Бүгін, «ҰЛЫ ДАЛА ҚЫРАНДАРЫ» республикалық халықтық мәдени-әлеуметтік қозғалыстың тең төрағасы Сәдібек Түгел журналист Дидар Нұржігіттің сұрақтарына қысқаша жауап берді.
– «Аға, жас қырандарыңызға алдағы жоспарларыңыз туралы ақпарат берсеңіз дұрыс болар еді. Олар қоғамдық-мәдени жұмыстармен шұғылдануға зор құлшыныс білдіріуде? Тек айтсаңыз болды».
Жауап:–«2017 жылдың 12-ші қазаны күні «ОЛАР БІЗДІҢ ЖҮРЕГІМІЗДЕ» -атты өмірден ерте өткен дарынды журналист-қаламгерлерді еске алу кешін үшінші мәрте ұйымдастырып өткізуді межелеп отырмыз. Бұл үлкен әрі өте қастерлі және маңызды ЖОБА! «Өлілер риза болмай, тірілер бақытты болмайды- деген біздің дана халқымыз».
– Кімдерді еске аламыз?
Жауап: – Фариза Оңғарсынова, Нұрқожа Ораз, Кеңес Юсуп, Дидахмет Әшімхан, Смағұл Рақымбек, Алексей Пан, Светлана Галиева, Ерлан Ақмурзин, Марат Аққұл, Әлия Жүсіпова, Азамат Қалымбетов, Ольга Латынина, Жұмабаева Айжан және басқалары. Барлығы: 15 адам.
Жауап: «ҰЛЫ ДАЛА ҚЫРАНДАРЫ» бірлестігінің атынан қазан айының 1-нен, желтоқсанның айының 3-не дейін билльярдттан «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҮЛКЕН КУБОГІ»-атты керемет жарыс өткіземіз. Оған барлық облыстар мен аудандар қатысады. Ақтық жарыс 2017 жылдың 1-ші желтоқсаны күні Астана қаласында өтеді.
–«Нақты жұмыстар мен өткізетін шаралар жетерлік екен, аға!».
Жауап: -«1. «ҰЛЫ ДАЛА -ҰЛТТЫҚ РУХ», 2. «БІРЛІГІ МЫҚТЫ ЕЛ ОЗАДЫ», 3. «ҰЛТТЫҚ СПОРТЫ ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН «ҰЛТТЫҚ СПОРТТЫҢ ӨРКЕНДЕУІ –АТТЫ 2020 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ БАҒДАРЛАМАНЫ,», «25»-атты бағдарламаларды» жүзеге асыруға бар күш жігерімізді жұмсаймыз.
Қызықты әңгімеңізге зор рахмет!
Дидар Нұржігіт.