«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» тұғырнамасының аясында Ақмола облысы Целиноград ауданы, Жаңажол №7 негізгі мектебінде орай 2017 жылдың 11- 22 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасының Тілдер күні мерекесіне арналған «Тілге құрмет – елге құрмет» тақырыбында онкүндік өтті.
Онкүндік іс-шараның мақсаты: Оқушылардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, еліне деген сүйіспеншілігін ояту. Қазақстан мемлекетінде тұратын барлық халықтардың тілдерін құрметтеу.
Аталмыш онкүндікте іс-шаралар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өткізілді. Бекітілген жоспар бойынша мектебіміздің тіл мұғалімдері Қазақстан Республикасында тұратын барша халықтың тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін қорғауға және дамытуға бағытталған түрлі іс-шаралардың өтуіне белсене ат салысты.
Дүйсенбі 11 қыркүйеккүні апталықтың ашылу салтанаты болды. Салтанатты жиын Қазақстан Республикасының Әнұранымен ашылды. Жиында сөз алған мектеп – лицей директоры Қ.Қ. Мауленова Тәуелсіз елдің мемлекеттік тілі мәртебелі де тұрақты болып, өрістеп дамуына үлес қосу әр жас жеткіншектердің жауапкершілігінде болатын міндет екендігіне тоқталып, тілдер күні мерекесімен құттықтады. Гуманитарлық пән мұғалімдерінің ұйымдастыруымен онкүндік шеңберінде бастауыш сыныптар аралығында «Сүйемін туған тілді- анам тілін» атты көркем сөз оқу байқауы өтті. Мектеп кітапханашысы Г.Д. Аманжолованың ұйымдастыруымен «Тіл әр ұлттың байлығы»атты кітап көрмесі болды. Орта буын аралығында Қазақ тілі мұғалімі А.С. Джунусова «Мақал – сөздің азығы, жұмбақ-ойдың қазығы» тақырыбында мақал-мәтел сайысын өткізді. Орта буын сынып оқушылар арасында ағылшын тілі мұғалімі З.М.Қаржаспаева «XXI ғасыр көшбасшысы» ойынын ұйымдастырды. 6-7 сынып оқушылары арасында орыс тілі пәні мұғалімі Г.Қ. Абдыкадырова «Білекті бірді, білімді мыңды жығар» атты қызықты интеллектуалдық сайыс өткізді. 8 сынып оқушылар арасында қазақ тілі мұғалімі Д.Оралбекұлы «Мемлекеттік тіл бәсекеге қабілетті бола алады ма?..» тақырыпта дебат ойынын ұйымдастырды. Г. Дүйсенбекова 9-сынып оқушыларының мектепішілік «Шұғыла» ұйымы онкүндік қорытындысы бойынша газет шығарды. Онкүндік шараның жабылуы әдеби-музыкалық кешпен аяқталды. Қорытынды кеште оқушылар үш тілде өлеңдер оқып, ән шырқаса, орта буын оқушылары Төле би, Әйтеке би, Қазбек билердің даналық сөздерінен көрініс көрсетті.
Мектеп директоры Қ.Қ. Мауленова өз құттықтау сөзінде Елбасының салиқалы саясатының арқасында елімізде қоныстанған барлық ұлттардың тілдерін, мәдениетін, сондай-ақ мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру бағытында қол жеткізген айтарлықтай жетістіктерге тоқталып, онкүндік аясында өткен іс-шараларға белсенділікпен қатысқан оқушыларды, жеңімпаз топтарды, ұйымдастырған ұстаздарды атап өтті.