Мелс Наримановты еске алуға арналған  VI-ші  ашық облыстық турнир жоғары деңгейде өтті.

Ұлан ауданы бойынша балалар-жасөспірімдер спорт мектебі Қазақ Совет Социалистік Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Мелс Наримановты еске алуға арналған  2003-2005 жылы туылған жасөспірімдер арасында дәстүрлі VI-ші  ашық облыстық турнир өткізді. Жарыста Бесқарагай, Глубокий, Жарма, Зырян, Катон-Қарағай, Көкпекті, Күршім, Тарбағатай, Үлан аудандары және Семей, Зайсан, Өскемен қалаларынан спортшылар қатысты. Барлығы 180 спортшы. Жарыстың салтанатты ашылуына Ұлан ауданының әкімі  Батырбаев Даулет Бахитович, Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының құрметті азаматы, қоғам қайраткері, белгілі жазушы, «Ұлы Дала Қырандары» республикалық қоғамдық мәдени-спорттық қозғалысының тең төрағасы  – Сәдібек Түгел,

Шығыс Қазақстан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген спорт шебері, Қазақстан Республикасы спортының құрметті қайраткері, кикбоксингтен – 5-дүркін әлем чемпионы – Асқар Байжігітұлы Можанов, спорт түрлері бойынша құрама командаларының республиканың кешенді ғылыми топтың басшысы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, ҚССР еңбек сіңірген жаттықтырушысы,  ҚССР  еңбек сіңірген ұстазы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мэлс Наримановтың досы  Кульназаров Анатолий Кожекенович, Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының Президенті, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Каз лидер холдинг басшысы, еркін күрестен спорт шеберіне үміткер Марат Өмірбекұлы Мұзапаров қатысты. Жарысқа тағы да спорт ардагерлері, аудан, облыстың  құрметті азаматтары, қоғамдық пікір көшбасшылары, Ұлан ауданының мемлекеттік және құқыққорғау органдарының басшылары, бұқаралық ақпарат құралдар қатысты. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері құрметті грамота, медальдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Жарыс демеушілері:Мэлс Наримановтың туыстары, шәкірттері, Ұлан аудананының құрметті азаматтары.

Ұлан ауданының спортшылары келесі жетістіктерге жетті:

32кг. с.д. Баубеков Мадияр (Ұлан ауылы, жаттықтырушысы К.Е. Нуралин)-2 орын;

35кг. с.д. Джулай Руслан (Каменка ауылы, жаттықтырушысы Н.К.Рамазанов)-3 орын;

35кг. с.д. Бекенов Алинур (Қ. Қайсенов к, жаттықтырушысы Д.Н. Искаков)-2 орын;

42кг. с.д. Зарықпаев Әділ (Асубұлақ к, жаттықтырушысы Ж.О. Ордабаев )-1 орын;

42кг. с.д. Болатұлы Айқын (жаттықтырушы Т.З. Екібаев)-2орын;

42кг. с.д. Казизов Ерасыл  (Қ. Қайсенов к, жаттықтырушысы Н.Н.Кожахметов )-3орын;

63кг. с.д.Тоқтарбеков Темірлан (Асубұлақ к, жаттықтырушысы Ж.О. Ордабаев )-2 орын.

Мелс Нариманов 1947 жылы Ұлан ауданы Шымқора ауылында дүниеге келген. Балалық шағынан спортқа ынтық болып, волейбол, футбол, қазақша күреспен айналысады. 1964 жылдан бастап Юрий Иванович Куропаткиннің тәрбиесінде еркін күреспен шұғалдануды бастады. Спорттың осы түрін жетік меңгергеннен кейін туған еліне туын тігу мақсатында Шымқора ауылындағы жастарды еркін күреске баулиды. Осылайша Мелс Наримановтың жаттықтырушы ретіндегі ғұламалы ғұмыры басталады. Жеңіс шыңына жеткен Сексенбаев Елнар, Искаков Достық, Бексолтанов Қонысбек, Нуралин Қайрат сияқты спортшылар Мэлс Наримановтың алғашқы шәкірттері болып табылады. Мелс Нариманов Ұлан ауданында көкпар ойынының негізін қалаушысы. Мелс  Нариманов басқарган құрама команда 10 рет қатарынан ауылдық спорт ойындарында жеңіске жеткен.Ол команда Мелс Наримановтың туған ауылының спортшыларынан құрылған.Осы команда Қазақстандағы ең мықты алғашқы бестіктер қатарына кірді.

Сонымен қатар, сегіз қырлы, бір сырлы Мэлс Нариманов Шығыс Қазақстан облысында ат спорт түрлерінің федерациясын құрған. Мелс Нариманов өзінің еңбекқорлығымен, мақсатқа және спортқа деген жігерлігімен жерлестерінің мәңгі есінде.

Дәстүрге айналған айтулы турнир биылғы жылы ерекше өтті. Өйткені турнир аясында жерлесіміз туып өскен Ұлан ауылында  биыл алғаш рет бәйге ұйымдастырылды.

2,5 шақырым Ұшқыр бәйге жарысында:

 

ІІІ орын  –  125 нөмірлі «Ақмандай» лақап аты шабандоз Базылхан Берик ат иесі –Нұржан Бейсенбинов Ұлан ауылы.

ІІ орын  – 116 нөмірлі «Ақтанау» лақап атымен шабандоз Калданов Елнур, ат иесі Қали Айбар –Алмасай ауылы.

І орын  –  115 нөмірлі «Цунами» лақап атымен шабандоз Нургазин Даурен – ат иесі Беймбет Құсаинов –17 км мәре сызығына бірінші болып келді.

 

7,5 шақырым бәйге жарысында   

ІІІ орын  –  152 нөмірлі «Торат» лақап атымен шабандоз Кенжебек Манарбек, ат иесі –Төлеш Құрмауым –Бозанбай ауылы.

ІІ орын  – 186 нөмірлі «Арабика» лақап атымен шабандоз Болат Макиев, ат иесі Азимов Нуржан  Таврия ауылы.

І орын  –  122 нөмірлі «Желқоныр» лақап атымен шабандоз Айбар Айбарович– ат иесі Сәдібаев Қайрат Өскемен ауылдық округі  мәре сызығына бірінші болып келді.

Турнирд

Сондай-ақ, оқыңыз

«Олардың есімдері – біздің жүрегімізде»

18 мамырда ҚР Президенттігіне кандидат Сәдібек Түгел елордадағы Халықаралық баспасөз орталығының құрылғанына 20 жыл толуына …