Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл
Бүгін Маңғыстау ауданына қарасты Онды ауылында осындай тақырыпта патриоттық іс шара өткізілді. Іс шараға қоғам және мемлекет қайраткері,Халық жазушысы Әбіш Кекілбаевтың сыныптас досы шетпелік ардагер ұстаз Алдаберген Құрмашев және аудандық жастар орталығының басшысы Аллаберген Қонарбаев, Онды орта мектебінің оқушылары мен ұстаздар қауымы қатысты. Жастар алдымен Алаштың анасы болған АйАна ескерткіш жанына барып, гүл шоқтарын қойып рухына тағзым етті. Ескерткіш басында А.Құрмашев Айсауле ана туралы естеліктерін айтып: «Әбекең сияқты әлем таныған алыпты дүниеге әкелген Айсауле анамыз бұл тек маңғыстаулықтар ғана емес бүкіл Алаштың анасы бола білген ана. Бұл кісіге рухына тағзымету әрбірмен қазақпын деген жанның қасиетті парызы» деген ойын жеткізді.
Бұдан соң шара одан әрі Онда орта мектебінде жалғасты. Сыйлы қонақтарды мектептің басшысы Тоғажн Бисекенова қарсы алып, мектептің ішкі кабиенттерін аралатып таныстырды. Мектептегі Елбасы Н.Ә.Назарбаев пен Ә.Кекілбаевтың еңбектерін оқыту кабинеттері өз көзімен көрген ардагер ұстаз А.Құрмашев бұл мектепке алғаш рет келгендігін айтып, мектептің ішкі жағдайларымен танысқанда таңданысын жасырмады.
Патриоттық шара әрмен қарай мектептегі акт залында өткізілді. Жиында ардагер ұстаз А.Құрмашев сөз алып, Әбекеңнің Ұштаған ауыландағы мектеп кезіндегі балалық шақтарын айтып, көпішілікті өзіне баурап алды. А.Құрмашев: «Әбіш мектепті өте жақсы оқыды.Әсіресе орыс тіліне жетік болды. Біздер орыс тілін ежіктеп оқып тұрсақ, Әбіш бізден озып зулатып мәнерлеп оқитын болды. Күндердің бір күнінде апайымыз орысша еркін тақырыпта шығарма жазыңдар деп тапсырма берді. Ал Әбекең қиналмастан екі бет шығарма жазып келгенде апаймыз таң тамаша қалғаны бар. Сосын Әбіш мектептің кітапханасын түгелдей кітабын тауысты десем артық айтқандық болмас. Оның осы бір қасиеті елден ерекше болатын.» деді.
Жиында Әбекеңнің тәуелсіздік алған жылдарында Парламентте отырған кезіндегі жемісті жұмыстары жайында жастар орталығының басшысы А.Қонарбаев айтып берді.
Шарада Ә.Кекілбаевтың әдеби шығармаларын мектеп оқушылары нақышына келтіре оқыды. А.Құрмашевқа жастар Ә.Кекілбаевтың өнегелі өмірі туралы сауалдарын қойып тұшымды жауаптарын алды.
Шара соңында оқушыларға Сұлтан Оразалының «Қазақ зиялылары»атты видеоантологиясының Әбіш Кекілбаев туралы деректі фильмді көрсетумен аяқталды.
«Бүгінгі рухани кеш мен үшін үлкен әсер берді.Әбекең ғасырда бір рет дүниеге келетін жан.Біздің әрбір оқушымызы ол кісінің әдеби шығрмаларын жатқа белді десем де болады. Оқушыларымыз Әбіш атаның әрбір кітабын жастығының астына қойып оқиды.Ол кісінің адамгершілік келбетін танып білу үлкен философия. Шараны ұйымдастырушларға алғысымыз шексіз» дейді Онды орта мектебінің директорды Тоғжан Бискенова.
Аллаберген Қонарбаев.
Маңғыстау ауданы.