдастығы, облыс, қала, аудан әкімдері жүргізді.
Фестиваль 4 кезеңмен 2011 жылдың мамыр айында ауылдық округтарда, маусым айында аудандарда, шілде-тамыз айларында облыстарда, 20-26 қыркүйекте Өскемен қаласында өтті. Ақтық жарыста спорттың 14 түрінен: бәйге ат жарыстары: тай жарысы, құнан жарысы, тоқ бәйге, аламан бәйге, жорға жарысы, спорттық ойындар: көкпар, қыз қуу, теңге ілу, аударыспақ, күрес түрлері: жекпе-жек пен қазақ күресі, және тоғыз құмалақ, асық ату мен саятшылықтан жарыстар өтіп, Алыпсоқ, Алаш алыспағы, Жұдырықтасудан көрсетілімдер өткізіліп, Сәнді киіз үйлер (жәдігерімен, ұлттық киім, ұлттық тағамдарымен, ) байқауы, «Керемет сәйгүлік» байқаулары өткізілді. Бұл жарысқа 14 облыс пен Алматы, Астана қаларынан құрамында 600 ден астам адамы бар 16 команда келіп қатысты. Құрамы ең аз команда Қызылорда (Тоғыз құмалақтан ғана команда келді), Батыс Қазақстан (құнан бәйгеге бір ат келді) облысы болды, ал Алматы қаласы бұл жарыстан мүлде тыс қалды. Құрамы ең көп команда Шығыс Қазақстан, Алматы, Маңғыстау облыстарынан болды. Айта кететін жай Маңғыстау облысы бұрынғы жылдары республикалық жарыстарға қатыса қоймайтын еді, ал бұл жолы Жаңаөзен қаласының Ұлттық ат спорты түрлері федерациясының президенті, мұнайшы Орынбасар Құлбеков пен ҚР ҰСТҚауымдастығының Маңғыстау облыстық филиалының президенті Ақтаубай Абдолұлы Нысановтың ұйымдастыруымен үлкен топ құрылып, құрамында: аты жаханға мәлім болған Адай жылқысының 80-90 шақырым қашықтыққа шабудан Қазақстан мен ТЕД –да алдына жан салмаған тұлпар «Ақ қанатын» алып бапкер Бағдабаев Аманғали, ұлттық спорттың ұйымдастырушылары Дәлу Шәріпов, Нәби Әкірбаев, атбегі- Виктор Кобзев, жаттықтырушы Әліби Айтқалиев және мұнайшы-ақын Реймбайұлы Қаржаубай , әнші-композитор Әнес Қарабсов өздерінің арнап шығарып әкелген әндерін оқып, өлеңдерін орындап тойдың шырайын шығарды. Қазақтың ең қастерлейтін жарыс түрі аламан бәйгесі болса бұл жарыста Маңғыстаудың Дельфин атты тұлпары әп дегеннен –ақ алдына жан салмай желдей есіп мәреден бірінші болып өтсе, 16 шақырым қашықтықта шабандоз Шагитаев Ильд Тунгус атты тұлпарымен 15 аттың ішінде бірінші келіп киелі Маңғыстаудың беделін үстем етті. Командалық есепте олар 6-шы орынға шықты.
Жарыс қортындысында 219 ұпай жинаған Алматы облысының спортшылары жекпе-жектен, тай жарысынан, құнан жарысынан , саятшылықтан 1-ші, «Керемет сәйгүлік» байқауы мен «Сәнді киіз үй» байқауынан 1-ші, аламан бәйге, тоқ бәйге мен жорға жарысы мен теңге ілуден 2-ші, ал асық атудан 3-ші орын алып командалық есепте бірінші орынға шықты. Қазақ күресі, аударыспақ, жорға жарысы мен қыз қуудан бірінші, жекпе-жек пен көкпардан екінші, саятшылық пен керемет сәйгүлік байқауынан 3-ші орын иеленген Шығыс Қазақстандықтар 217,5 ұпай жинап екінші орынды иеленді. Үшінші орынды 157 ұпай жинаған Астаналықтар, 4-ші орынды 149 ұпай жинаған Жамбыл облысы, 5-ші орынды Ақмола облысы, 6-шы орынды Маңғыстау, 7-ші орынды Солтүстік Қазақстан, 8-ші орынды Оңтүстік Қазақстан, 9-шы орынды Қарағанды, 10-ы орынды Павлодар, 11-ші орынды Қостанай, 12-ші орынды Ақтөбе , 13 –ші орынды Атырау , 14 –ші орынды Қызылорда, 15-ші орынды Батыс Қазақстан облыстары алды, ал соңғы орында нөл ұпаймен Алматы қаласы тұрды. Алматы қаласынан спорттың бірде бір түрінен қатысушы болмаса, Батыс Қазақстаннан спорттың бірақ түрінен, құнан бәйгеден бір жүйрік қатысып 3-ші орын алса, Қызылордадан тек тоғызқұмалақшылар командасы қатысып тоғызқұмалақ жарысында 2-ші орынды иеленді.
Енді Фестивальдің өту барысына тоқталатын болсақ: жан жағын қоршаған таулардың ортасындағы ойпаңда Ертіс пен Үлбі өзендерінің қиылысында, сарғайған зәулім алтын түстес теректер мен сан түсті гүлдерге шомылған, көптеген сан алуан ескерткіштерге шырмалған Өскемен қаласы келген қонақтарды сән-салтанатымен, жылы шыраймен қарсы алды. Ауа райы да алғашқы күндері рақымын төгіп шуағымен жылуын шашып тұрса, жарыс аяқталатын күндері қара бұлт түнеріп азаннан кешке дейін жаңбыр сіркіреп, жарысқа қатысушылар мен көрермендерді көкжелке етті. Әсіресе Фествальда бірінші болып жарысын бастап кеткен көкпаршыларға ауыр-ақ болды, серке батпақпен суға шыланып салмағы ауырласа, шеңбер ішіндегі аттардың да тайғанап жығылуы жиілеп кетті. Бірақ оған қарап жатқан көкпаршылар болған жоқ, алаңда жан алысып жан беріскен айқастар болды. Көпар жарысы алғашқы күннен бастап соңғы күнге дейін созылып барлық командалар бір бірімен кездесіп шықты. Ең қызықты да тартысты болған көкпар Астана қаласы , Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан мен Шығыс Қазақстандықтардың арасында өтті.
Қыркүйектің 21-ші жұлдызы күні кешкі сағат 18-де Өскемен қаласының «Восток» стадионында ІІІ-ші Фестивальдің салтанатты ашылуы, аспаннан Төтенше оқиға министрлігінің ШҚО-дағы планеристерінің стадион алаңына келіп түсуімен, облыстар мен Астана қаласынан келген командалардың шеруімен басталды. Шеруді үстеріне ұлттық киім киген атты спортшылар мен жарысқа келген қолдарына құстарын ұстаған бүркітшілер бастады. Фестивальдің ашылу салтанатына «Нұр Отан» ХДП хатшысы, ҚР ҰСТҚ президенті Қ.Сатыбалдыұлы, ШҚО әкімінің орынбасары Т.Түсіпбеков, ҚР Спорт комитетінің төрағасы Е.Қанағатов қатысып жарысқа келген спортшыларды, жаттықтырушылар мен көремендерді мерекемен құттықтады. Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Түсіпхан Түсіпбеков: Шығыс Қазақстан облысы бекерден Фестивальдің ақтық жарысын өткізу орыны болып таңдап алынған жоқ, өйткені біздің облысымызда Ұлттық спорт түрлері жылдан жылға жедел қарқынмен дамып келеді, әсіресе көкпар, аударыспақ, тоғыз құмалақ, қазақ күресі өркен жайуда. Облыста еліміздің егемендік алған 20 жылы ішінде 230 халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері өсіп шықты, олар облыстың ғана емес еліміздің де намысын қорғап келеді, -дей келе спортшыларға табыс пен жеңістер тіледі. Одан соң ШҚО ұлттық спортты өркендетуге көп еңбек сіңірген ардагер, ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушы Тоқан Базарханов ақбоз атпен фестиваль отын алып келіп «Нұр Отан» ХДП хатшысы, ҚР ҰСТҚ президенті Қ.Сатыбалдыұлына тапсырды, ол көгілдір алауды әлемнің бірнеше дүркін чемпионы, самбодан спорт шебері Өскемендік Тимур Оразовқа табыс етті. Тимур бұл факелмен Фестивальдің үлкен алауын жағып, алаудың оты стадион айналасын қыркүйектің түнін түріп жарқыратып жіберді. Стадион орталығындағы үлкен алаңда концерт жалғасты. Бірақ өкінішке орай стадионда көрермен халық аз болып, орындықтардың жартысына жуығы бос тұрды.
Келесі күні Глубокий ауданынының Винное ауылында орналасқан атшабарда Көкпардан Фестивальға келген 11 команда , Аударыспақтан келген 12 командалар арасында іріктеу жарыстары жалғасып жатты. Көкпардан өткен жарыс фестивальдің алғашқы күнінен соңғы күніне дейін созылды. Көкпар жарысын Бас төреші Құрамаев Қуанышбек басқарды. Жарысқа келген 11 команданы жреби арқылы 4 топқа бөлді. Бірінші топта ОҚО, Павлодар, СҚО, екінші топқа Жамбыл , Алматы, Қарағанды облыстары, үшінші топқа Астана қаласы, Маңғыстау, Ақтөбе, ал төртінші топқа ШҚО мен Ақмола облысы кірді. Командалар арасында өткен 3 айналымнан кейін әр топтың 1-ші және 2-ші орын алған жеңімпаздары айқындалып ширек кездесуде Алматы облысы мен СҚО кездесіп, Алматылықтар 9:1 есебімен қарсыласын ойсырата жеңіп жартылай финалға шықса, Ақмола мен Маңғыстау облыстарының кездесуі 5:2 есебімен Ақмола облысының жеңісімен аяқталды. Павлодар облысы мен Қарағанды облысының жарысы 7:1 есебімен Павлодарлықтардың жеңісімен аяқталды. Ал еліміздегі ең мықты саналатын командалар ОҚО мен Жамбыл облысының командалары арасында жарыс өте тартысты өтті, дегенмен Жамбылдықтар 2:1 есебімен қарсыластарын тізе бүктірді, бұдан кейін келесі мықты командалар Астана қаласы мен ШҚО командаларының да айқасы оңай болған жоқ, бірақ ШҚО 1:0 есебімен Астаналықтарды жеңді. Жанкүйерлердің күткен ойыны бірінші және екінші орын үшін өтетін Жамбыл мен ШҚО командаларының ақтық айқасы еді. Ойын басталғанда салқын желмен нөсерлеп құйған жауын ойыншыларға көп қиындық тудырды. Аттар тайғанақтап жиі жығылып, көкпаршылардың тартып жүрген серкесі де әбден батпаққа бұлғанып, ұстағанда қолдан тайып сытылып көптеген қиындықтар тудырды. Дегенмен ойыншылардың оған қарап жататын уақыты жоқ, әрбір сәтті өз пайдасына шешуге тырысып, екі жақтың да қазандығына қауіпті жағдайлай жиі туындап жатты. Осы ойынның тағдырын Жамбылдық Момынов Нұрдәулет 2 ұпай, Тайырбеков Жұлдызхан 2 ұпай салып, Өскемендіктерді 4:2 есебімен ұтып ІІІ фестивальдің чемпионы атанды. Өскемендік Қарақозиев Серік пен Шырымбаев Бағылан бір бір ұпай әпергенімен Жамбылдықтарды қуып жете алмады.
Осы чемпионатта 3 және 4 –ші орын үшін ОҚО мен Астана қаласының командалары айқасты. Бұл екі команда да мықты ойыншылары бар республикамыздың бетке ұстар ұжымы. Ауа райы бұл ойында да рақымын имеді, суық жаңбыр нөсерледі де тұрды. Астаналық көкпаршылар қарсыластарының қазандығына Пупенко Александр, Ертаев Мұстафа бір бір ұпайдан, Омбаев Дәулет 2 ұпай салып басымдылық танытты. ОҚО – нан Тойчиев Ералы 1 ұпай салып сонымен жарыс 4:1 есебімен аяталды. Астананың командасы 3-ші ОҚО командасы 4 ші орынды місе тұтты.
Көкпардан 5-ші орынды Ақмола, 6-шы орынды Алматы, 7-ші орынды Маңғыстау, 8-ші орынды СҚО, 9-шы орынды Павлодар, 10 –шы орынды Ақтөбе, соңғы 11 –ші орынды Қарағанды облысы иеленді. Қостанай, БҚО, Қызылорда Атырау облыстарынан командалар келмеді.
Осы фестивальда жұрттың құлағын елең еттіріп сарыла күткені Сәйгүлік аттардың байқауы болатын. Ат десе ішкен асын жерге қоятын халық емеспіз бе! Байқауға 10 облыстан керемет не бір көздің жауын алар қазанаттар келді. Сәйгүліктің иесі жылқысын жетектеп көрерменнің алдынан жүгіртіп өткенде отырғандардың жүрегі шымырлап кеткен болар, бірінен бірі өткен айтып сөз жеткізе алмайтын ғажайып жылқылар ойқастап бірінен соң бірі өтіп жатты. Арнайы құрылған комиссия мүшелеріне де тұлпардың тұлпарын таңдап алу оңай болмады. Дегенмен Қазақстанның бірінші сұлу мүсінді сәйгүлігі деп Алматы облысынан келген Назарбаев Нұрболдың Буцефал атты 2 жастағы түсі қара Шатлан жылқысы танылды. Екінші сәгүлік деп Қостанай облысының «Қазақ тұлпары» жылқы заутынан келген 6 жасар Тойқасқа атты Қостанай тұқымды жылқы танылды. Үшінші сәйгүлік деп ШҚО –ның ақ түсті желісті Орлов тұқымды 6 жасар Цезарь атты Кузьмин Николай Алексеевичтің тұлпары танылды. 4-ші орынға лайық деп Қарағанды облысынан келген Түсіпбеков Балташтың Қарабайыр ақалтеке тұқымды 7 жасар Қарабайыр атты тұлпары танылды. 5 орынға соңғы жылдары қазақты әлемге танытып жүрген атақты Адай жылқысының тұқымы Маңғыстау облысынан келген Бағдабаев Аманғалидың 12 жасар ақ түсті Адай тұқымды Ақ қанат атты тұлпары танылды. Адай жылқысы дегенде көремендер жалт бұрылып ынтыға қарап көзбен аққудай аппақ болып қалқып бара жатқан шағын жылқының әр мүшесін сүзіп шықты. 6-шы орынды Павлодардан келген Жүнісов Бақытжанның 4 жасар Гуливер атты тұлпары алды. 7-ші орынды Астана қаласынан келген С.Мухамбетжановтың 6 жасар торы ағылшын жабы тұқымды Бәйтерек атты тұлпары иеленді. 8 –ші орынға Ақмола облысынан келген Құлтасовтың 6 жасар Қайсар атты күрең жылқысы шықты. 9 –шы орынға СҚО келген БЖСМ СҚО Араб тұқымды 4 жасар Альбина атты жирені шықты. Соңғы 10-шы орынды ОҚО –нан келген Ахметбаев Ғанидің қарабайыр тұқымды 8 жасар Темуджин атты қаракүреңі иеленді. Сонымен сәгүлік байқауы да көпшілікті тамсандырып «көргенде арманда, көрмеген де арманда» дегізіп өте шықты.
Бұдан кейінгі Фестивальдің бағдарламасындағы маңызды бір шара «Сәнді киіз үйлер» байқауы болатын. Комиссия төрағасы жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сәдібек Түгел бастаған топ киіз үйдің бағасын шығарып ұпай берерде оның ұлттық жәдігеріне, ұлттық тағымына, ұлттық киіміне, сыртқы көрінісіне жеке жеке ұпай есептеп барып жалпы ұпай санын шығарғанда, бірінші орынға Алматы облысының киіз үйі шыға келді. Бұл киіз үйдің ішіне кіргенде ұлтымыздың сән-салтанаты, нақышы мен өрнгі, ұлтымыздың қадір қасиетінің, қазақтың исінің ерекше аңқып тұрғанын көресіз. Еріксіз ата-бабаларымыз неткен өнерлі болған деген ойға батасыз. Бұл үйге ең жоғағы ұпай 30 ұпай берілді. 2-ші орын 27 ұпай алған Павлодар, 3-ші орын 23 ұпай алған ШҚО мен Ақтөбе облыстарына, 5 –ші орын Қарағанды, 6-шы орын ОҚО, 7-ші орын Ақмола, 8-ші орын Жамбыл облысына берілді. Қалған облыстар «Сәнді киіз үй» байқауына қатысқан жоқ.
Өскемеде өткен ІІІ фестивальдің бағдарламасында тұңғыш рет Асық атудан жарыс өтті. Асық ату федерациясын көп жылдан бері зерттеп жарыққа шығарған Жомарт Сабыржанұлы болатын. Осы жарысты ұйымдастырып төрешілік жасаған да өзі болды. Жарысқа 11 облыстан команда келді. Жарыс үш айналыммен өтті. Бұл жарыста спортшының жас ерекшелігі ескерілмейді, ойын шарты бойынша тек шеберлігі ған ескеріледі. Жарыс қортындысында орындар төмендегіше бөлінді: Қостанай -1-ші, Маңғыстау -2, Алматы облысы -3, Қарағанды-4, Ақмола-5, Ақтөбе-6, Жамбыл-7, СҚО -8, Атырау-9,Астана қаласы-10, ШҚО-11 орынды иеленді.
Елімізде кеңінен дамып келе жатқан жас спорттың бірі «Жекпе –жек». Бұл спорттың атасы- елімізде оның ережесін жасап, федерациясын құрып алғашқы қолға алған азамат 9 дүркін Әлем чемпионы Сабыржан Ғалымжанұлы Махметов. Биылғы жылы ол «Жекпе-жектің» халықаралық қауымдастығын құрып, республикамызда бірнеше халықаралық жарыстар өткізіп бұл спортымызды жер шарына таратып келеді. Жекпе-жек ежелден ұлтымыздың қанымен бірге келе жатқан жауынгерлік өнер, батырларымыздың жаугершілік заманында жаудың батырын жекпе-жеккке шығып тізе бүктіргені туралы көптеген деректерді халқымыз жақсы біледі. Жастарымызды ерлікке, батырлық пен батылдыққа тәрбилейтін ұлттық өнеріміздің бұл түрінен өткен жарысқа 9 облыстан командалар келіп 4 күн бойы күресті. Өскемен қаласының Жастар спорт кешенінде өткен бұл жарысты тамашалауға келген көрермендер мен жанкүйрлер көп болды. Жарыс барысында алдарына жан салмаған Алматы облысының командасы 78 ұпаймен 8 салмақ категориясының 4-інен 1-ші, 2-еуінен 2-ші, 1-еуінен 3 –ші орын алып жеңімпаз қоманда деп танылды. Екінші орынға 46 ұпаймен ШҚО, 3-ші орынға 44 ұпаймен СҚО мен Маңғыстау облысы, 5-ші орынға 30 ұпаймен Астана қаласы, 6-шы орынға 28 ұпаймен Жамбыл облысы, 7 орынға Қостанай мен Ақмола облыстары шықты.
Қазақ халқының тәуелсіздігінің символы болған бүркіттің байрағымызда қалықтап ұшып бара жатқан бейнесі тұр. Осы жолғы бүркітшілер жарысына 11 команда келді, бұрынғы жылдары бүркіт пен саятшылардың жоқтығын сылтау етіп жарысқа қатыса қоймайтын облыстардан да командалар келді. Жарыс осы жылдың тамыз айында ҚР Туриз және спорт министрлігі мен «Бүркіт» «Қыран» федерацияларының бірігіп өткізген кеңейтілген кеңесінде егжей-тегжей талқыланып, әр бір бабын мұқият қарап бекіткен жаңа ережеге сай өткізілді. Саятшылардың жарысы Винное ауылының іргесіндегі төбенің басында өткізілді. Оған 18 бүркітші мен 3 қыран ұстаған жас спортшылар қатысты. Бүркітшілердің жарысы 3 күнге созылды. Жарыс өткен күндері ауа райы да рақымын иіп тамылжыған күздің жаймашуақ күні жадырады да тұрды. Жарыс бес этаппен: қолға шақыру, еркін ұшу, шырға салу, қоянға салу, түлкіге салумен және бүркітшінің киім үлгісі, құстың бабы барлығы да жан жақты ескерілумен өтті. Жарыстың бас хатшысы Бүркіт федерациясының атқарушы директоры Абдуллаева З, бас төреші қазақтың ұлттық спортын дамытуға ерекше үлес қосып жүрген ғалым Е.Мухитдинов, төрешілер:Х.Жұмабаев, В.Земблевский болды. Алаңдағы төрешілікті: Ж.Мәметов, Ж.Сатылғанов, Б.Мүптекеқызы, аңды жіберуші төрешілікті: М.Исабеков, Б.Ешметов, М.Қойшин, Ө.Жанбала, құс салушы төрешілікті: М.Мүптекеев, А.Ахметов, Ж.Кеуенов атқарды. Осы жарысқа қаршығаларын алып мектеп оқушылары Көкшетаудан Ізбасаров Абылай Найзатұяқ атты қаршығасын, Алматы облысынан Күнболатов Қуандық Көкдауыл атты қыранын, Жамбыл облысынан Бауыржан Шернияз қыранын алып келіп қатысты. Қырандар арасында жарыста 1-ші орынды Абылай, 2-ші орынды Шернияз, 3-ші орынды Қуандық иеленді. Жарысқа бірнеше жылдан бері қатысып жүрген тәжірибелі бұл жас саятшылардың спорт шебері деген атақтары бар. Бүркітшілер арасындағы жарыста орын былай бөлінді: 1-ші орынды 97,1 ұпай жинап Алматы облысы иеленді, Бұл облыстан келген бүркітшілер Исабеков Қаныш жеке бәсекеде Ай тұяғымен 1-ші, Мұсақанов Емиль Ақбалағымен 5-ші, Күнболат Қуандық Көкдауылымен 3-ші орын алды. 2-ші орынға Қарағанды облысы 79 ұпаймен көтерілді, жеке бәсекеде тәжірибелі бүркітші Әбдірзақова Мақпал бәсекеге Ақжелке қыранымен шығып 2-ші, Төребеков Әліп Айсары қыранымен 4-ші орын алды. 3-ші орынға 67 ұпаймен ШҚО шықты, ШҚО намысын Мәметов Ернат пен Тоқтасынов Ануар қорғап, Ернат жеке бәсекеде Алғара қыранымен 5-ші орынды иеленді. 4-ші орынға 60 ұпай алған Ақмола облысының командасы көтерілді, облыс намысын Шүленбаев Қанат Сақтан қыранымен, Әбсалам Жайсаңбай Кездіқара қыранымен, Ізбасов Абылай Найзатұяқ қаршығасымен қорғады, 5-ші орынға56 ұпаймен Павлодар облысы шықты , облыс намысын Имазайып Ермек Қайсар қыранымен, Тасыбаев Иманзайып Найзақара қыранымен қорғады, 6-шы орынға 40 ұпаймен Қостанай облысы шықты, бұл облыстан келген саяткер Үмітхан Тастанбек жеке бәсекеде 3-ші орынды иеленді , 7-ші орынға Астана қаласынан келген Күнтуған Арман Ақбалақ қыранымен, Күнтуған Серікбек Тұйғын атты қыранымен шықты, 8-ші орынға Жамбыл облысының намысын Ешметов Ержан Үкілі қара қыранымен, және Бауыржан Шернияз қаршығасымен шықты, 9-шы орынға Маңғысту облысының намысын қорғаған Қалдаманов Парақат Тұйғын атты қыранымен шықты, 10-шы орынға Атырау облысынан Қошқаров Әбдікерім Нарын атты қыранымен шықты, 11 –ші орынға ОҚО-нан келген Қонақбаев Қанат Ақжелке қыранымен шықты.
Қазақ халқының бірге жасасып келе жатқан көне спортының бірі қазақ күресі. Өскемен қаласында жарысқа келген 13 команда арасында үш күн бойы өткен тартыстың қортындысында ШҚО 110,5 ұпай жинап бірінші орынды иеленді, 2-ші орынды 103,5 ұпаймен Қарағанды облысы, 3-ші орынды 99,5 ұпаймен ОҚО, 4-ші орынды Жамбыл облысы, 5-ші орынды Ақтөбе облысы, 6-шы орынды Астана қаласы, 7-ші орынды Алматы облысы, 8-ші орынды Атырау облысы, 9-шы орынды Ақмола облысы, 10-шы орынды Маңғыстау облыс, 11- орынды СҚО, 12-ші орынды Павлодар облысы, 13-ші орынды Атырау облысы иеленді.
Қыз қуу жарысына 10 облыстан команда келді. Жарыс қортындысын шығарып ұпай санын есептегенде: шауып өткен уақыт, ұлттық киім мен ұлттық нақыштың сақталуы ескерілді. Бірінші орынға ШҚО спортшылары Айтышева Еркеназ бен Оразаев Данияр, 2-ші орынға ОҚО командасы Бердіқұлов Төребек пен Орловская Екатерина, 3-ші орынға Астана қаласынан Тапихин Максим мен Гурова Екатерина, 4- ші орынға Жамбыл облысынан келген Тұрсынбаев Нұрсұлтан мен Байқұлақова Салтанат, 5-ші орынға Маңғыстаулық Етрегов Әбіш пен Макарина Татьяна, 6-шы орынға Алматы облысынан Мақажанов Дидар мен Қойкелова Мәншүк, 7-ші орынды СҚО Чибисов Евгений мен Исаева Екатерина, 8 –ші орынды Ақмола облысынан Естай Айболат пен Корсакова Анастасия, 9 орынды Қарағанды облысынан Шабденов Бағлан мен Мазнева Кая, соңғы 10 –шы орынды Павлодарлық Маликов Айжас пен Бауржанова Амина иеленді.
Теңге ілуден 1-ші орынды Жамбылдық Құрманбай Есжан, 2-ші орынды Алматы облысынан Тлебалдиев Елдос, 3-ші орынды Қарағандылық Серғазиев Төлеген, 4-ші орынды ШҚО Мақажанов Ренат, 5-ші орынды ОҚО Арпабаев Нұрболат, 6-шы орынды Павлодарлық Аблезов Асхат, 7-ші орынды Ақтөбелік Мырзағұлов Саламат, 8-орынды Астаналық Макулов Рүстем , 9-шы орынды Ақмолалалық Нұртаев Азамат, 10 орынды СҚО Мақатов Берлік, 11 –ші орынды Маңғыстаулық У.Қүмісбаев иеленді.
Ұлтымыздың әлемге кеңінен тарап келе жатқан спортының бірі тоғызқұмалақтан жарыс 5 күнге созылды. Жарыс Өскемен қаласындағы А.Пушкин атындағы кітапхананың залында өтті. Бас төреші Ақтөбеден келген Б.Төлегенов болды. Бұл жарысқа 14 команда қатысты, қатысушылардың 5-еуі халықаралық дәрежедегі, 18 -республикамыздың спорт шеберлері мен 26-сы спорт шеберлігіне үміткерлер және 4 –еуі 1 дәрежелі спортшылар, барлығы 54 ойыншы қатысты. Алматы қаласы мен БҚО –нан команда келген жоқ, ал Атырау облысынан команда түгел болмады. Жарыс әр тақта бойынша Швейцар жүйесімен 7 тур ойналды. Төрешілікті 16 төреші жүргізді. Ойын мейілінше еркін, қолайлы жағдайда өткізілді. Жекелей есепте 1-ші тақтада ойнағандардың ішінде 1 орынды ОҚО Ғ.Темірбаев, 2-ші орынды С.Ақтаев Паволдардан, 3-ші орынды ШҚО –нан А.Жақсылықов иеленді. 2-ші тақта бойынша 1 –ші орынды Қызылордалық Ә.Дәлиева, 2-ші орынды А.Өндірбаев, 3-ші орынды ОҚО –нан С.Сапарбеков, 3-ші тақтадағы ойыншылардың ішінде 1-ші орынды Павлодарлық Д.Кенина, 2-ші орынды С.Сапарбекова, 3-ші орынды Маңғыстаулық А.Аткелтірова, ал 4-ші тақтада 1 –ші орынды Павлодарлывқ Р.Раймбекова, 2-ші орынды Қызылордалық А.Қошқарова, 3-ші орынды Алматы облысынан А.Молдахметова алды. Сонымен ең мықты команда Павлодар облысынікі болып шықты, олардың жинаған балы 22,5, олардың өкшесін басып Қызылорданың командасы 19 ұпаймен 2-ші орынға, ОҚО 19 ұпаймен 3-ші, Ақтөбеліктер 16,5 ұпаймен 4-ші, Қостанайлықтар 15,5 ұпаймен 5-ші, ШҚО 15 ұпаймен 6-шы, Алматы облысы 14,5 ұпаймен 7-ші, Астана 14 ұпайман 8-ші, Ақмола облысы 12,5 ұпаймен 9-шы, Жамбыл облысы 11,5 ұпаймен 10 –шы, Қарағанды облысы 10,5 ұпаймен 11-ші, Маңғыстаулықтар 10,5 ұпаймен 12 –ші, СҚО 8 ұпаймен 13, Атырау облысы 8 ұпаймен 14 орынды иеленді.
Өткен жылы ҚР Ұлттық ат спорты федерациясының президенті Сәдібек Түгелдің ұсынысымен «Республикалық «Тай жарыс» федерациясы құрылған болатын. Тай жарыс бәйгесі содан бері елімізде өтіп жатқан ат жарыстарынан қалмай келеді. Таяуда Алматы облысының Көкбастау атшабарында өткен ҚР Президентінің кубогы үшін болған жарыста және ІІІ Фестиваль аясында өткен жарыстарда тай жарысы да өткізіліп тұрды. «Тай атқа жеткізеді, ат мұратқа жеткізеді» , «Тайында таңда, құнанында бапта, бестісінде шаппаса басын кесіп таста» деген де елі ішінде мақалдар бар. Қазақтың тарихында Тайбурылдың да, Құлагердің де тұлпар болатындығы тай кезіне белгілі болған. Осыған орай жергілікті өз жылқыларымыздың ішінен сұрыптап, іріктеп , таңдап, сынап тұлпар болатын атты ертерек таңдау үшін тайларды шағын қашықтыққа шаптырып сынап отыру болашағы бар іс. Шет елдерде де болашақ тұлпарды тайында таңдап алып баптап өсіру қолға алынуда. Шығыс Қазақстанда өткен ат жарыстары да алдымен 3 шақырымға Тай жарысымен басталды. Жарысқа 14 тай қатысты. Тай жарысы бірақ айналым болғандықтар шабандоздар әп дегеннен тайларының басын бос жіберіп, еркін шапты. Барлық тайлар мәреге іркес-тіркес келді. Дегенмен мәре сызығын бірінші болып қиып өткен Алматы облысынан келген Қойшыманов Бақытжан мен Қойшыманов Ернардың шабандоз Д. Мақажанов шапқан Шағала атты тайы болды. 2-ші СҚО –нан келген Бекежанов Бақтиярдың Рысбеков Айбек баптаған Гауһартас атты тайымен шабандоз Старцев Арман келді. 3-ші Қостанайдың «Қазақ тұлпары» ат зауытының И.Карманов баптаған Рубаят атты тайымен шабандоз Карманов Сәкен келді. 4-ші болып мәреге ШҚО –ның Базарханова Гүлнара баптаған Базарханов Тоқанның Вандам атты тайымен шабандоз Айтышев Аңсар келді, 5-ші болып Атырау облысының Айналайын атты тайымен шабандоз Шамратов Өмірбай келді, бапкері Айдарбеков Кемел ат иесі Жанбала Өнербек; 6-шы болып Қарағанды облысының Айсұлтан атты тайымен шабандоз Берік Темірлан келді, ат иесі және бапкері Төлеубаев Дулат; 7-ші болып Қостанай «Қазақ тұлпары» ат заутының Заманай атты тайымен шабандоз Балтабаев Есқали келді, бапкері Н.Мнайдаров; 8-ші болып ШҚО ның А.Қапанов баптаған Изар атты тайымен шабандоз Қапанов Әсет келді; 9-шы болып Жамбыл облысының Хасуа атты тайымен шабандоз Қаратаев Төлеген келді; 10-ы болып мәреге Маңғыстау облысының Жаңаөзен ат спорты федерациясы баптаған Ұлан атты таймен шабандоз А.Бағдабаев келді; 11-ші болып Астана қаласынан келген бапкер Айтмағамбетов Бауыржан баптаған Газдиев Русланның Төретөре атты тайымен шабандоз Сайд Дзаитов келді; 12-ші болып Павлодар облысының бапкері Сыздықов Бауыржан баптаған Айна атты тайымен шабандоз Лысов Петр келді; 13-ші болып Астана қаласының атбегісі Адия Саламатқызының Айтмағамбетов Бауыржан баптаған Звезда атты тайымен шабандоз Жанат Жасұлан келді; мәреге ең соңғы келген тай Ақмола облысының белгілі атбегісі М.Р.Мұстафаевтің Д.Волков баптаған Агри атты тайымен шабандоз Шатунов Алексей келді. Сонымен әр облыстан келген ұшқыр тайлардың ішінде болашақ Құлагер болғалы тұрған тай Қойшыманов Ернардың Шағаласы болды. Ұшқыр тайдың аяқ алысын көріп тіл мен көзден сақтап Құлагердің бағын берсін деп тіледік.
Тай жарысынан кейін іле 7 шақырым қашықтыққа Құнан жарысы басталып кетті. Бұл жарысқа 12 құнан қатысып мәреге бірінші болып Алматы облысының Жебе атты бәйгесі жетті, бәйгені баптаған Арынов Саят, иесі Сатыбалдиев Ерлан, атқа мініп шапқан шабандоз Молдабай Ернар. Мәреге екінші болып келген Ақмола облысынан келген Тажетдинов Мирастың аты Бельгурзуф, бапкері Жакупов Дмитрий шабандозы Старцев Арман, үшінші келген бәйге БҚО -ның бапкері Ундағановтың аты Лайма келді, шабандозы Орыстай. 4-ші болып СҚО –ның атбегісі Шәймерденов Біржанның Малғаждаров Кемеңгер баптаған Қыран атты құнанымен шабандоз Құрмахамбетов Амит келді; 5-ші болып ШҚО-ның атбегісі Мусин Мәліктің Т.Додабаев баптаған Фантастика атты құнанымен шабандоз Дулат Шаймуратов келді; 6-шы болып Алматы облысының Қалкенов Болатбек баптаған Үмбетов Ғабиттің Нұрқасқа атты құнанымен шабандоз Озат Мәуліт келді; 7-ші болып ОҚО –ның Торбау атты құнанымен шабандоз Садуақас Нұршаһар келді; 8-ші болып Қостанай облысының Ғаламшар атты бәйгесімен шабандоз Болатбаев Есқали келді, 9-шы болып Астана қаласының атбегісі В.Кравеудің Бауыржан Айтмағамбетов баптаған Отблеск атты құнанымен шабандоз Корнилов Сергей келді; 10-шы болып Павлодар облысының Шамсутдинов Фархат баптаған Фирам атты құнанымен шабандоз Петр Лысов келді; 11-ші болып ШҚО Қоқымов Оразайдың өзі баптаған Самұрық атты құнанымен шабандоз Омир Амилет келді; Ең соңында Астана қаласының атбегісі Салман Дзаитовтың Бауыржан Айтмағамбетов баптаған Стрелка атты құнанымен шабандоз Ахметов Сайд келді.
Бұдан соң 7 шақырым қашықтыққа жорға жарысы басталды. Алғашында жарысқа 14 жорға ат шыққан еді, жарыс барысында Ақмола мен Маңғыстау облысынан келген 2 ат жарыстан шығарылып, бәеке 12 жорға аттардың арасында өтті. Бірінші орынды ШҚО-ның атбегісі Базарханов Тоқанның аты Черкес алды, баптаған бапкері Қоқымов Оразай, шабандозы Оразаев Думан. Екінші болып мәреге Алматы облысынан келген Үмбетов Ғабиттің аты Гидросфера келді, оның бапкері Те Елена да шабандозы Бердимуратов Тимур. Үшінші болып мәреге ШҚО Қөшекбаев Жумабектің аты Мамлюк, бапкері де шабандозы да Шайрғазин Руслан болды. Одан кейінгі мәреге жеткен аттардың реті төмендегідей болды: 4-ші болып мәреге СҚО -нан келген Базарбаев Құнардың Чибисов Антон баптаған Талас атты жорғасымен шабандоз Корнилов Сергей келді; 5-ші болып Алматы облысындағы «Ақ сұңқар» ат фермасының Те Елена баптаған Реванш атты жорғасымен шабандоз Аликенов Рүстем келді; 6-шы болып СҚО –ның атбегісі Зарипов Хаджимұраттың өзі баптаған Богачка атты жорғасымен шабандоз Сергей Литвинов келді; 7-ші болып ОҚО –ның атбегісі Егінбаев Айдардың баптаған Бүркіт атты жорғасымен шабандоз Полатов Шымыр келді; 8-ші болып Астана қаласынан келген Төлеубаев Арманның Қабжанова Валерия баптаған Француз атты жорғасымен Сергей Юрский келді; 10-шы болып Астана қаласының атбегісі Г.Матюхтің Қабжанова Валерия баптаған Астана атты атымен Чибисов Антон келді; 11-ші болып Қарағанды облысынан келген Төлеутай Нурабидің Ислам Альфред баптаған Нигелист атты жорғасымен Тужанов Дастан келді; ең соңында мәрегі Ақтөбе облысының атбегісі Егінбаев Айдардың Артист атты жорғасымен Чибисов келді. Жарыстың бас төрешісі Набидолла Абсалямов, бас хатшысы Қ.Такенов болды.
Жұрттың күткен бәйгесі тоқ бәйге мен аламан бәйге. Алдымен тоқ бәйге басталды, бұл жарысқа 15 ат қатысты. 1 –ші орынды Маңғыстау облысынының «Жастар» БЖСМ -нің Тунгус атты бәйгесімен шабандоз Шагитаев Ильд келді, оның артынан Алматы облысынан келген Назарбаев Нұрболдың аты Қарақұспен шабандоз Мақажанов Дидар келді, бапкері Тлеулесов Роллан, ал 3-ші келген ат СҚО -нан келген Махатов Ермектің аты Ақтаумен шабандоз Махатов Арлан келді, бапкері Корабельников Николай. Қалған аттар төмендегі ретпен мәреден өтті: Алматыдан келген Кенебаев Бауыржанның Сүлікқара атты бәйгесімен шабандоз Ернар Молдабай, оған ілесе 5 болып ШҚО –ның атбегісі Омарбеков Сержанның Шошақов Тәкен баптаған Айдаһар атты тұлпарымен Жұмабеков Ернар келді. 6-шы болып СҚО –нан келген Шәймерденов Біржанның Малғаждаров Кемеңгер баптаған Мустанг атты сәйгүлігімен Амит Құрмахамбет келді; 7-ші болып ШҚО Молдағалымов Дархан баптаған Легенда атты тұлпарымен шабандоз Аян Жеңістегі келді; 8-ші болып ОҚО- нан келген Нұрхан Айтбаевтің Мерген атты бәйгесімен Шыңғыс Малқаждар келді; 9-шы болып Атырау облысының аты Суынқарамен шабандоз Шамрат Өмірбай келді, иесі Жанбала Өнербек, бапкері Кемел Айдарбеков; 10-шы болып Жамбыл облысының Рено атымен О.Сәрсенбаев келді; 11-ші болып ОҚО –нан келген Айтбаев Нұрханның өзі баптаған Легетта атты бәйгесімен шабандоз Азиз Қожахметов келді; 12-ші болып Ақтөбе облысынан келген Жауаров Жайықтың өзі баптаған Ботагөз атты бәйгесімен Т.Асылханов келді; 13-ші болып Қостанайдың «Қазақ тұлпары» ат заутының И.Карманов баптаған Гүлзар атты бәйгесімен Карманов Сәкен келді; 14-ші болып Астанадан келген В.Краевудің Валерия Кабжанова баптаған Отвага атты бәйгесімен Корнилов Сергей келді, ең соңында Ақтөбе облысынан келген М.Мустафаевтің Д.Волков баптаған Амальгама атты бәйгесімен Шатунов Алексей келді.Бұл жарыстың бас төрешісі А.Хасенов, бас хатшысы Қайрбек Масалимов болды. Маңғыстаулықтар бұл жарыста да ерледі.
Ауа райының өңменіңнен өтер желі мен сорғалап тұрған жауынына қарамастан жанкүйер қауымның тырп етпей күткен бәйгесі аламан болатын. Аламан бәйгеге 12 ат қатысты. Мәреге арқан бойы алда бірінші болып Маңғыстау облысынын келген «Жастар» БЖСМ -нің Делфин атты сәйгүлігімен шабандоз Р.Шумский келді. Екінші болып Алматы облысынан келген Үмбетов Ғабиттің аты Нұртөбелмен шабандоз Озат Мәуліт келді, бапкері Қалкенов Болатбек. Үшінші болып ШҚО –ның атбегісі Ш.Буктугутовтың аты Талас пен шабандоз Баймеркеулов Ернат келді, бапкері Шаршенбаев Нұрбол. Оның артынан 4-ші болып Астанадан келген Төлеуов Арманның Айтмағамбетов Бауыржан баптаған Сборник атты бәйгесімен Старцев Арман келді, 5-ші болып Ақмола облысынан келген М.Мұстафаевтің Д.Волков баптаған Агри атты бәйгесімен Шатунов Алексей келді. 6-шы болып Павлодарлық Е.Мермухановтың баптаған Баянсұлуымен Ибрагимов Досжан келді. 7-ші болып ШҚО Шайжүнісов Тоқанның Шайырғазин Жанәбіл баптаған Сухар атты бәйгесімен Тоқтарбеков Әділ келді. 8-ші болып Астана қаласынан келген В.Краевудің Айтмағамбетов Бауыржан баптаған Актавия атты сәгүлігімен Корнилов Сергей келді. 9-шы болып Жамбыл облысының Самұрық атты бәйгесімен А.Гримкулов келді. 10-шы болып ОҚО –ның Семсер атты бәйгесімен Қуат Нышанбаев келді. 11-ші болып СҚО –ның атбегісі Махатов Ермектің Корабельников Николай баптаған Бақтөре атты бәйгесімен Мақатов Арлан келді. Ең соңында мәреге ОҚО –ның Сұңқар атты бәйгесімен Еркебұлан Шәкіртаев келді. Сонымен Маңғыстаулықтардың бәйгелері бұл жарыста да алдарына жан салмай қазақтың сәйгүліктерінің отаны батыста екендігін ІІІ-і Фестивальда тағы бір дәлелдеп шықты. Жарыстың бас төрешісі Тоқан Базарханов, бас хатшысы Т.Курапаткина болды.
Фестивальға қатысып жеңімпаз атанған спортшыларға ақшалай силықтар мен ҚР Туризм және спорт министрлігінің, ҚР Ұлттық спорт түрлері Қауымдастығының Грамоталары берілді.
Жарыс соңында Өскемен қаласының орталығындағы Орталық мәдениет сарайында ІІІ Фестивальдің салтанатты жабылуы болды. Спортшылар мен бапкерлерді, жалпы ұлттық спортты сүйер қауымды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт комитеті төрағасының орынбасыры Мәлік Сапашев, ҚР ҰСТҚ төрағасының орынбасары Сәдібек Түгел, ҚР ДШНК директорының орынбасары Қазыбек Имангалиев құтықтап сөз сөйледі. Жалпы командалық есеп бойынша 1 –ші орын алған Алматы облысына Серік Қазбекұлы Ахтанов өзі жасатқан 27 мың доллар тұратын ауыспалы Кубокты табыс етті. Сондай-ақ кубоктармен 2-ші орын алған ШҚО мен 3-ші орын алған Астана қаласының командалары да марапатталды. Соңынан ШҚО өнер шеберлерінің арнайы концерті қойылды.

А.Мурсалимов
ҚР Ұлттық ат спорты түрлері федерациясының атқарушы директоры
30.09.2011ж

Сондай-ақ, оқыңыз

«Олардың есімдері – біздің жүрегімізде»

18 мамырда ҚР Президенттігіне кандидат Сәдібек Түгел елордадағы Халықаралық баспасөз орталығының құрылғанына 20 жыл толуына …