«Ақмол ақпараты» газетінің бас редакторы Жанат Сәлкенұлы Түгелбаев

Ақмола облысы Целиноград аудандық «Ақмол ақпараты» газетінің бас редакторы Жанат Сәлкенұлы Түгелбаев мырза туғанына 60 жас толуына орай және еліміздің ұлттық құндылықтарын ұлықтаудағы ерен еңбегі үшін «Ұлы Дала Қырандары» республикалық қоғамдық мәдени-әлеуметтік қозғалысының АЛҒЫС ХАТЫМЕН марапатталады. Сізге мықты денсаулық, мол бақыт және үлкен жеңістер мен жетістіктер тілейміз!

Түгелбаев Жанат Сәлкенұлы 1956 жылы 1 ақпанда Ақмола облысыныњ Ерейментау ауданында дүниеге келді. Кеңес үкіметі кезіндегі  єскери міндетін орындағаннан кейін, ол Алматының С.М. Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетін тәмамдап еді. Еңбек жолын туған елі Ерейментау ауданы газетінде бастап, 1988 жылы осы елдің партия комитетініњ үгіт-насихат білімінде, ал 1989 жылы – Целиноград облысы партия комитетініњ аппаратында нұсқаушы қызметтерін атқарды.Ерейментау ауданында қызметте жүргенінде қоғамдық-мәдени шараларға белсене араласып, тұңғыш рет қазақтың ұлттық өнері – Ақындар айтысын ұйымдастырып, Тілдің, Дәстүр мен Көне өнердің бастау алуына жол ашты. Ел ішінде талабы бар, бірақ ескерусіз жүрген талантты ақындарды іріктеп, олардың тұсаукесер мәдени жұмысына мұрындық бола білді.

Бұдан кейін, бұл халықтық шаралар кеңінен қанат жайып, Ерейментау ақындары облыс пен республика деңгейіне дейін көтеріліп еді.1991 жылы Қанжығалы қарт Бөгенбай батырдыњ 300 жылдық тарихи  мерейтойына  байланысты, оған облыс басшыларынан тапсырмалар жүктеліп, сол бойынша тарихи кітап, далалық сахнаға арналған сценарийлер, буклеттер дайындауына тура келді. Сәтті атқарылған жұмыстары  үшін оған Ақмола облыстық ұйымдастыру алқасының Алғыс хаты мен арнайы сыйлығы тапсырылды.

Ақмолада (Астанада) Сәкен Сейфуллиннің 100 жылдық мерейтойына орай, шынайы деректер мен ќұжаттарға толы кітап шығарылды. Соның авторлары А. Көкенов пен Ж. Түгелбаев .Облыстыќ партия, сондай-ақ  Атқару комитеттерінде, Әкімдікте істеп жүргенінде Ж.С. Түгелбаев радио-теледидар, баспасөз бен мәдениет ошақтарына творчестволық жағынан жетекшілік жасады. Қазақ тілді хабарлар, газет материалдары жөнінен жүйелі жиналыстар өткізіп, оның сапасы, өткірлігі мен өтімділігі туралы пікірлерін айтып, облыстық бұқаралық ақпарат құралдарының өсу-дамуына шама-шарқынша үлес қосты. 1993-1996 жылдары Жанат Сєлкенұлы Ақмола облыстық Тіл дамыту  комитетіне жетекшілік жасап, теріскейде тұралап қалған қазақ тілінің қаз-қаз басуына біраз маңдай терін төкті. Ономастикалық комиссия отырысында Тың көтеру кезінде көшпен өзгертілген қазақтың  жер-су аттарының қайта өз атауын табуына ерекше мєн берді. Ильинка аталған Целиноград ауданының жері сол кезде Қараөткелге ауысып, оның біраз керағар мінезді шенеуніктермен арпалысуына тура келіп еді. Алексеевка, Макинка, Вишневка аудандарыныњ атын қазақшалауға ұсыныс жасаған.

1996 жылдан бастап Ж.С. Түгелбаев Астана маңындағы Ақмола облысының айтулы бір өңірі – Целиноград ауданының газеттеріне басшылық жасап келеді. Жер-су аттарының дұрыс жазылуына бірден-бір үлес, қолдау көрсетіп келе жатқан тұлғалардың бірі осы Жанат Түгелбаев болар.   Оның қолдауымен Р.Қошқарбаев, Қабанбай батыр, Қажымұқан сияқты қазақтың дарабоз ұлдарының аттары, жасанды орысша атауға ие болған жерлерге (Косчеку – Қосшоқы, Челкар – Шалқар, Косчи – Қосшы, т.т.), өзен-су аттарына бұрынғы қазақи атаулары қайтарылды. Оның талай тұщымды материалдар да аудандық, облыстық газет беттерінде  үзбей жарияланып келеді.

Осы  жылдар ішінде Жанат Сєлкенұлына қоғамдық-мәдени салада сіңірген еңбегі үшін Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Алѓыс хаттары, облыс пен аудан әкімдерінің бірнеше Мақтау қағаздары, Қазақстан Журналистер Одағының, сондай-ақ Астана қаласыныњ «Атамекен» кәсіпкерлер филиалы президентінің  Алғыс хаттары мен сыйлықтары берілді.

Жанат Сәлкенұлы «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне – 10 жыл», «Астана қаласына – 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Тєуелсіздігіне – 20 жыл» мерекелік медальдарымен де марапатталған.
2012 жылы оған Ақмола облысының әкімі Қ.П. Қожамжаровтың Алғыс хаты, Қазақстан Республикасының Астанадағы Бас редакторлары клубының Құрмет грамотасы тапсырылды.
Жанат Сәлкенұлы екі тілде (қазақша, орысша) жазатын журналист болғасын, оның материалдары республиклық «Егемен Қазақстан», «Казахстанская Правда», Ақмола облысының «Арқа ажары» мен «Акмолинская Правда» газеттерінде жиі жарық көруде.


 

 

 

 

 

 

 

«Ұлы Дала Қырандары» республикалық қоғамдық
мәдени-әлеуметтік қозғалысының төрағасы,
ҚР еңбек сіңірген қайраткері, жазушы Сәдібек Түгел

Сондай-ақ, оқыңыз

«Олардың есімдері – біздің жүрегімізде»

18 мамырда ҚР Президенттігіне кандидат Сәдібек Түгел елордадағы Халықаралық баспасөз орталығының құрылғанына 20 жыл толуына …