Қазақстан  Жазушылар одағының мүшесі, қоғам қайраткері Сәдібек Түгел Тарбағатай ауданының құрметті азаматы атанды

Есімі республика жұрт­шылығына жақ­сы таныс белгілі  қоғам  қайраткері, жазушы-журналист, «Түгел Медиа» бірлестігің басшысы Сәдібек Түгел «Тарбағатай ауданының құрметті азаматы» атағына ие болды. Сәдібек Түгел осымен қатарынан қос үш ауданның құрметті азаматы. Атап айтқанда ШҚО, Ұлан ауданы, Ақмола облысы Целиноград ауданы және ШҚО, Тарбағатай ауданының құрметті азаматы атанып отыр.

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай 2016 жылдын 23 қыркүйегі күні  ШҚО, Тарбағатай ауданында атақты көкпаршы, Қазақстанның аударыспақтан абсалюттік чемпион болған Қишанов Есенжол Сыдықұлын еске алуға арналған аудандық деңгейде ұйымдастырылған үлкен шарада  қоғамда елеулі сүбелі үлесін қосып жүрген Сәдібек Түгелге VI шақырылған Тарбағатай аудандық мәслихатының ІІ сессиясының 2016 жылғы 04 сәуірдегі №2-8 шешіміне сәйкес «Тарбағатай ауданының құрметті азаматы» атағы берілді. Тарбағатай ауданының Құрметті Азаматы деген атағымен қоса төсбелгісі салтанатты түрде табыс етілді.

Еліміздің ат спортының дамуына сүбелі үлес қосқан ардақты азамат Сәдібек Түгел ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуде өзіндік үлес қосқан тұлғалардың бірі. Аталмыш ауданда ұлттық спорттың дамуына да айрықша үлес қосқан Сәдібек ағамыздың Тарбағатай ауданының құрметті азаматы атануы үлкен мәртебе. Ел қорғаудағы ұлы ерліктер де осынау Тарбағатай өңірінде өткені белгілі. Жермен елдің тұтастығын сақтап қалған ұрпаққа ұран, халқына мақтан болған Қаракерей Қабанбай, Би Боранбай, Дәулетбай бабаларымыздың Тарбағатай өңірінің ұлы ерлігіне лайық дарабоз, батыр тұлғалар атануы да өскелең ұрпақ үшін зор мақтаныш.

Осындай батырлар елінің «Құрметті азаматы»  атақты алуда танымал қоғам қайраткерінің бір белесі. Аталмыш Тарбағатай ауданының құрметті азаматы атануы да елге жасаған еңбегінің көрінісі. Осындай ілкімді істерді атқарған еңбегін ел ескеріп Сәдібек ағамыздың өскелең жас ұрпаққа өнеге боларлық ұлт азаматы ретінде Тарбағатай ауданының «Құрметті азаматы» атағын алуы үлкен қуаныш. «Ұлы адамның ойында ұлы іс жүреді» демекші бұл атақ Сәдібек ағамыздың  аудан үшін жасаған игі істерінің бұл жемісі деп білеміз.

Сәдібек Түгел – жаңа Елордамыз – Астана қаласының тұңғыш баспасөз хатшысы, ҚР  еңбек сіңірген  қайраткері, «Астанаға 10 жыл»  республикалық байқауындағы «Астана қаһармандары» аталымының жеңімпазы. Бала жастан ат жалын тартып мінген, көкірегі ояу, ұстанымы жоғары ел ағаларының бірі. Сәдібек ағамыз елімізде қазанат ұғымын кеңінен қалыптастырып, төрткүл әлем мойындаған, халықаралық  «Кітап өнері» байқауында жеңімпаз атанған «Қазанат» кітабын жарыққа шығарып, Ұлы Даланың тұлпары «Құлагер» ескеркішін тұрғызған нағыз отаншыл тұлғалардың бірі десек артық айтпағанымыз. Сәдібек Түгел 12 кітаптың, 7 деректі фильмдердің, 1000-нан аса арта публицистикалық мақалалардың авторы. Сонымен қатар ұлттық ат спортының, Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының негізін қалаушы.

Ел бастаған көсем, сөз бастаған шешендер мен қол бастаған батыр, ел үшін еңбек еткен тұлғаларды халқымыз қашан да көкке көтеріп, есімдері мен өнегелі істерін ұрпақтан-ұрпаққа ұлағат етіп келген. Сәдібек ағамыздың осынау ұлы істерін  халқы ұмытпай, елге сіңірген елеулі еңбегін ескеріп, тағы бір ауданның құрметті азаматы атанып жатқанымен шын жүректен құттықтаймыз!

Дидар НҰРЖІГІТ.

Сондай-ақ, оқыңыз

Жолдауға қолдау

Астана қаласында  күн сайын әр мекемеде  Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауы …