Мені халық қолдады.

Әріптесіміз журналист, танымал қоғам қайраткері Сәдібек Түгел «Халықтың сүйіктісі» атанды.

2018  жылдың 3-ші ақпаны күні жаңа елордамыз-астана қаласының «Риксос -президент» қонақүйінің «Жерұйық» залында «Халықтың сүйіктісі-2017жыл» Ұлттық байқауының жеңімпаздарын марапаттауға арналған салтанатты шара жоғары деңгейде өткізілді. Оған республикаға есімдері танымал зиялы қауым өкілдері мен министрлер, қоғам қайраткерлері, бизнес өкілдері, жазушылар мен журналистер қатысты. Залда ине шаншар жер болмады. Мен, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзі «Халықтың сүйіктісі» атанған осы әдемі кештен үлкен әсер алдым.

«Жігітте де жігіт бар, АЗАМАТЫ бір бөлек, жылқыдада жылқы бар, Қазанаты бір бөлек» деп ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, шаршамай, шалдықпай ұлтқа адал қызмет істер жүрген әріптесіміз Сәдібек Түгел ағамыз марапаттауға шақырылығанда залдағы халықтың дуылдатып қол соғып, орындарынан тұрып зор құрмет көрсеткендерінің куәсі болдық.

«Халықтың сүйіктісі» атағын Сәді-ағаға ҚР дін істері және азаматтық қоғам Министрі Нұрлан Ермекбаев пен ҚР Парламенті мәжілісінің 5-6 шақырылымының депутаты Айгүль Соловьева табыс етті. Мүмкіндікті пайдаланып халықтың сүйіктісін әңгімеге тарттық.

-Аға, атағыңыз құттыт болсын, қандай әсерде тұрсыз?

– Біріншіден, осындай абыройлы күнге жеткіздірген жаратушыға ризамын.

– Екіншіден, мен бала кезімде қолыма құман мен леген ұстап, иығыма қол сүртетін орамалды іліп алып Ұлы Шыңғыс қаһан дүниеге келген Алтай тауларының баурайындағы ауылымызда үлкендердің қолына су құятынмын. Осы жұмыстың шебері болып, құлшыныспен атқаратынмын. Сонда ауылдағы ата-апаларымыз: «Өркенің өссін! Үлкен азамат бол. Халықтың қадірлісі бол!»-деп баталарын беруші еді. Бүгінгі марапат сол ата-бабалардың ақ тілектерінің орындалғаны деп санаймын.

Үшіншіден, мені қолдап екі турда да дауыстарын берген мыңдаған қазақстандықтарға алғысымды айтамын.

Әсер дейсіңбе? Жүрегімді қуаныш сезімі кернеп, көңілім толқып, төбем көк аспанға бір елі жетпей тұр. Әрине қуаныштымын. Елге арналған еңбегімнің еленгені мерейімді өсіріп, ойыма да бойыма да қанат бітіріп тұр.

– Оқырмандарымыз сұрап жатыр «Байқау қалай ұйымдастырлды? Ережесі қандай болды? Оған қалай қатысуға болады? Ережесі бар ма? Сіз, осы конкурсты қалай бағалайсыз?».

-Жауапты соңғы саулыңыздан бастайын. Жоғары бағалаймын. Ертеректе бір дана қария айтқан екен. Балаларымның бәрі жақсы, бірінен-бірі өтеді. Соның ішінде ЕРТӨСТІГІМ бір бөлек деп. Оған ешкім жетпейді. Бізде не көп байқаулар көп. «Жыл адамы», «Ғасыр саңылағы», «Үздік азамат» және тағы басқалары. Олармен салыстырғанда, Ғалым Байтық басқаратын «Республика – Даму – Аймақ» қоғамдық Қоры ұйымдастырған «Халықтың сүйіктісі»  ұлттық байқауы көш ілгері тұр. Аталарымыз ежелден  еркіндік пен әділдікті аңсаған емес пе. Мұнда әділдік те, таңдау да, демократиялық нышандар бар. Халық әлеуметтік желілер арқылы екі ай бойы дауыс береді. Сонда, кім көп дауыс алса, сол жеңіске ие болады. 15 номинация бойынша бірінші турда, 150 үміткерлер бақтарын сынаса екінші турда 60 адам жарысқа түсті. Сол додада мен топты жардым. Ең көп дауысқа ие болып «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢ ҮЗДІК ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ» – атты жоғары атағына ие болдым. Жалпы алағанда, барлық үміткерлерге 500 мыңнан астам желі қолданушылар дауыс берді.

RS: (АВТОРДАН) Сәдібек Түгел 1998 жылдың басында Жаңа Елордамыздың тұңғыш баспасөз хатшысы болып тағайындалды.

Сәді ағаның тікелей атсалысуымен жаңа Астананың баспасөзінің негізі қаланып, іргетасы салынды. Көптеген жаңа Бұқаралық Ақпарат Құралдары құрылды, астаналық ақпарат кеңістігі қалыптасты. Сәдібек Түгел Астана қаласының Халықаралық Баспасөз Орталығын ашып, 1000-нан астам баспасөз маслихаттарын, брифингтер, кеңестер және қызықты кездесулер өткізді.

Саясаттанушы ретінде 2001 жылдан 2002 жылға дейін Республикалық Халықтық-патриоттық «Менің Қазақстаным» қозғалысының төрағасы болды. 2002 жылдан 2004 жылға дейін Халықаралық Баспасөз Орталығының басшысы болып жұмыс істеді.

2004 жылдан 2005 жылдар арасында Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының бөлім меңгерушісі болды.

Сәдібек Түгел ҚР Ұлттық Спорт Түрлері қауымдастығының  және Ұлттық Ат Спорты Федерациясының негізін қалаушылардың бірі. Қазір осы Федерацияның президенті. Ол 1996 жылдың 1-ші наурызында өткен Қазақстан Атбегілерінің тұңғыш құрылтайының ұйымдастырушысы. Ұлы Даланың атақты тұлпары Құлагерге ескерткіш салу идеясының авторы әрі негізгі ұйымдастырушысы. Қазір ол достарымен бірлесіп, дүниежүзінде теңдесі жоқ «Ұлы Дала Даңқы» мұражайын салуда. Сәдібек Түгел Астанаға арналған «Астана қаһармандары» – «Первопроходцы Астаны» және «Қазанат» жобалардың авторы. Ол 20 дан астам кітаптарды жарыққа шығарып, оқырмандар құрметіне бөленген жазушы.

Астана радиосы ұйымдастырған үлкен Акцияда «Астананың 10 жылдығының қаһарманы» атағына ие болды. Ол ҚР Жазушылар Одағы, ҚР Журналистер Одағының мүшесі. ҚР Гуманитарлық Ғылымдар Академиясының Академигі. Шығыс Қазақстан облысы Құрметті азаматы. ҚР-ның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы.

«Ұлы Дала Қырандары» халықтық қозғалысының тең төрағасы.

Дидар Нұржігіт. Астана қаласы.

Сондай-ақ, оқыңыз

«Олардың есімдері – біздің жүрегімізде»

18 мамырда ҚР Президенттігіне кандидат Сәдібек Түгел елордадағы Халықаралық баспасөз орталығының құрылғанына 20 жыл толуына …