Туған ұлтқа адал қызмет істеймін десеңдер, әділдік, шындық жағында болыңдар.

Сәдібек ТҮГЕЛ.

 «Ұлы Дала Қырандары» республикалық қоғамдық мәдени-әлеуметтік қозғалысының «Жас  Қырандар» жастар қанатының мүшелерімен  2016 жылдың 18 қыркүйегі күні  кездескендегі айтылған ой-пікірлер мен сұрақтарға жауап. Сіздер мені бүгін шын қуантып отырсыздар. Бір айға созылған түсіндіру жұмыстарының негізінде бір «Сауна-24»-тің жабылуына қол жеткіздіңіздер. Бұл сөзсіз үлкен нәтиже. Себебі, бәрі алғашқы қадамға байланысты. Басқалар Сіздерден үлгі алады. Шындығында «Сауна-24»-тер «жынойнақ», «сексхана», «бордель» болып  кеткен. Ол  жастарды адастыратын, ар-ұяттан  бездіретін  орындар. Бір сөзбен түйіндегенде ол орындар біздің жетістігіміз емес қасіретіміз. Сондықтан да , Сіздердің  нақты қадамдарыңызға риза  болып, қуанып  отырған  жайым бар. Расында, ол бір күндік не бір айлық жұмыс емес. Оған көп уақыт кетеді. Шаршамаңдар. Аллатағаладан қайтады. Қасиетті істі атқарып жүрсіздер. Жолдарыңыз ашық болсын! Сіздердің бұл игі бастамаларыңызды басқа қалалардағы жастар, ағайындар іліп әкетсе құба-құп болар еді. Әрине, көп ойланып, қыруар  табыс әкеліп тұрған саунасын жабуға келіскен сауна иесінің аты-жөнін жариялау қажет емес. Енді өмірде оның жолы болады. Жолы ашылады. Ол шайтанның азғыруынан құтылды. Өйткені «Сауна-24»-тер баяғыда шайтани мекенге айналынып кеткен  емес  пе?

Діни жұмыстарға байланысты сауалға жауап. Дұрысында мен осыдан үш-төрт ай бұрын «Діни істер Агенттігі» құрылуы және оның басшылығына Қайрат Лама-Шариф бауырды шақыру қажеттігін айтқан болатынмын. Ол сөзім сол кездерде ғаламторда жарияланып, үлкен пікір талас тудырды. Қорытындысында Агенттік емес «Діни істер мен азаматтық қоғам министрлгі» құрылды. Оның басшысы болып Ермекбаев Нұрлан Байұзақұлы бекітілді. Ал, азаматтық қоғамға келсек, менің ұсынысым «Мемлекеттік қызмет министрлігін таратып оның орнына «Идеология және қоғам тәрбиесі» министрлігін құру туралы болған. Ол ұсыныстарым да ФБ жарияланған. Негізінен алғанда, айтқандарым тура келуде. Бұл жерде, бауырлар, мәселе идеологияда. Мен оны 20 жыл бойы «Идеология мен экономика» қыран құстың қос қанатындай бірге болуы шарт деп, айтып, талмай жазып келемін. Идеология дегеніміз- тәрбие. Бәрі тәрбиеге байланысты. Сол тәрбиенің жоқтығынан көптеген жастар мен біздің қоғамдағы біраз адамдар арсыздық жолға  түсті. Ар-Ұждан,  Ар-Намыс далада қалды. Жезөкшелер мен гейлер көбейді. Ал, бізде ең алдымен экономика, сосын ғана саясат деген ұғым қалыптасты. Саясат пен идеологияны ажырата алмай қалды шенеуніктер. Тағы айтам, балалар , идеология ең алдымен тәрбие. «Ұяда не көрсең, соны ілесің». Ал, бізде , тәуелсіздіктің басында, мұқият болжап, таразыға салғанда жаман емес мынандай ұран тасталды: «Байыңдар, байыңдар және байыңдар. Бір қазақ байыса екінші қазаққа жаман болмайды» деген. Соны ұлтына жаны ашымайтын базбіреу жауыздар кері түсінді.

 Олар:«Байыңдар, байыңдар және байыңдар деген ұранды «ұрлаңдар, ұрлаңдар, ұрлаңдар» дегенге ауыстырып, арам қолдарын мемлекет қалтасына аямай салды. Оның зардабын  тартып отырмыз. Соған  халық болып  тосқауыл қоюымыз керек.

Мемлекеттік қызмет министрлігі құрылғанда өз басым аң-таң болғанмын. Ол министрлік немен шұғылданады, шенеуніктерді кімдерден қорғайды деп. Ондай құрылымның қандай қажеттілігі бар деген. Оның орнына кейбір жемқор мемлекет қызметкерлерінен қарапайым халықты қорғайтын құрылым құрған дұрыс болар еді деп санғанмын. Сондықтан  да, «Мемлекеттік қызмет министрлігін» таратып, оның орнына «Идеология және қоғам тәрбиесі» министрлігін құру қажеттігін айтқан болатынмын. Түбінде осындай осындай министрлік болғаны дұрыс болар еді.

Ал, Қайрат Лама –Шарифке келсек, ол елімізде бірінші болып салафиттерді әшкерледі. Үлкен білімді,  білікті әлемдік деңгейдегі діни маман екендігін ісімен дәлелдеді.

Келесі сұрақтарың, қылмыскерлерді өлім жазасына кесу туралы. Толығымен келісемін. Ақтаудағы жағдай. Алты жасар бүлдіршінді зорлаған хайуанды алаңға алып шығып, бүкіл халықтың алдында ату керек. Сол үкімді орындауға даярмын. Ал , мемлекет пен қарапайым  халықтың несібесін қызмет бабын  пайдаланып, зұлымдықпен, арамдықпен жұлып  жеп отырған жемқорларды да ату керек. Үшінші  категория террористер. Бейбіт халыққа  оқ жаудырған лаңкес- жауыздарға да өлім жазасы берілуі керек.

Ең алдымен, кімді құрметтеуіміз керек?

Бірінші, ең алдымен барлық жақсылықтарымыз бен игі шараларымыз балалар мен қарттарға, сосын аналарымыз бен келіндерімізге, ұзатылатын қыздарымызға көрсетлініуі қажет. Әзірге, бізде бүгінгі таңда бар құрметтің игерлері экраннан күндіз түні түспейтін әртістер мен шоумендер, депутаттар мен олигархтар, шенеуніктер мен жағымпаздар.

«Бауыржан  Байбек мырзаға Аманат» хатыңыз қалай орындалуда?

Оған   Бауыржан Байбек өзі жауап беруі қажет.

/жалғасы бар/