«ҰЛЫ ДАЛА ҚЫРАНДАРЫ» ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ 5 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ЖИНАЛЫСТАН РЕПОРТАЖ

ҚЫРАНДАР  ҚОЗҒАЛЫСЫ ТОЛЫҚҚАНДЫ  ПАРТИЯ  БОЛУҒА   ДАЙЫН ЕКЕНІН  КӨРСЕТТІ.

Бұл  мереке   2016 жылдың    12-ші  қазаны   күні     күндізгі  сағат  12.00  де    жаңа  Елордамыз-Астана   қаласының «Іскер»  бизнес  орталығында  жоғары  деңгейде   өткізілді.   Оған     қоғамдық  қозғалыстың      лидерлері   Марат  Нәбиев  пен  Сәдібек  Түгел,    ұйымның  облыстық   филиалдарының    басшылары ,   қозғалыс  белсенділері,   қоғам  қайраткерлері,     ғалымдар,    ақын,  жазушылар,   зиялы  қауым  өкілдері,   жастар,    Бұқаралық Ақпарат  Құралдарының   өкілдері  келіп  қатысты.   Салтанатты   жиынды  қозғалыстың  тең  төрағасы   Сәдібек  Түгел  кіріспе  сөз  сөйлеп   ашты :

«Құрметті   достар!

 Қадірлі    Ұлы   Дала  елінің  қыран  ұлдары мен   қыздары!

Ең  алдымен  баршаңызды   қырандар  қозғалысының    бес  жылдығымен  шын  жүректен  құттықтаймын! Сіздерге  мықты  денсаулық,   мол  бақыт,   үлкен  жетістіктер мен    жаңа  жеңістер  тілеймін! Мен  мерекелік  құттықтау  сөзімді қысқа да  нұсқада  айтып  өтуді  жөн  көріп  тұрмын.

Біріншіден,   бес  жылда   «Ұлы  Дала  Қырандары»  қозғалысы  өзінің  өміршеңдігін,   халықшыл екендігін   жалпақ  жұртқа  паш   етті.  Ұлағатты  шаралардың  ұйтқысы, жақсы     жұмыстардың   жаршысы  ретінде   бүкіл  алашқа  танылды  десем  артық  айтпаған  болар  едім. Бұл   күнде  ниеті  түзу,  бағыты  айқын,   позициясы  берік  қырандар  ұйымы      халықтық  қозғалыс  деңгейіне    көтерілініп  отыр.  Бұл  бізге  оңайға   келген  жоқ.  Алдымен   идея болды.  Сосын    сол   идеяны   жүзеге  асыру  мақсатында   небір  кедергілер мен   қиыншылықтардан   өтуге   тура  келді .   Бір  сөзбен  түйіндегенде алға  қойған  мақсат   жету  жолында  Сіздердің   қолдауларыңызбен    қажымай – талмай    күресіп  келесіміз.  Ол  өз  нәтижесін    беруде.  Соның  айқын  айғағы  нағыз  дәлелі  бес  жылға   жетуіміз,  халықтың   көңілінен  шығатын  бастамаларды  іске  асыруымыз дер  едім.  Ол туралы    баспасөз  баянында,  басқада   Сіздерге  ұсынылған   құжаттарымызда     анық     көрсетілген.   Мен оны  қайталамай-ақ  қояйын.

Екіншіден,  жақсыны  -жақсы,  барды-бар,  дұрысты-  дұрыс  деуіміз   қажет.  Бұл  жерде  айтайын  дегенім, бес  жылдық  белеске     жетуімізге  ерекше  үлес  қосқан   бір  азамат  бар.  Ол- ортамызда  отырған ,   қозғалыстың  тең төрағасы,   ұлтымыздың  біртуар  азаматы,   Отан  патриоты- Марат  Әскенұлы  Нәбиев!  Мәкеңнің   жеке  қаржысының арқасында     қырандар  қозғалысы  барлық  мемлекеттік  тіркеуден  өткізілді,  оның      нақты   көмегімен   облыстық   филалдар да   тіркеуден  өтіп  Заңдық   күшке ие  болды.  Жалпы   алғанда,   өзінің   компаниясының   экономикалық   жағдайының  қиындығына  қарамай  барлық  қаржыландыруды  мойына  алып  отыр.   Бұл дегініңіз  қаржылық  дағдарыс  кезінде    ерлікке  тән  емеспе?  Сондықтан  да,  осы  биік  мінбеден  «Ұлы  Дала  Қырандары»  қозғалысының барлық    мүшелері мен   достарының   атынан   Марат  Әскенұлына      үлкен  рахмет  айтуға  рұқсат  етіңіздер!

Құрметті   достар! Дәл осы  тұста   қырандар қозғалысының  жұмысына    белсене   қатысып  келе  жатқан  ағайындарға  Алғыс хатымызды  тапсыруды  жөн  санап  тұрмын.Сәдібек   Түгел   мен  Марат Нәбиев қырандар қозғалысының  жұмысына    белсене   қатысып  келе  жатқан төмендегі  тізімдегі   ағайындарға  Алғыс  хаттарды  тапсырды. Әбдікәрім Болатбек Исаұлы, Ринат Кертаев, Турғаев Бекет, Құмарғали Жайымұлы Досов, Жанбала Өнербай, Жанар Алсаева, Амантай Тойшыбай, Кенжеболат Жолдыбай, Кайролла Кусайнов, Ержан Жаубай, Жәнібек Нұрбек, Ауыт Мұқибек, Мұрат Уанбаев, Азамат Жұмаділов, Ерлан Каналимов,Еремин Михаил Иванович, Қайрат Мирашев, Қаржаубай Сартқожа, Марат Ақашев, Рақымберді Қорғанбаев, Левченко Татьяна Петровна, Асхат Асылғазин, Фариха Хамитханқызы, Валерий Ильин, Мойсей Михайлович Гольдберг, Бақытжан Тобаяқов, Гаухар Шарип, Лаура Шамшиева, Күлайхан Рахмет, Талапжан Иманбаев, Дилшат Турсын, Айгерим Түгел, Нурлан Абраев, Дидар Нұржігіт, Мерей Мұратбекұлы, Мұқтарбек Сүлейменов, Майгүл Сұлтан т.б.

Содан кейін,  Сәдібек  аға,  баяндамасын  жалғастырды:«Қазақ  халқы   үшін «Ұлы  Дала-   Ұлы   ұғым».  Біздің қазақ Ұлы далада жаратылып, Ұлы далада өсіп келеді. Ұлы дала бүкіл әлемдік өркениеттің бастау алған жері.«Ұлы  Дала»-  ұлтымыздың  кіндік  қаны  тамған,  ата-бабаларымыздың   қаны мен  тері   сіңген  құт  қонған,  ұялы мекені.  «Ұлы   Дала»   туған  еліміздің қадір-қасиеті,   болмысы мен   мәдениеті,  тарихы  мен өмірі,   абыройы  мен   айбыны.  Ұлы  Даланың   арқасында  қазағым  қор  болмаған.    Бұл   ретте  айтарымыз,   Ұлы  Дала Елі   туралы    Қазақстан   Республикасының     Президенті       Нұрсұлтан   Әбішұлы   Назарбаевтың ерекше  ұсыныстары мен  тамаша   бастамасын  толығымен  қолдаймыз  және  құптаймыз.  Айтарымыз,  Елбасы Ұлы  Даланың маңыздылығына  жете    көңіл  бөліп, биік  белеске   көтеріп  отыр.

Жалпы  алғанда  біз Ұлы деген сөзден қашпауымыз  керек. Қазақ – Ұлы халық. Қазақ Ұлы болмаса, осынау көлемі  жағынан    әлемде    тоғызыншы  орын   алатын  алып жерді ұстап тұра алмаған болар еді.  Биыл    Ел  Тәуелсіздігіне   25  жыл   толады.    Ширек   ғасыр  тәуелсіз   мемлекетпіз.  Өз  жері,  өз  шекарасы  бар    әлем  мойындаған   бірыңғай   елміз.  Осыған  жеткізген  жаратушы  иеміз  аллатағалаға   және «Ұлы  Далада»  сан  ғасыр еркіндік пен егемендікті   аңсаған,   сол  жолда   бойларындағы  жандарын  берсе де, ұлтарақтай  жерін  жауларға  бермей    арпалысқан  ата-бабаларымызға     әрқашан  басымызды  иіп, тағзым  етеміз.

 Ұлы  Даланы –Ұлы   етіп     қалыптастырған  заңдылықтары мен    алғы  шарттары  және  өрелі  құндылықтары   өте   көп. Оны  бір  баяндамада,  бір  күнде   толық  қамтып  шығу   мүмкін  емес.    Уақыт  шіркіннің  шектелігіне  орай  мен оның  тек үш   құндылығына  ғана тоқталғанды      жөн   санап  тұрмын.   Олар:

  1. Біріншіден: «Ұлы Даланың»   әділеттілігі, турашылдығы, шырқырағын  шындықты  бетке  айтулары,  «бас  кеспек бар  болса  да,  тіл  кеспек жоқ» деген   дала  демократиясының   болулығы. Ең  алдымен  «Ұлы  Далада»    әділеттілік   болған.   Соттар   әділ  шешім  шығарған.  Қазіргі, кейбір  соттардай  көп   ақша  берсең   «азаптап  өлтірілген     ,  өлген   адамның  өзін   жазықты жасап  қою» болмаған.   Олар  «тура  биде  туған   жоқ» деп   өмір  сүрген.  Әділ  дала   демократиясы   болған. «Бас  кеспек бар  болса  да,  тіл  кеспек жоқ» деп   шырылдаған  шындық   жағында   болған.  «Ұлы  далалықтар» қай  кезеңде,  қай  ғасырда  болмасын   жемқорлықпен  аяусыз күрес жүргізіп,  ұры-қарылардың   көзін   құртып , олардан жерімізді  тазартып  отырған.  Біздің  қатал да  әділ аталарымыз, жемқорларды атқа  теріс мінгізіп,  теріс  бата  беріп,   үрім-бұтағымен     барса  келмеске  жер аударған.   Олай  болмағанда ,  ұлтқа  қауіп  жемқорлықтан  деп   санаған.

 Қазіргі  таңды алсақ, халқымыздың тұрмыс-тіршілігінің жақсаруына, еліміздің көркейіп гүлденуіне, отанымыздың жедел қарқынмен дамып, өркениетті елдердің қатарынан ойып тұрып, орын алуына  зор кедергі болып отырған бір кесел бар. Оның аты – ЖЕМҚОРЛЫҚ. Коррупция мемлекетіміздің барлық саласында орын алып отыр. Пара алу, пара беру, бюджеттің қаржысын қымқыру, тендерлерден откат алу, жауапты мемлекеттік қызметтерді ақшаға сату белең алуда.    Соның кесірінен, кейбір әкімдер мен министрлер, жауапты жұмыста болған мемлекеттік шенеуніктер, бірінен кейін, бірі сотталып,   өсіп келе жатқан  жас ұрпаққа  өте жағымсыз үлгі көрсетіп отыр. Олар бақшадағы арам шөптей қаптап кетті.   Солармен  біз   аяусыз   күрес  жүргізуіміз  қажет.

Екіншіден:    «Ұлы  Даланың»   бірлігі  мен   ерлігі.  Осы    қазақтың  бірлігі мен    ерлігі  болмаса  әлемде   тоғызыншы  орын  алатын жерді     сақтап,   ұстап  тұра   алмаған  болар   едік. Бабаларымыз «Төртеу  түгел  болса,  төбедегі   келеді,   алтау  ала  болса   ауыздағы   кетеді,  бірлік  бар  жерде   тірлік  бар» деп  өмір   сүрген.  Біздің   ұранымыз  «БІРЛІГІ  МЫҚТЫ ЕЛ  ОЗАДЫ».

Ия,  бізде   «Ұлы  Далада»   ерлікте болған, бірлікте   болған. Аталарымыз  батыр  болған.  Оған  ешқандай  дау да жоқ,  талас  та  жоқ.  Соны  біз  алға  қарай  жалғастыруымыз  керек.

Үшіншіден:  «Ұлы  Даланың» рухының  биіктігі  мен АР- Намысты,   ұлттық Ожданды   бәрінен   жоғары  ұстаулары.     Ықшамдап    айтқанда: «Ұлт  Руханиятын» Ту  етіп  ұстаған  біздің   батыр  да    әділ   ата –бабаларымыз , атадан-балаға, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан  ұлттық салт-дәстүрімізді,ұлттық  тәрбиені күнделікті өмірде кеңінен қолдану болып табылады.  Салт-дәстүр бізге  ең керек ,ең мықты академия, институт болып табылады. Мысалы: ұл мен қызды бала  кезден  атастыру салты. Сонда шетелдіктерге кетпейді.Қазақ «Қыз-ырыс» дейді. Ырысымыздан айырылмайық!

Қазіргі таңдағы ұлтқа қажетті-өрелі салтымыз осы. Қолдануымыз керек. Әйтпесе, қыздарымыз  қырым-қытайға,  негрлерге, араптарға, түріктерге,   еуропалықтар мен америкалықтарға және де басқа ұлттардың өкілдеріне  тұрмысқа шығып, елден  біржолата кетуде.Бағанадан бері айтқандарымды бір арнаға тоғыстырып тоқсан сөздің тобықтай түйінін айтсам ұлттық идеологияға, ұлттық тәлім-тәрбиеге,  салт-дәстүрге қатаң қарауымыз керек.

Құрметті жиналысқа қатысушылар!  Сіздердің қолдарыңызда   бүгінгі  жиналысқа  қатысушылар қабылдайтын    ҮНДЕУдің Жобасы бар.Осы  Үндеуді  толықтыратын  мына   ұсыныстарды айтып  өтейін.

Біріншіден: Еліміздегі идеология мәселелерін қайта қарап, талқылау керек. «Ұлттық идеология және  қазақтың  Ар-Ождан мәселелері» атты 2017-2030 жылдарға арналған мемлекеттік Бағдарлама  қабылдау керек. Жаңа «Ұлт идеологиясы және жастар тәрбиесі» атты жалпыұлттық  құрылым құру.

Екіншіден: «Ар-ождан» заңын қабылдау.

Ар-ождан полициясын құру.

Үшіншіден: Осы «Ар-Ождан» Заңының негізінде жезөкшелерді, нашақорларды қатаң жазаға тарту.Бас бостандықтарынан айырып,  қоғамнан аластату.

Төртіншіден: «сексхана» атанған қаптап кеткен «сауна-хауыздарды»,  «түнгі клубтарды», «гей, гейша» клубтарды, басқада  «жынойнақтарды» «бордельдерді» тез арада жабу.

Бесіншіден:   елімізде лас туризмге мүлдем  жол бермеу.

Алтыншыдан: жастардың, балалардың тәлім-тәрбиесіне   алдымен отбасында,  сосын балалар бақшасында, мектепте,  барлық оқу орындарында,  ұйымдарда,  кәсіпорындарда бірінші кезекте көңіл бөлу. Барлық  оқу орындарында,  барлық мекемелерде  «Ар-Ождан» сабақтарын өткізу.

Жетіншіден: Қазақ  «Қызға –қырық үйден тыйым» деп бекер айтпаған. «Қыздың намысы – елдің намысы». Қыздың намысы тапталса, елдің намысы ойран болады емес пе? Біз Арды бәрінен жоғары ұстаған  халық едік ерте де. Қазір не болды? Ар-ұяттан неге айырылдық?

Сегізіншіден: бір ғасыр-4 ширек ғасырдан құрылады. Ал, бір  ширек ғасырда – 25 жыл бар.  Сол 25 жылда  қазақтың  қызы  оқуын оқып, өсіп, бойжетіп тұрмыс құруы керек. Сол 25 жылда  қазақтың  ұлы  ат жалын тартып мініп,  оқуын оқып,  өсіп-ержетіп – үйленуі керек. Олай болмаған жағдайда қоғам дабыл қағуы тиісті.

Тоғызыншыдан:Қазақ қыздары тек қазақ жігіттеріне  тұрмысқа шығулары керек,  басқаларға тұрмысқа шығуларына қатаң  тиым салынуы  қажет  деп санаймын. Себебі , осы үрдіс  әрі қарай осылай  жалғаса берсе, қазақ ұлты келесі  ғасырда   жоғалып кетуі әбден мүмкін;

Оныншыдан: Жоғары оқу орындарындағы  қыздардың ақылы оқуын тоқтату. Біздің жастар тегін білім алулары керек.

Он біріншіден: идеология  саласында   телевидения,  радио,  интернет салаларын  қатты  қадағалап,  ұлттық  рухымызға  зиян  тидірмейтін   өнімдерді  ғана    көрсету   керек.

Он екінші:   Осы  жұмыстарға    арналған «Ұлы  Дала Қырандары»  республикалық  қоғамдық   мәдени- әлеуметтік  қозғалысы  дайындаған «25» -атты  маңызды  Бағдарламаны  Үкіметтік  деңгейде     қабылдап,    ұлттың    «АР-ОЖДАН»   мәселесін басты  назарда  ұстау  қажет  деп   есептеймін.   Бұл менің   азаматтық   ұстанымым  болып  саналады.

Он үшінші  шарт: бұл шаралар    ұлт  болып  ұйысып,  жұрт  болып  жұмылып   атқарылатын жұмыстар  болғандықтан,    бірігуіміз   керек,  тізе  қосып,  бірлесе   күрессек қана  ұлтымызды   «Ар дағдарысынан»   алып  шығамыз, жастарды  оның ішінде   қазақтың  қыздарын   азғындаудан   сақтаймыз.

5.БАЯНДАМАНЫ  ҚОРЫТЫНДЫЛАУ:

Сөз  соңында  айтарым: баршаңызды  ел  өміріндегі,   туған  отанымыздың  дамуындағы   мәні  де  маңызы ерекше зор    оқиғалар мен  даталар    болып   саналатын  Қазақстан   Республикасының   Тәуелсіздігінің  25 жылдығы,  Желтоқсан   көтерілісінің  30 жылдығы,

«Ұлы   көштің»  25 жылдығы және   «Ұлы  Дала Қырандары» республикалық   қоғамдық    мәдени-әлеуметтік   қозғалысының     5 жылдығымен  шын  жүректен  құттықтаймын!

Сіздерге  жаңа жеңістер мен  жетістіктер  тілеймін!  Ары мен  намысы   биік,  бірлігі  мықты   ел  болайық!»-деп  баяндамасын  аяқтады.

Баяндаманы  талқылауға   Бекет Тұрғараев,   Кенжеболат  Жолдыбай,  Қаржаубай   Сартқожа,  Марат  Нәбиев,  Мойсей  Михайлович  Гольдберг,  Ауыт  Мұқибек,  Левченко  Татьяна  Петровна,     Валерий  Ильин,   Құмарғали Досов,   Жанара  Алсаева,  Мұқтарбек   Сүлейменов,  Ғани  Шаймардан,   Мұрат Уанбаев,   Өнербек Жанбала,  Болатбек  Әбдікәрім,   Қайрат Мирашев,    Марат  Ақашев,  Михаил Иванович Еремин, Амантай  Тойшыбай   белсене  қатысты . Олар   ұсыныстар  айтып,  өздерінің ой-пікірлерімен  бөлісті.    Саксофанист   Жан  бір  тамаша   музыка  ойнап  берді.  «Ұлы  Дала Қырандары» республикалық   қоғамдық    мәдени-әлеуметтік   қозғалысының     5 жылдығына   арналған  Үндеу  бірауыздан  қабылданды.  Қозғалыстың  тең  төрағасы  Марат Әскенұлы  Нәбиев   мол,  қонақжай   дастархан  жайды. «Ұлы  Дала Қырандары» республикалық     халықтық  қозғалысының     салтанатты  жиналысы   жоғары  деңгейде   ұйымдастырылды.

Дидар Нұржігіт

2016 жылдың    13    қазаны.

Сондай-ақ, оқыңыз

«Олардың есімдері – біздің жүрегімізде»

18 мамырда ҚР Президенттігіне кандидат Сәдібек Түгел елордадағы Халықаралық баспасөз орталығының құрылғанына 20 жыл толуына …