Ақмола облысы, Аршалы ауданы,
№ 2 Аршалы орта мектебі,
Қазақ тілі пәнінің мұғалімі,
Нуртазина Білімжан Нұрсолтановна.
Ойындар баланың тапқырлығын, байқағыштығын, зейінділігін арттырумен қатар, epiк сезім түрлерін де дамытады. Ойын түрлері көп. Соның ішіндежалпы орта мектеп сыныптарында пайдаланатын: ойын-сабақ, ойын-жаттығу, сергіту ойындары, дидактикалық мақсаттағы ойындар, сөздік ойындар, логикалық ойындар, рөлдік ойындарт.б. Осылардың ішінде дидактикалық мақсаттағы ойындардың оқыту үрдісінде оқушылардың коммуникативтік құзіреттіліктерін дамытуда үлесі зор болып табылады.
Психологиялық тұрғыдан алып қарағанда мектеп оқушылары белсенді және өте қозғалмалы болып келеді. Балалар өздерін еркін ұстап, сабаққа аса қызығумен қатысады, өзінің айналасындағы нәрселерді көріп, соны бейнелеуді ұнатады. Рөлдік ойындарды табысты және қарқынды жүргізе біледі. Сөйлеу әрекетінде қозғаушы күш – ырғақ. Сөйлеу ырғағын құру мұғалімдердің рөлдік ойындарды ұйымдастырудағы ең қиын іс – әрекеті. Оқушылардың қызығуын арттыру мақсатында мұғалім ойынға қатысушының өзіндік сөз ырғағын бейнелеп көрсетіп, тапсырманы дұрыс құра білуі керек. Тақырыптық «рөлдік-ойындар» оқушылардың сөйлеу дағдысының қалыптасуын дамытады. Ойынның сабақ барысында басты мақсаты – білім беруді ойынмен ұштастыру. Баланың ойынға белсенді түрде қатысуы оның ұжымдағы басқа да әрекеттерін айқындайды. Ойын бір қарағанда қарапайым құбылыс не әрекет сияқты болғанымен, ол ұжымдық әрекет. Ойын арқылы оқушының:
- қисынды ой-қабілеті дамиды;
- өздігінен жұмыс істеуге үйренеді;
- сөздік қоры баийды, тілі дамиды;
- зейіні қалыптасады;
- байқампаздығы артады;
- өзара сыйластыққа үйретеді;
- ойынның ережесін бұзбау, яғни, тәртіптілікке баулиды;
- бір-біріне деген оқушы сенімі артады;
- сабаққа қызығушылығы артады.
Орыс мектебіндегі қазақ тілі пәні сабағында ойын түрлері арқылы оқушылардың тілді дұрыс меңгеруі олардың ой-өрісін кеңейтіп, өзіндік пікірін қорғауға, сөйлеу тілінің дамуына ықпал етеді.Қазақ тілінде сөйлеуді, қарым-қатынас жасауды үйретуді мақсат еткен әрбір мұғалім өз сабақтарында ойын түрлерін шамадан асырмай ретімен, қажеттігіне қарай отырып қолданғаны жөн. Бүгінгі заман талабы қажет етіп отырған үштұғырлы тілді жетік білуге жетелеуде, қазақ тілі пәнінің де өзіндік орны бар. Жалпы бұл пәнді оқуға оқушылар тарапынан да, ата-ана тарапынан да қызығушылық танытылып отыр, сондықтан оқу үдерісінде оқушылар өздігінен сөйлейтіндей жағдай тудыруымыз керек. Ал, ойындарды, солардың ішінде рөлдік ойындарды қолдану – қазақ тілін меңгертудегі ең жақсы амалдардың бірі.
Рөлдік, сюжеттік ойындардың көмегімен білім алушылардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыратын оқу міндеттерін шешуге болады. Ойын арқылы оқушының білімі мен бейімін, жеке тұлғалық қасиет-қабілеттерін арттыру мүмкіндіктері зерттеледі. Ойындардың қажеттілігін іріктеп ала білу-ұстаз шеберлігіне байланысты.
Оқу үрдісінде «ойын түрлерін пайдалану біріншіден, оқушылардың білімін берік меңгерту құралы болса, екіншіден балалардың сабаққа деген қызығушылығын көтеру болып табылады. Ойын түрлерін пайдалану мынадай нәтижеге жеткізеді.
Нәтиже:
- Әр оқушының шығармашылығы артады.
- Жылдам жұмыс істеуге дағдыланады
- Оқушының жеке қабілеті анықталады
- Оқушы топ жаруға ұмтылады.
- Оқушының ойлау қабілеті дамиды
- Әр оқушы өз деңгейінмен бағаланады.
Қазіргі нарықтық жағдайда болашақ ұрпағымызды білімді, мәдениетті, саналы етіп тәрбиелеуде қазақ тілін оқытудың маңызы зор. Қазақ тілі мұғалімдерінің алдында тұрған мақсат – әр баланың жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқушыға дара тұлға ретінде пәнге деген қызығушылығын арттыруда түрлі әдіс – тәсілдерді қолдану арқылы жақсы өнеге, терең білім беру. Оқытумен дамыту бағытында ойын элементтерінің де маңызы зор.
Ойынның атқаратын функциясы:
1) көңіл аулау, көңіл көтеру, қызығушылығын арттыру.
2) коммуникативтік сөйлеу тілін ұстарту.
3) ойын терапиясы өмірде кездесер түрлі қиындықты жеңу жолдарын көрсетеді. Педагогикалық ойындардың әдістері көп. Мысалы: пәндік, рольдік, драмалық ойындар болып табылады.. Бұл әдістің тиімділігі оқушылардың белсенділігін пәнге деген қызығушылығын, ынтасын арттыруында болып табылады. Оқудың алғашқы кезінде оқушының тілдік материалдарды жеңіл меңгеріп кетуіне көмектеседі. Ойын түрлерін дұрыс өткізілген сабақта оқушылардың тілді үйренуіне ынтасы артып, сол тілді білуге қызығады.
Оқушының шаршауын сейілтіп, қызығушылығын арттыратын тек ойын элементтері болып саналады. Ойын оқушыны бірігіп жұмыс істеуге бағыт береді, іздендіруге, дағдысын қалыптастыруына мүмкіндік туғызады. Мысалы, кең таралған белсенді оқыту әдісін ролдік ойындарында көруге болады.
Орыс сыныптарында қазақ тілін үйренуде рольдік ойындардың пайдасы зор. Рөлдік ойындарда барлық балаларға роль беріледі де, бір – бірімен міндетті түрде қарым – қатынасқа түсіп сөйлеседі. Оқушылар белсенді жұмыс істеп, бір – біріне тыңдап, бір – біріне бағалайды. Мысалы, әр түрлі тақырыпта құрастырылған диалогтар, шағын – шағын қойылымдар оқушылардың тілге деген қызығушылығын арттырады. Баланың басқа тілде сөйлеу кезінде пайда болатын қысылу, ұялу секілді сезімдерін ойын жояды. Ойынның өзіне тән мотивтері болады. Мысалы: мазмұндық, рольдік ойындар баланың зейінін есін, ойлауын, қиялын қалыптастыруда зор маңыз атқарады. Ойын әсері арқылы бала өз қасиетін қалай қанағаттандыра алатындығын, қандай қабілеті бар екенін байқап көреді.
Сюжетті рөлді ойындар өмірден алынады,бұл өмір айнасы.Бұл ойын балалардың өз өнерпаздығы.Бастауыш сыныпта қазақ тілін меңгертуде балаларға көбінесе сюжетті –рөлді ойындарды ойнатқаны дұрыс.Себебі балалар ойын барысында өздеріне берілген рөлді аса жауапкершілікпен қабылдап,ойлау қабілеттері дамиды.Ойын-процесінде сөйлесу қарым- қатынасы үлкен рөл атқарады.Сөйлесе жүріп,балалар пікірлесіп,әсер алысып,тілді меңгереді. Өзім жұмыс істейтін бастауыш сыныбында мынадай тақырыптарда «Дүкенде», «Шашатараз», «Дәрігер», «Отбасы», «Жүргізуші» сюжетті рөлді ойынның түрлерін өткіземін. Балаларға сюжетті рөлді ойынның түрлерін экскурция жасау арқылы қазақша сөйлеуге, біреудің сөйлеген сөзін түсіне алатын дәрежеге жеткізу әрекеттерін қалыптастырамын.
Мысалы, «Дүкенде»тақырыбы бойынша:
– Қане, балалар, кім дүкенші болады?
– Мен дүкенші боламын (балалар қол көтереді).
– Дүкенші – София болады.
Балалар кезекпен дүкенге барады.
Мұғалім: – Вова, сен қайда барасың?
– Мен дүкенге барамын.
Мұғалім: Дариға, сен қайда барасың?
– Мен дүкенге барамын.
Мұғалім: – Жолдан сақ бол.
Вова жол ережесін сақтап дүкенге барады.
Вова: Саламатсыз ба! Маған қарындаш беріңізші. Қарындаш қанша тұрады?
Сатушы: Cаламатсыз! Міне қарындаш алыңыз, 10 теңге (қарындаш береді)
Вова: (қарындашты алып ақша төлейді) Рахмет, Сау болыңыз.
Екінші бала: Апай, мен дүкенге барамын.
Мұғалім: Сен жолдан абай бол!
Дариға: Cаламатсыз ба! Маған шырын беріңізші?
-Шырын қанша тұрады?
Cатушы: Міне, алыңыз шырын 50 теңге (шырынды береді)
Дариға: Міне, 50 теңге алыңыз.(ақша төлейді,шырынды алады.)Рахмет, сау болыңыз.
Қорытындыда ерекше айтып өтетін нәрсе – Сюжетті –рөлдік ойын –оқытудың ең перспективті нысаны болып табылады:
- Ол сабақта жағымды психологиялық жағымды климаттың құрылуына ықпал етеді.
- Ынталандыруды күшейтеді және балалар қызметін белсенді етеді.
Қолда бар білімді,тәжірибені,әр түрлі жағдайдағы қарым-қатынас дағдыларын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.Сондықтан сабақтарда сюжетті-рөлдік ойындарды пайдалану оқу үдерісінің тиімділігін көтереді,оқытудың барлық сатыларында зерттелетін пәнге балалардың қызығушылығын сақтауға көмектеседі.