Дидактикалық  ойындардың  маңызы

Астана қаласы,
«Алтын дән»   балабақшасы МКҚК
Мектепке дейінгі  ұйымның   тәрбиешісі
Султангалиева   Гульзат     Назаралиевна  

Ойын үстінде бала өзін еркін ұстайды. Ал еркіндік дегеніміз  барлық дамудың  баспалдағы .Сондай – ақ ойын  баланың  болашақ  өміріне  есік  ашып , оның іздемпаздық , тапқырлық қабілетін оятады. Осы тұрғыда баланың байқағыштық , зерттеп-салыстыру ,сезім қабілетін  дамытуға , баланың заттарды белгілері  бойынша тану , түйсіну қабілетін  ұштап  қана  қоймай ,сонымен  қатар  сөздік  қорын  молайтуда дидактикалық  ойындардың  орны ерекше болып табылады.

Ойын көп жоспарлы , күрделі  педагогикалық  процесс болғандықтан мектепке  дейінгі жастағы  балаларды  жан –жақты  тәрбиелеудегі  негізгі  құрал болып  есептеледі.

Дидактикалық ойын оқытудың  әдістерінде екі жолмен  қарастырылады.Ойын сабақтар және дидактикалық тапсырмалар не болмаса авто дидактикалық  ойындар.

Өз тәжірибемде ойындық  сабақтардың  көмегімен  балаларға білім беріп қана  қоймай, оларға қалай ойнауды да үйретемін .Бір мезетте оқытушы және ойынның мүшесі ретінде  де  балаларды ойнатуға  талпындырамын , ал  балалар ойнай  отырып үйренеді , сондай – ақ ойын өзіндік  ойын әрекеті  нәтижесінде де  қалыптасады. Өзіндік  ойын әрекеті  балалардың ойынға  деген қызығушылығы  артқан кезде ғана іске  асады .Балалар ойын  ойнағанды ұнатады  және өз ынталарымен  беріліп  ойнайды. Тапсырмаларды  балалар өз беттерімен  орындап және  ойынды ұйымдастырып  бір – біріне  әділ  баға беруге  үйренеді .

Балабақшада  жиі қолданатын  дидактикалық  ойын түрлерін  төмендегі  жүйе  бойынша  өткіземін:

1.Ойыншықпен ойналатын ойындар.

  1. Үстел басында ойналатын ойындар.
  2. Сөздік ойындар

Әр топта балалардың  жас ерекшеліктеріне  байланысты  ойындарды  іріктеймін,  сондай – ақ тапсырмалар арқылы  балалардың  білімін  тереңдете  түсемін  және  ойлауын , зейінін , есте сақтау  қабілеттерінің   дамуына  көмектесемін.

Ойынның мазмұны  бірнеше элементтен  құрылады: дидактикалық тапсырмалар ,мазмұны , ережесі және  ойынның  орындалуы , мұнда  басты элемент – дидактикалық  тапсырмалар  болып  табылады, ал қалған  элементтер осы  тапсырмаға  және  оның  орындалуына көмектеседі.

Тапсырмалар әртүрлі  болады : табиғат, жануарлар және өсімдіктер әлемі , адамдар , еңбек т.б. және  қарапайым математикалық ұғымдарды бекітуге  байланысты.

Ойын ережелерге сүйенеді , ережелер әр баланың ойында не істеу керектігін , қалай істеу керектігін , мақсатқа  жетудің  жолдарын көрсетеді және  ақыл- ой қабілеттерін дамытады , әсіресе , кішкентай топтағы балалар өзін- өзі ұстауға , өздерінің  мінез – құлықтарын қадағалауға үйренеді. Сонымен  бірге , психологиялық жағдайларын жақсартады: көңіл аударғыштығын, байқағыштығын және мейірімділікке , кішіпейілділікке үйретеді.Көптеген дидактикалық ойындар балалардың жеке- дара ойнауына  арналған мозайка , пирамида , олар баланың дербестігін , аңғарғыштығын , өздігінен еңбек  етуін жетілдіреді.Кейбір  ойындар 4-6 баламен  ойналады. Сандық лотолар сан үйрету үшін өте қолайлы,  қызықты .

Дидактикалық ойынды қолдану үшін үлкен педагогикалық шеберлік  қажет.

Ойынды таңдап алған соң ,ойынның көмегімен  қандай тапсырманы  орындайтынын анықтаймын және ойынды өткізу үшін алдын – ала дайындаламын , сонымен қатар балаларға ойын  түсінікті , анық, жас ерекшеліктеріне  сай болуы тиіс.Мысалы: табу , көрсету, белгілеу естияр топқа  лайықты , ал ересек балаларды салыстыру басым болады. Мінез –құлықты тәрбиелеуде  ойынның  рөлі  маңызды болып  есептеледі.

Қорыта  айтқанда , ойын- баланың  жан серігі. Ойын сырттай  қарағанда  ешқандай қиындығы жоқ , оп- оңай көріну мүмкін . Ал іс жүзінде  бала ойынға  қатысу үшін  басқалармен тіл табысып , өзінің  ойлаған  ойын іске  асыру мүмкін  емес. Баланың рухани жетілуі  мен  табиғи өсуінің , денесінің дамуы мен  ой  дүниесінің өркен жаюы ойынға  тікелей тәуелді.

Ойын: «Біріктір де , ата»
Мақсаты:
Балалардың  ойлау    қабілетін , қоршаған ортаны танып білуге дамыту.
Мазмұны: Балаларға әр түрлі ойыншықтар беріледі.Балалар оларды  белгілі  бір қасиеттеріне қарай біріктіріп , ол ойыншықтардың  ортақ атауын атауы керек.

 

Ойын:  «Сиқырлы  дорба»

Мақсаты: Балалардың   ойыншықтарды  ұстап ,сипап  сезу қабілетін дамыту.

Мазмұны: Сиқырлы дорба ішіндегі ойыншықтарды , көзбен көрмей, оны қолмен ұстап , сипап  сезу арқыл ойыншықтың  атын атау.

 

Сондай-ақ, оқыңыз

Тема урока:Дикие и домашние животные

Северо-Казахстанская область, Район имени Габита Мусрепова, КГУ «Новоишимская СШ №2», Федоренко Ирина Николаевна.   Тема …