Целиноград ауданы, Ақмол ауылында 29 тамыз күні Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған салтанатты жиналыс өтті.Бұл күні айбыны асқақ Ата заңның қасиеті мен маңыздылығы дәріптелді. Салтанатты шарада барша жиналған қауымды айтулы мерекемен құттықтаған аудан әкімі Тәткеев Малғаждар Саттарұлы Ата заңымыздың тарихи мән-маңызы туралы айта келіп, елімізде Тәуелсіздігімізді жариялаған кезден бері атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы мақсат-міндеттерге және аудандағы атқарылған нақты қадамдарға тоқталып, бүгiнде бүкiл әлемнiң назары мен таңданысына бөленген елiмiздiң биік жетiстiктерi Ата заңымыздың абыройлы шарапатында екендігін және Елбасының ерен еңбегін ерекше атап өтті.
Шара барысында Қазақстан Республикасының Конституция күнін мерекелеуге орай және ауданның әлеуметтік-экономикалық саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін бірқатар азаматтар Алғыс хаттармен марапатталды. Аудан тұрғындары да Конституция күніне ерекше құрмет білдіріп, мерекеге орайластырылған барлық іс шараға аса белсенділікпен қатысты. Атаулы шараға ауданның құрметті азаматы, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, белгілі қаламгер жазушы, қоғам қайраткері, Сәдібек Түгел ағамыз да қатысты.
Әлемдік қауымдастықтан лайықты орын алып, толыққанды мемлекет болып танылуымызда Ата Заңымыздың еліміздің арайлы азаттығмыздың айнымас айғағы, жарқын болашағымыздың бұлжымас бағдары екені, ол елдігіміздің алтын арқауы, толағай табыстарымыздың бастау қайнары болып саналатындығын атап өтті.
Конституция күніне арналған салтанатты шара концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. Әсем әндер орындалып, мың бұрала билеген бишілердің өнері жиналған қауымды тәнті етті.