«Ұлы Даланың Үлкен Кубогі» атты бильярдтан республикалық турнир жоғары деңгейде өтті

Елордада «Зодиак» бильярд клубында Ұлт көшбасшысы – еліміздің тұңғыш Президенті күніне арналған 50 жастан жоғары адамдар арасындағы бильярд спорты бойынша «Ұлы Даланың Үлкен Кубогі» атты дәстүрлі республикалық бильярд турнирі өтті.
Атаулы турнирге әр өңірден, әр ауданынан іріктеліп келген қатысушылар қатысты. Ресейдің Омск қаласынан, Астана қаласы «Астана қырандары» командасы, Алматы облысынан Талдықорған «Жетісу» командасы, Өскемен «Асау Ертіс» командасы, Атырау «Батыс» командасы, Көкшетау, Петропавл қалаларының командалары қатысты. Республикалық турнирді Астана қаласы әкімдігі, «Ұлы Дала Қырандары» әлеуметтік, мәдени-спорттық қозғалысы, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және Дене шынықтыру істері комитеті, «Астана қырандары» командасы ұйымдастырды.
Турнирдің негізгі мақсаты – аталмыш бильярд спортын дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау. Турнирдің салтанатты ашылуында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және Дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Елсияр Баймұхаметұлы Қанағатов, Ұлы Дала Қырандары әлеуметтік, мәдени-спорттық қозғалысының теңтөрағасы Сәдібек Түгел, турнирдің бас төрешісі Ерболат Жұмағұлов, ұйымдастыру комитетінің төрағасы Қайрат Мирашев сөз сөйлеп барлық қатысушыларға сәттілік тілеп, спорттық шараның маңызылығына тоқталды.
Сәдібек Түгел осындай бильярд спорты бойынша жарыстармен кездесулер 2015 жылдың 22 наурызынан бастап бастау алғандығын, осы уақыттар аралығында он шақты командалық ойындар және жеке кездесулер өткізілгендігін, өңірлерде жыл сайын дәстүрге айналғандығын атай келе тастаяқ шеберлерін, тамаша ойын көрсеткен команда лидерлерін де ерекше атап өтті. Атап айтқанда, Шымкент қаласының «13 аймақ» (команда капитаны – Нұрлан Айтымбетов), «Астана қырандары» командасы, Өскемен қаласының «Асау Ертіс» командасы. Сонымен қатар жеке кездесулердегі чемпиондарды – Серік Ақтанов, Тоқтамыс Жұмағұлов, Бейсен Байғалиев, Сайлаубек Мусинов, Нұртілеу Иманғалиұлы, Мақсұт Иржанов, Данияр Юсупов, Өскен Қалтаевты атап өтті.
Турнирдің алғашқы күні яғни жартылай финал да тартысты өтті. Командалар аса дайындықпен келгендерін ойын барысында көрсете білді. Нәтижесінде командалық кездесулердің жеңімпаздары да анықталды. Салауаттылықты ұран еткен биылғы турнирдің жалпы командалық есебінде 1 орынды Шымкент қаласынан келген «13 аймақ» командасы иеленсе, 2 орынды Шығыс Қазақстан облысының «Асау Ертіс» командасы иеленді. 3 орынға «Астана қырандары» командасы ие болды.
Жеке құрамда I орынды Атыраудан келген «Батыс» командасының мүшесі Ким Виссарион иеленсе, II орынды ШҚО «Асау Ертіс» командасы – Қайрат Адильбеков, III орынды ОҚО «13 аймақ» командасынан Юнусов Абдухамит және Ли Юрий /«Батыс» командасы/ иеленді. Екі күнге созылған аталмыш турнир жоғары деңгейде өтті. Барлық жеңімпаздар ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және Дене шынықтыру істері комитетінің арнайы дипломдарымен марапатталып, бағалы сыйлықтар тарту етілді.
Екі күнге созылған турнирдің қонақтары мен қатысушылары өз лебіздерімен алған әсерлерін жеткізді.
Омск облысы бильярд спортының вице-президенті Олег Гончаренко:
– Өткен жылы алғашқы ойын көрсеткен болатынмын, жеті адамнан тұратын командалық кездесудің қалай өтетіндігіне куә болғаным бар. Бұдан ары дәстүрлі кездесулер Шымкент, Өскемен қалаларында жоғары деңгейде өтті. Қазан айында біз Омск қаласында ұйымдастырдық. Мұндай спорт түрінен алған әсерім ерекше, бұл дегеніңіз достарды жақындатады, береке бірлікке үндейді, салауатты өмір салтын қалыптастыруда өзіндік мол үлесін қосады. Бүгінгі ұйымдастырылған Ұлы Даланың Үлкен Кубогі атты турнирден тамаша әсер алдық. Ең маңыздылығы қазақстандықттар үшін үлкен мереке Тұңғыш Президент күнін осындай спорттық шаралармен атап өтуі. Біз үшінде абыройлы осындай турнирдің арнайы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай ұйымдастырылуы. Мен барлық ұйымдастырушыларға зор алғысымды білдіремін. Өз басым Астана қаласында соңғы рет 1998 жылы Астана қаласының жаңадан қалыптастып жатқан шағында келгенмін. Бүгінде осы уақыт ағымында адам танымастай өзгерген, дамуы қарқынды Астанада бильярд спорты баршамыздың басымызды қосқаны зор мәртебе. ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ел дамуындағы Астана қаласын көркейткені, барша әлемге танытуы да көрегенділігімен салиқалы саясатының арқасы деп білеміз.
СҚО, Петропавл қаласы, ұлттық спорт түрлері бойынша жаттықтырушы Виктор Денисенко:
– Біздің команда алғашқы рет қатысты. Тамаша ұйымдастырылған әсіресе Тұңғыш Президент күніне орай өтіп отыр. Біз енді дәстүрлі түрде келіп қатысатын боламыз. Бұл турнир баршамызды біріктірді.Жаң достар тапттық. Ең алдымен ұлт саулығы. Ал өскелең ұрпақ болса үлкен өнеге алады.
Айта кетсек, Виктор Денисенко тек кәсіби спортшы ғана емес белгілі ақын, композитор, бірнеше кітаптардың авторы болып табылады.
Алматы облысы бильярд спорты директоры Тоқтар Есімов:
– Бұрындары біздің өңірде бұл спорт түрі бойынша федерация болған жоқ. Турнирдің өтетіндігін естіп қатысуға асықтық. Міне енді мақсатымыз орындалып атаулы мереке күні қатысып жатқандығымыз біз үшін үлкен қуаныш. Тамаша өтуде алғашқы кезеңнен тартысты өткен турнир ақтық мәреде одан сайын қыза түсті. Баршаңызды атаулы Тұңғыш Президент күнімен шын жүректен құттықтаймын.
Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, бильярд спорты бойынша федерациясы директоры Мусса Тумгоев:
– Біздің команда «50-ге толғандар үшін» деп аталатын 7 адамнан тұратын команда. Мүшелері әр түрлі салада қызмет атқарады. Арамызда мұғалімдер, әншілер, кәсіпкерлер, мемлекеттік қызметкерлер де баршылық. Барлығымзыдң басымызды ортақ сүйікті спорт түрі осы Бильярд ойыны қосуда. Былтыр Өскемен, Шымкент, Омск, т.б. қалаларда өткен турнирде де қатысып қайттық. Біздің қаламызда да осындай турнирді өткізуге облыс тарапынан көмек болатындығында облыстық спорт комитеті ескеріп жатқандығы қуанышты хабар біз үшін. Бүгінгі турнирді ұйымдастырған ұйымдастырушыларға алғысымыз шексіз.
Тастаяқ шеберлерінің арасында өткен бұл турнир барлығына үлкен әсер қалдырды. 50 жастан жоғары жастағы қатысушылар тастаяқ ойынының кәсіби шеберлері екендігін турнирде көрсетіп, тәжірибелері молдығын дәлелдеді. Кілең «көздеп, мен атайын» деген мықтылар. Арасында талай жарыстарда орын алып жүрген өңшең майталман мықты бильярдшылар да баршылық, бильярд ойынының жілігін шағып, майын ішкен, әр өңірдің намысын қорғап жүрген майталмандар да бар. Олардың ойыны тіптен ерекше. Соққан соққылары торға дәл даритынына шүбә келтірмейсің. Қарап қызыға да таңдана да қарайсың шеберліктерінде сөз жоқ.
Екінші күні жарыс қыза түсті. Алма-кезек ауысқан қатысушылар шарды бильярд торына шебердің шеге қаққанындай ғып тоғытып жатты. Бұл олардың тастаяқ спортының қыр-сырын меңгергендігінің нәтижесі. Келген көрермендер де қатысушылардың шеберлігіне тәнті болды.
Тамаша ойын көрсетіп, жеңіске жету үшін барша қатысушылар шын шеберліктерін көрсетіп, өскелең ұрпаққа үлкен өнеге болды. Қашанда саламатты өмір салтын берік ұстанған тұлғалардың басын біріктіріп, осындай республикалық тұрғыда турнир өткізіп тұруды дәстүрге айналдырып келе жатқан «Астана қырандары» командасына баршамыздың алғысымыз шексіз. Алдағы уақытта да осындай үлкен турнирлер өткізілетін болады. Тағы да жеңістеріңіз құтты болсын, тастаяқ шеберлері! демекпіз.
«Біз салауаттылық үшін өнеге көрсетеміз!» деп ұрандатқан қатысушылар жемісті жұмыстарын абыройлы атқарумен қатар, уақы тауып, спортпен тұрақты түрде айналысып, салауатты өмір салтын қалыптастыруды өз міндеттері санап үлгі көрсетіп жатқандықтары үші алғысымызды білдіреміз. Шараны жоғары деңгейде ұйымдастыра білген ұйымдастырушыларға ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және Дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Елсияр Баймұхаметұлы Қанағатов мырзаға, Ұлы Дала Қырандары әлеуметтік, мәдени-спорттық қозғалысының теңтөрағасы Сәдібек Түгел мырзаға, турнирдің бас төрешісі Ерболат Жұмағұловқа, ұйымдастыру комитетінің төрағасы Мирашев Қайрат ағамызға, «Зодиак» клубының әкімшілігіне барша қатысушылардың атынан зор алғысымызды білідіреміз!

Бахыт Мухамедрахимова-ТАСОВА.
Дидар НҰРЖІГІТ.

Сондай-ақ, оқыңыз

«Олардың есімдері – біздің жүрегімізде»

18 мамырда ҚР Президенттігіне кандидат Сәдібек Түгел елордадағы Халықаралық баспасөз орталығының құрылғанына 20 жыл толуына …