Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай 8-9 қазанда «Қуатты өңір – қуатты Қазақстан» акциясы аясындаАстана қаласында Шығыс Қазақстан облысының күндері өтеді. 8 қазан күні «Көрме» орталығында Қазақстан облысының жетістіктері жайлы паш ететін «Бейбітшілік пен жасампаздықтың 25 жылы» атты бұйымдар мен өнімдердің көрмесінде Берел қорымы, Шілікті обасы сынды бірқатар тарихи орындарда табылған құнды археологиялық артефактілердің көрмесі өтуде. ШҚО Туристік ақпараттық орталығының директоры Тоқтарбаев Данияр көрмемеде «it юрта» атты интерактивті кешенімен таныстыруда. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде өңірдің бай мәдени өмірін таныстыратын «Шығыс Қазақстан суретшілері.Уақыт портретіне штрихтер» және «Үлкен жол кезеңдері» тақырыбындағы сурет және фото көрмелері, Қазақстан Республикасының Ұлттық Академиялық кітапханасында «Тәуелсіздіктің жарқын жетістіктері: Шығыс Қазақстан» аттыкітап көрмесі, театр сүйер қауымға, дәл осы күні Л. Гумилев атындағы Еуразия Ұлтттық университетінде Өскемен қаласындағы облыстық драма театры сахналайтын К. Людвигтің «Жұлдызды сәт» қойылымы және Семей қаласының Абай атындағы облыстық театры ұсынатын Ф. Достоевскийдің «Дядюшкин сон» атты спектакілі көрсетілуде. «Қазақстан» спорт сарайында «Торпедо» және «Астана»балалархоккей командалары арасындағы достық турнирі, «Барыс» х/к-ның белді ойыншысы Талғат Жайлауовтың қатысуымен балаларға хоккейден шеберлік сабағы өткізіледі. Жалпы өтіп жатқан көрмелер, қойылымдар, концерттік бағдарламалар мен ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесінен тұратын іс-шараларелордалықтарға Ел тәуелсіздігінің 25 жылында облыстың экономикалық және мәдени салада жеткен жетістіктері жайлы баяндайды.
Шығыс Қазақстан облысы жайлы тоқталар болсақ, 25 жылда әлеуметтік-экономикалық, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, мәдениет және спорт салалары бойынша жарқын жетістіктерге жетті.
Атап айтсақ, 25 жыл ішінде жалпы өңірлік өнім көлемі 8,8 миллиард теңгеден 2,3 триллион теңгеге дейін немесе 260 есе өсті. Жалпы ішкі өнім тұрғындар санына шаққанда 5 мың теңгеден 1656,2 мың теңгеге дейін немесе 330 есе ұлғайды.
Ел Тәуелсіздігінің 25 жылы ішінде өңірде 150 білім нысаны салынды, оның ішінде 129 мектеп, 21 балабақша бар, 100-ден астам денсаулық сақтау нысаны ашылды, олардың қатарында 17 аурухана, 28 ауылдық дәрігерлік амбулатория, 7 медициналық пункт, 13 стамотологиялық клиника бар. Мұнымен қоса, 40 мәдениет нысаны ашылды, оның ішінде 11 Мәдениет үйі, 5 Достық үйі, 10 саябақ, 3 мұражай бар. Спорт саласында 300 жаңа нысан пайдалануға берілді, оның ішінде 17 сауықтыру кешені, 139 футбол алаңы, 137 хоккей қорапшасы, 2 ипподром, 3 хоккей модулі, Жекпе-жек сарайы, теннис корты, жеңілатлетикалық манеж, орталық жабық жүзу бассейні, спортқа дарынды балаларға арналған мектеп-интернат, тау шаңғысы кешені ашылды.
Өңірде іске асырылып жатқан жобалар тек дамуды ғана емес, бастысы халықтың жағдайын жақсартып, біртектілікті нығайтып, бейбітшілікті сақтауға бағытталуда.
«Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығының алаңында «Қазақстанда жасалған» атты ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылуда. Жәрмеңкеде елорда тұрғындарына 300 тоннаға жуық түрлі ауыл шаруашылық өнімдері ұсынылуда.
Атап айтқанда, «Конгресс-холл» және «Хан шатыр» алдындағы алаңдарда қала тұрғындары Қарағанды мен Шығыс Қазақстан облыстарынан жеткізілген өнімдер нарықтық бағадан 15-20 пайызға арзанға саудалануда. Белгілі болғандай, қалалықтар картоп, пияз, ет, ұн, қант және шұжық өнімдерін белсенді сатып алып жатыр.
Жәрмеңкеде ірі қара мал етінің бағасы келісіне 1100 теңге, жылқы еті – 1250 теңге, қой еті – 1050 теңге сомасында өткізілуде. Ал шұжық өнімдері де нарықтық бағадан төмен деңгейде сатылуда. Сонымен қатар осы өңірден жеткізілген балдың түрлері сатып алушылар арасында үлкен сұранысқа ие болып отыр. Жалпы жәрмеңкеге шығыс өңірден 400 тоннадан астам ауыл шурашылығы өнімдері жеткізілді. Оның ішінде жылқы еті – 42 тонна, құс еті -8 тонна, өсімдік майы- 10 тонна, шұжық өнімдері – 7 тонна, бал- 30 тонна, картоп- 8 тонна, көкөніс – 107 тонна көлемінде қамтылды.
Айта кетейік, аталған Шығыс Қазақстан облысының ауқымды жәрмеңкелері мен мәдени шаралары Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдыған арналып отыр.