Жолдауға қолдау

Астана қаласында  күн сайын әр мекемеде  Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауы төңірегінде түсіндірме жұмыстары өтіп жатыр. Соның бірі бүгін Астана қалалық СПИД ке қарсы күрес орталығында өтті. Орталыққа  Республикалық ЖИТС-ке қарсы күрес орталығының бас директоры Б.С.Байсеркин, Тері-венерологиялық ғылыми-зерттеу институтының директоры м.а. А.Т.Абишев және Қазақстанда АИТВ бойынша ЮНЭЙДС-тің арнайы уәкілі Б.К.Артаев келіп сала мамандарымен  кездесті.

Кездесу барысында  Бауыржан Сәтжанұлы Президенттің халыққа Жолдауына қолдау көрсету керектігін сондай-ақ жеті басымдылықтың бірі- медицина саласына бағытталғанын атап айтты.  «Үздік денсаулық сақтау ісі және дені сау ұлт» деп аталатын   басымдылығына кеңірек тоқталып әр сөйлемге жеке-жеке мән берді. Б.С.Байсеркин «Саламатты өмір салтын насихаттай отырып, қоғамдық денсаулықты басқару ісін күшейту керек» деп Елбасымыз айтқандай» біз де өз саламыздың қызмет сапасын арттыруымыз қажет дей келе , АИТВ-ның алдын алу жұмыстарындағы 2018 жылға арналған нақты тапсырмаларды айтып өтті.

Жиын барысында өз кезегінде сөз алған Б.К.Артаевта Жолдаудағы көңіліне қонымды тұстарын айта келе өзінің осы сала қызметкерлерімен тығыз байланыста жұмыс атқаратынын және жастарды салауатты өмір салтын ұстануға, АИТВ-ның алдын алу жұмыстарына спорт арқылы бейімдейтінін айтып өтті.

 

Бақытгүл САЛИ.

Сондай-ақ, оқыңыз

«Олардың есімдері – біздің жүрегімізде»

18 мамырда ҚР Президенттігіне кандидат Сәдібек Түгел елордадағы Халықаралық баспасөз орталығының құрылғанына 20 жыл толуына …