Жаңажол ауылы №7 негізгі мектебінде алғашқы қоңырау өтті.

БІЛІМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Жылдағы дәстүрге сай «Білім күні» мерекесінде еліміздегі барлық мектептерде салтанатты жиындар өтіп, алғашқы қоңырау үні соғылды.  Осындай айшықты іс-шара 2017 жылы Құрбан айт мерекесімен қатар келген 2 қыркүйек күні  Ақмола облысы Целиноград ауданына қарасты  Жаңажол ауылы №7 негізгі мектебінде «Менің Отаным – Қазақстан» атты тақырыппен білім күні  аталып өтілді.

          Салтанатты жиын Қазақстан Республикасының Әнұранымен ашылды.  Барлық оқушылар мен ұстаздарды, ата-аналар қауымын «Білім күні» мерекесімен құттықтаған мектеп басшысы Қаршыға Қазалиқызы жаңа 2017-2018 оқу жылында үлкен табыстарға жетіп, барлық игі мақсаттардың орындалуына тілек білдірді. Өз сөзінде Елбасымыз  жариялаған «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық сипаттағы мақаласында «Туған жер» бағдарламасы қолға алынғанын атап өтті. Сонымен қатар мектептің жаңа оқу жылына дайындығы мен жетістіктерін, білім саласындағы жаңа өзгерістермен таныстыра келе, жаңадан мультимедиалық кабинеттермен жабдықталғандығын, алдағы атқаратын жұмыстарға кеңінен тоқталды.

  Салтанатты шара барысында атаулы білім ордасында 40 жылдан арта қызмет атқарған ардақты ардагер ұстаздар Қамарқызы Ғайный, Ағынайқызы Жібек апайларымыз жиналған ата-аналар, ұстаздар қауымы, шәкірттерді алғашқы қоңырау мерекесімен құттықтап, мектеп табалдырығын аттағалы отырған бүлдіршіндерге жүрекжарды ақ тілектерін жеткізді.

Білім күні оқушылар мен ұстаздар қауымы үшін ғана емес, ата-аналар үшін де қуанышты мереке. Бүгінгі мектеп табалдырығын алғашқы аттағалы отырған бүлдіршіндердің ата-аналары, ата-әжелері сөз сөйледі. Олардың қатарында Ақсақалдар алқасының мүшесі Қырғызбаев Қиса атамыз, Қошқаров Мұқатай ағамыз, Аубакиров Ерболат, Зейнолла ағаларымыз және жиенінің мектеп табалдырығын алғашқы  аттағалы отырған сәтіне куә болған Семей қаласынан арнайы келген Асылханов Сериктай ағаларымыз жүрекжарды лебіздерімен құттықтауларын жеткізді.

 Салтанатты жиын барысында 1-інші сынып оқушылары  өз өлеңдерін оқыды. 1-інші  сынып оқушыларын білікті жас мамандардың бірі Ташкенбекова Арайлым Берікқызы  қабылдады. Салтанатты жиын соңында дәстүрге сай алғашқы қоңырау соғылды. Қоңырауды соғу құрметіне 9 сынып оқушысы Ахмедина Гүлназ және 1 сынып оқушысы Дүйсенбек Аруназ ие болды.

Құшақтары гүлге толған ұстаздар қауымы үшін қуанышты мереке ата-аналардың қатысуымен «Мен-Қазақстанның патриотымын» тақырыбында тәрбие сағатымен ұласып, Елбасымыз  жариялаған «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық сипаттағы мақаласы аясында деректі фильм ұсынылды.

ФОТОРЕПОРТАЖ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сондай-ақ, оқыңыз

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы не білеміз…

Елімізде мемлекеттің, жұмыс берушілердің, азаматтардың ортақ жауапкершілігіне негізделген міндетті медициналық сақтандыру жүйесі енгізіле бастаған. Медициналық …