Құрметті оқырман қауым!

Осы жылдың тамыз айының басында Ресейдің Ростов-На-Дону қаласынан достарым Астанаға  арнайы қонаққа келді. Бірден қазақтың кең жазира даласы Сарыарқаның нақ ортасында орналасқан біздің жаңа Елордамыздың қарышты әрі керемет дамуы оларды тамсандырып, таң қалдырды.  Олар: -«Әлемнің талай қалаларын араладық, дәл сіздердегіндей жылдам қарқынмен сапалы шаһар тұрғызып жатқан елді тұңғыш көріп тұрмыз»-деп Астанамызға жоғары баға берді. «Біз-Астаналықтар!» журналы әрдайым жаңа Елордамыздың өсіп-өркендеуіне атсалысып, өз үлесімізді қоса береміз. Бұл басылымның айшықты міндеті.

Журналдарыңыздың екінші санының жарыққа шығуымен сіздерді  шын жүректен құттықтаймын. Оқырмандар үшін де, басылымды шығарушы шығармашылық топ үшін де бұл қанышты жәйіт екені белгілі.    Біздің кейіпкерлеріміз жаңа елорданың көркеюіне барынша мол үлес қосып жүрген өз замандастарымыз. Олар құрылысшылар, мұғалімдер, дәрігерлер, жүргізушілер, жастар,зейнеткерлер және қаланың барлық тұрғындары.       Жаңа Елордамыз-Астана қаласы сәулетті ғимараттары, әсем көшелері,аллеялары, саябақтары, небір фонтандары бар  таңғажайып шаһар. Астанамызға сәнді архитектуралық кешендер мен әсем ескерткіштер  көрік беріп тұр.Астана ертегі қала, ерке қала. Астана бақытты жастар мекені. Астананың болашағы өте зор.

Журнал беттерінен Сіздер «Luxe Development» құрылыс фирмасына және астаналықтарға арналған мақала, материалдармен  және қаланың тыныс-тіршілігін, тарихын, өсіп-өркендеу, даму жолдарын баяндайтын фотосуреттермен таныса аласыздар. Бізбен бірге болыңыздар! Іске,сәт!

Құрметпен, Сәдібек Түгел