Жусупова Гульмира Сейтовна
Ерейментау қаласы,
№2 орта мектеп-лицейі,
Қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділікмақсаты: Сан есімтуралытүсініктерін ары қарайтолықтырады, сан есімдердіңқұрамынақарай дара жәнекүрделіболыпбөлінетінінтүсінеді, күрделі сан есімдердіңжасалуерекшеліктерінтанысады;
Дамытушылықмақсаты: Ойлаубелсенділігі мен танымдыққызығушылығындамытады, ой қорытыпнақтышешімжасайалады, шығармашылықізденістерінарттырады;
Тәрбиелікмақсаты: Адам өміріндегісандардыңмаңыздылығын жете түсінеді, өмірменбайланысарқылытуғанхалқыныңөнерінбағалайалады
Сабақтың түрі:аралассабақ
Сабақтың әдісі:түсіндіру, сұрақ – жауап,ізденіс, баяндау, талдау.
Көрнекілігі:интерактивтітақта, бейнесюжет,тақта,оқулық,постер
Пәнаралықбайланыс: математика, тарих, әдебиет.музыка,ағылшын тілі, орыс тілі.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру:
1. Сәлемдесу, сыныптың сабаққа қатысын тексеру.
3. Оқушыдарды шаттық шеңберге шақырамын да, себеттегі гүлдерді алып, бір-біріне сәттілік тілеп,танысып,гүлдердің түстерімен топқа бөлемін. 3мин
а)танысу
ә)тілектерін білдіру
б)топқа бөлу
Үй тапсырмасын бермес бұрын бағалау парағын таратамын
Оқушының аты
- үй жұмысын бағалау критерийлері
- Электрондық оқулықпен жұмыс
- Жеке жұмыс
- Этномәдени сұрақтар” – ауызша жұмыс
- Бейнесюжетпен жұмыс
- Постер құру
- Тест жұмысы
ІІ. Үй жұмысын пысықтау. 1. 107-жаттығуды өзім тексеремін . Көшбасшылар Бурабай туралы мәліметті оқиды. 5мин
1.Жаңа сабақ Мағынаны ашу. «Болжау» стратегиясы. Осы сандарды орыс және ағылшын тілдерінде айтып көрейік (ұжыммен жұмыс 7мин)
7—жеті- seven-семь
9- тоғыз-девять-nine
5- бес-пять-five
25- жиырма бес,двадцать пять,twentyfive
31 – отыз бес ,трицать один, thirtyone
23- жиырма үш,двадцать три ,twentythree
Оқушылар, мен неге сандарды осылай бөлдім? Қалай ойлайсыңдар?
Әрине, дұрыс айтасыңдар. Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы – Дара және күрделі сан есімдер.
Оқушылардан өздері ережені шығарып көреді.
Тақырып сырын ашу (электрондық оқулық)
Сан есімдер құрамына қарай дара сан есім және күрделі сан есім болып бөлінеді.Бір түбірден құралған негізгі және туынды сан есім дара сан есім деп аталады.Мысалы, он, екі, бес, мың – негізі сан есімдер;
ондаған, мыңдаған, алтыншы, екеу – туынды сан есімдер.
Екі я одан да көр түбірдің тіркесінен немесе қосарлануынан жасалған сан есім күрделі сан есім деп аталады.Мысалы, екі мың он үш, 25 т. б.Сөздердің қосарлану мен қайталануы арқылы жасалған күрделі сан есімдер дефис (-) арқылы жазылады.Мысалы, қырық – елу, алпыс – жетпіс,
2.Электрондық оқулық арқылы тапсырманы орындау Әр топтан бір оқушы орындайды.1мин (1 ұпай)
3. Жеке жұмыс тақтада орындап, жұмыс дәтеріне жазады:3мин (1 ұпай)
108- жаттығу. Мәтіннің құрамынан дара сан есімдерді бір бөлек, күрделі сан есімдерді бір бөлек екі баған етіп жазыңдар.
Үлгі, дара сан есімдер күрделі сан есімдер
жүзінші, бесінші, үшінші, мың тоғыз жүз қырық екінші
Тапсырма тексеріліп бекітіледі.
- .«Сергіту сәті» 1 мин
2.Абай атамыздың «Туғанда дүние есігін ашады өлең, өлеңмен жер қойнына кірер денең» демекші, біздің күнделікті тұрмысымызда, той – думандарда айтылып жүрген өлең тақырыптарының кейбірі санмен аталады.
Мысалы, қандай әндерді білесіңдер? (Бір бала, Жиырма бес, Екі жирен, Бір келіншек, Он алты қыз, Сегіз аяқ) Ал олай болса «Бір бала»әнін айтып сергіп алайық.
Талдан таяқ жас бала таянбайды
Бала бүркіттүлкіденаянбайды
Угай-ай
Әнсалшы-ай
Бірбала-ай
Қосетекбұраңбел
Қуалайсоғарқоңыржел
Елдіңкөркі, ақтотыбірбаласың
Қайдұшпанкөзіқиыпжамандайды
Угай-ай
Ән салшы-ай
Бір бала-ай
Ал енді біздің келесі тапсырмамыз
4. “Этномәдени сұрақтар” – ауызша жұмыс түрі (3мин)
Сандарға байланысты халқымыздың ұғымында 1, 3, 5, 7, 9, 40 секілді сандардың бәрін бір ырымға негіздеп, киелі деп есептеген. Сондықтан да менің қоятын сұрағым осы төңіректі қамтиды.
1. Жеті атаңды ата (ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене)
2. Үш арсызды ата (ұйқы, тамақ, күлкі)
3. Жігіттің үш жұрты (өз жұрты, қайын жұрты, нағашы жұрты)
4. Төрт түлік (қой, сиыр, жылқы, түйе)
5. Ер қаруы бес қару (найза, садақ, шоқпар, қылыш, айбалта)
6. Қонақтың төрт түрі (арнайы, қыдырма, құдайы, қылғыма)
7. Үш бәйтерек (Ілияс, Сәкен, Бейімбет)
8. Бес арыс (Шәкәрім, Ахмет, Мағжан, Міржақып, Жүсіпбек)
9. Халқымыздың сан есімдерден басталып айтылатын ұлттық ойындары қалай аталады? (тоғызқұмалақ, алтыбақан)
5. Бейнесюжетпен жұмыс (ноутбуктан көреді ,топпен жұмыс)10 минут
Артық болмас білгенің…. Оқушылар, сендер елімізде және әлемде болып жатқан оқиғаларды қайдан біле аласыңдар? Әрине, баспасөз құралдары мен телехабарлардан, ғаламтордан. Ендеше қазір сендердің назарларыңа бейнесюжеттен үзінді көрсетемін.
1-топ Дулат Исабеков
2-топ Әлемдегі тағажайып жерлер
3-топ Жел электр станциясы
Соны мұқият тыңдап шығыңдар. Сендердің есте сақтау қабілеттеріңді байқау үшін, мынадай жұмыс беремін. 1.Бейнесюжетте айтылған мәліметтердегі сан есімдерді жазыңдар
2.Тақырып мазмұны бойынша тірек сөздерден қарапайым постер құр
1-нұсқа
. Сан есім қандай сұраққа жауап береді? 3 минут
а. қандай? қанша?
ә. не? нешінші?
б. қанша? неше?
2. Сан есімді көрсетіңдер
а. Белсендіә. Есептікб. бес
3. Сан есім… болып бөлінеді?
а. есептік, реттік, қатарлық
ә Күрделі ,дара.
б. Қатарлық, кезектік
4. Сан есімді көрсетіңдер.
а. қырық, елу, жүз
ә. елу бес, жас, кәрі
б. бес, сана, ұйықта
- Жұмбақты шешіңдер:
Басында таяғы бар,
Төрт аяғы бар.
Сегіз тұяғы бар,
Иегінде сақалы бар.
а. ешкі
ә. қой
б. архар
2-нұсқа
- Берілген сөздер қай сөз табына жатады? Екінші, бес, алпыс алты
а. сын есім
ә. сан есім
б. есімдік
2. Заттың санын, ретін білдіретін сөздерді… дейміз.
а. сан есім
ә. сын есім
б. зат есім
3. Артық сөзді табыңдар:
а. жүз, алтын
ә. бірінші, сегізінші
б. қырық, Алпысбай
4. Көп нүктенің орнына керекті сан есімді жазыңдар: Ер… рет өледі.
Қорқақ… рет өледі.
а. бір, бесінші
ә. бір, мың
б. бір, көп
5. Артық сөзді табыңдар.
а. елу сегіз
ә. алты адам
б. көркем сурет
Кілті
1.б 1.ә
2.б 2.а
3,ә 3.ә
4.а 4.ә
5.а 5а
Кері байланыс «Бір +, бір –»
Сабақ барысында сәтті шыққан 1 кезең, сәтсіз шыққан 1 кезеңді айту.1 минут
ҮІ. Үйге тапсырма.1 минут
Міндетті деңгей: Дара және күрделі сан есім туралы түсінік.
Мүмкіндік деңгейі: 161 – жаттығу. Сан есімдерді қатыстырып, «Біздің сынып» деген тақырыпта шағын шығарма құрастырып жазыңдар.
Дескриптор
-60-70 сөзден тұру керек
-10-15 сан есімнен қолдану керек
-Әдеби көркемдегіш құралдарды қолдану
ҮІІ. Бағалау 1 минут
.