Ақмола облысы, Целиноград ауданы,
Жаңажол ауылы №7 негізгі мектебінің
6 сынып оқушысы Зайкен Жаннұр
Иә, өз-өзіме «Мен кіммін?…» деген сұрақ қоюдан бастағым келіп отыр. Осылайша сауал қойғаным да тегін емес. Жазар шығармаға арқау болары сөзсіз. Мен өз тарапымнан өз сауалыма: «Тәуелсіз елімнің, туған жерімнің патриотымын» деп тіл қатар едім. Бұл сөзді айтудың өзі қаншалықты. Қаншама жауапты десеңізші. Туған жердің жетістігін айтардан бұрын Тәуелсіздікті айтудан бастағаным жөн болар. Ал Тәуелсіз елімнің осы жылдар ішінде жеткен жетістіктерін мақтанышпен кеудемді кернеген қуанышпен айтамын. Ең алдымен ана тіліміз жаңғырды, салт-дәстүріміз оралып, еліміз барша әлемге танылдық. Таяуда ғана аяқталған Экспо 2017 жыл көрмесінің өзі еліміздің жеткен жетістіктерінің бірі. Қаншама талантты жастарымыз танылды. Қаншама спортшыларымыз өзге елдерде еліміздің көк байрағын көкте желбіретіп жүлделі орындармен қуантты. Жаңа технологияны игерген, әлемге танытқан дарынды жастарымыз қаншама. Қай саланы алмасаңыз да туған еліміздің абыройын асқақтатқан жандар баршылық. Туған елден туған жерге оралсам көлінде аққу, қаз жүзген, өрісі төрт түлікке толы, қасиетті өлкенің келбетінің өзі жетістік.
Өзім туып-өскен Жаңажол ауылының жетістігіне тоқталар болсам. Осы ауылымдағы қазына данагөй қарияларымызды, өз ісінің майталман шеберлері аталған әр салада қызмет атқарып жатқан жастарын, береке бірлікте өмір сүріп жатқан тұрғындарын айтар едім. Мектеп қабырғасына оралсам, мектептегі барлық дарынды, білімді оқушыларды жатқыза алар едім.
Ауылда атқарылған игі шараларды, қоршаған табиғатын, т.б. жеткен жетістігімізді айту зор қуаныш деп білемін. Ауылда ертеректе судың өзі тапшы болатын. Бүгінде халықтың тілегі орындалып ауылымызда шаттық орнап, таза суға да қол жеткіздік. Осының өзі жетістік. Осынау ауылымыздан қаншама елге белгілі болған талантты тұлғалар танылып, туған жеріміздің мақтанышына айналды. Ең әуелгі байлығымыз кең жазира жеріміз, алтын ана тіліміз.
Тағы бір жетістігі қонақжай халқы, жомарттылығымен ерен ерлігі, ауыл халқының береке-бірлігі.