Халық өлшемдері – ұлт мәдениеті мен этнографииясының қызықты салаларының бірі болып саналады. «Халық айтса қалып айтпайды» дегендей халық өлшемі анық өлшем десек қателеспейміз. Өйткені оны ата-бабаларымыз бірнеше ғасырлар бойы қолданып және сол арқылы өлшем негіздерін жасаған. Оны төмендегідей бөлуге болады.
Салмақ өлшемдері:
Мысқал — 1 грамм
Қадақ — 400 грамм
Келі — 1 килограмм
Пұт — 16 килограмм
Батпан — 100 килограмм
Ұзындық өлшемдері:
Елі — 1,5 сантиметр
Тұтам, сынық сүйем — 14-15 сантиметр
Сүйем — 17-18 сантиметр
Қарыс — 20–22 сантиметр
Кез — 50 сантиметр
Аршын — 75 сантиметр
Құлаш — 1,80 метр
Қашықтық өлшемдері:
Адым (қадам) — 1 метр
Таяқ тастам — 1015 метр
«Әй» дейтін жер — 100 метр
Дауыс жететін жер — 250-300 метр
Шақырым — 1 километр
Тай шаптырым — 4-5 километр
Қозы көш жер — 5-6 километр
Мерзім (уақыт өлшеуіші) :
Бір сәт — 1 секунд
Сұт пысырым — 5-10 минут
Бие сауым — 1,5 сағат
Ет пысырым — 2,5-3 сағат
Бір түн, бір күн — 24 сағат
Апта — 7 күн
Ай — 30-31 күн
Тоқсан — 3 ай
Жыл — 365 күн
Ғасыр — 100 жыл
1 мүшелмен — 12 жыл
1 мүшел — 13 жас
2 мүшел — 25 жас
3 мүшел — 37 жас
4 мүшел — 49 жас