Сәдібек Түгел үгіт-насихат науқанын түнгі клубтан бастады

Жексенбіге қараған түні «Ұлы Дала қырандары» республикалық қоғамдық қозғалысынан ҚР Президенттігіне  үміткер  Сәдібек Түгел елордадағы үш түнгі клубта өткізілген қоғамдық рейдке қатысты.

 «Халық сүйіктісі» атанған С.Түгел биылғы жастар жылында жас буынның бос уақытын қалай өткізетіндігін көзімен көріп, оларға  адамгершілік пен ізгілік жайлы, отансүйгіштік, елдік мәселесі тұрғысында  сөз қозғады.

ҚР Президенттігіне үміткер, қоғам қайраткері, журналист-жазушы ұлттық ат спорты ойындарының негізін қалаушы Сәдібек Түгел  сайлауалды бағдарламасында басым бағыттардың бірі жастардың ұлттық құндылықтарды ұлықтауға негізделгендіктен мұндай  іс-шаралардың өткізілуі маңызды деп санайды.

Жастармен сөйлескен кезде ол бос уақытты тиімді пайдалану мен көңілді өткізудің де қажеттігіне тоқтала келе, жастар қоғамның қозғаушы күші   болғандықтан  ар-намысты бәрінен биік қою қажет деп түйіндеді.

Сондай-ақ, оқыңыз

«Олардың есімдері – біздің жүрегімізде»

18 мамырда ҚР Президенттігіне кандидат Сәдібек Түгел елордадағы Халықаралық баспасөз орталығының құрылғанына 20 жыл толуына …