Бүгін Шетпедегі жастар орталығының мәжіліс залында осындай тақырыпта дөңгелек үстел өтті. Жиынға жастар орталығының мамандары мен бірге шартты жазамен жүрген жазасын өтеуші жастар, аудандық ішкі істер бөлімінің пробация бөлімшесінің басшысы Әлжан Қарабасов қатынасты.
Жиынды жастар орталығының басшысы А.Қонарбаев ашып жүргізіп отырды. А.Қонарбаев: «Еліміздегі қылмыстық-атқару жүйесіне пробация қызметінің енгізілгеніне көп бола қойған жоқ. Аталмыш жаңалықтың Қазақстанда заңды түрде бекігеніне де бір жыл ғана. Дегенмен әлемдік тәжірибеде кеңінен қолданылатын бұл қызмет шетелдерде бірнеше бағыттан тұратын үлкен жүйеге айналған.Жалпылай айтсақ, бұл қызметтің мақсаты – шартты түрде бас бостандығынан айырылған азаматтарға әлеуметтік-құқықтық қызмет көрсету. Еліміздегі қылмыстық саясат тұжырымдамасының негізгі бағыттарының бірі – істі болған жандарды бас бостандығынан айырмай жазаға тарту болса, пробация осы бағытқа дәл келеді. Жалпы, пробация сөзі, қазақшаға аударғанда «сынау, байқау» дегенді білдіреді екен. Яғни сынаудың негізі – адамның қылмыс жасағанына қарамастан, оның түрмеге отырмауына мүмкіндік беру. Ол үшін қылмысқа барған адам сот міндеттеген шарттардың бәрін орындауы керек. Осылайша, байқаусызда сүрінген жандар болса, оларды түрмеге тықпай, қоғамға бейімделуіне мүмкіндік беру. Ал пробация қызметі ондай жандарды бақылап қана қоймай, әлеуметтік мәселелері болса, шешуге ықпал жасайды.Осы ретте бүгін біздер әлеуметтің осындай топьтарымен жұмысты қолға алғалы отырмыз.» деді.
Бұдан соң Ә.Қарабасов сөз алып: «Қазақстанда пробация жеке институт ретінде толық қалыптаса қойған жоқ. Дегенмен оның кейбір элементтері қылмыстық атқару жүйесінде байқалып қалады. Мәселен, шартты түрде бас бостандығынан айыру, жүкті әйелдердің жаза мерзімін азайту, кішкентай баласы бар әйелдерді уақытынан ерте босату секілді. Алғашында Қазақстанда шартты түрде сотталғандарға қатысты шартты үкімдік пробация қалыптастыру көзделген. Өйткені шартты түрде сотталғандар сынақ мерзімінде жүреді. Ал сынақ мерзімін беру – пробацияның негізгі белгісі,» – деді.
Жиында сондай ақ аудан прокурорының көмекшісі Гүлжамила Сартаева сөз алып: «Аталмыш қызметке деген қажеттіліктің туындау себебі, қылмыстық-атқару инспекциясына қарайтындардың 85 пайызы – шартты түрде бас бостандығынан айырылғандар. Олар айына 2 рет пробация қызметіне келіп, тіркеліп тұруға міндетті. Сондай-ақ қала аумағынан шықса немесе тұрғылықты мекенжайын ауыстырса, пробациялық қызмет өкілдеріне міндетті түрде хабарлауы қажет. Г.,Сартаеваның айтуынша, пробация қызметкерлерінің әрекеті заңға қайшы болса, онда ҚР заңдарына сүйене отырып, шағым түсіре алады.
Жиын соңында Ә.Қарабасов пен А.Қонарбаев аудандағы пробация қызметін әріқарай жанданадыру үшін ортақ жұмыс жасау ниетте әріптестік меморандумына қол қойды. Бұдан әрі орталық мамандары мен пробация қызметкерлері шартты түрде бас бостандығынан айырылғандардың сот міндеттемелерінің орындалуын қатаң қадағалаумен қатар, оларға әлеуметтік-құқықтық, психологиялық және салауаттылықты насихаттайтын, спортқа баулитын қызмет көрсетілетін болды..
«Бүгінгі жиында маған болашақата білім алып, кәсіп меңгеріп, жұмысқа орналасуыма ықпал жасап, ауырып қалсам, дәрігерлік көмек көрсетуді қамтамасыз ету,қоғамдық мәдіени спорттық шараларға белсене араласуыма жол ашылатын болды. Жиында белгілі болғандай әлеуметтік-құқықтық көмек әрқайсымыздың қажеттілігімізге байланысты көрсетіледі деп шешілді. Пробациялық қызметке жергілікті атқарушы органдар, үкіметтік емес ұйымдар, жастар ұйымдары жәрдемдесетіндігін естіп қуанып отырмын» дейді Шетпелік шартты жазасын өтеуші Абабукиров Даурен.
Лаззат Алхамқызы.
Жастар ортлағының маманы
Маңғыстау ауданы.