2017 жылдың 28 қараша күні Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті қабырғасында 1 желтоқсан – Дүниежүзілік СПИД-ке қарсы күрес күні қарсаңына орай, 10 қарашадан 10 желтоқсан аралығында АИТВ/ЖИТС-тың алдын алу бойынша айлық шеңберінде Астана қаласының әкімдігі ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының ұйымдастыруымен Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес Кампаниясы аясында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті журналистика және саясаттану факультетінің студенттерінің «Болашақ», «Дарын» командаларымен Целиноград ауданы, Жаңажол ауылы №7 негізгі мектебінің 8-сынып оқушыларының «Өркен» командасының қатысуымен «ЖИТС қоғамдық дерт пе?» тақырып төңірегінде пікірсайыс өтті.
Ортаға салынған өзекті тақырып төңірегінде дебат ойынына қатысушы командалар өз көзқарастарын білдіріп, бақ сынасты. Аталған шараға Астана қаласының СПИТ-ке қарсы күрес орталығының бас дəргерінің орынбасары Мусина Салтанат Берікқызы, СПИД орталығы ұйымдастыру-əдістемелік бөлімінің меңгерушісі Жанна Айтмағанбетқызы, АИТВ-жұқпасына эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің меңгерушісі Аймағанбетова Інжу Бекетқызы, Астана қаласының әкімдігі ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының баспасөз хатшысы Бақытгүл Сали, Еуразия ұлттық университеті журналистика және саясаттану факультеті, филология ғылымдарының докторы, профессоры Тапанова Сәуле Есенбекқызы, Еуразия ұлттық университеті журналистика және саясаттану факультеті оқытушысы Айгүл Төлепбекова, Целиноград ауданы, Жаңажол ауылы №7 негізгі мектебінің тәрбие ісінің меңгерушісі Аманжолова Гульнара Дайргельдиновна қатысты.
Пікірталас барысында әр топтың спикерлері өздерінің аргументтерін ұсынып, шешу жолдарын талқыға салды. Студенттердің «Дарын» командасының спикерлері Абдрахманова Ақнұр, Жалғас Мереке, Мажитова Құндыз ЖИТС туралы жастарға кеңінен мәлімет беру үшін қандай жұмыстар атқарылуы тиіс, жастардың өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарау әдеттерін қалыптастыру, жастарды салауатты өмір салтына бейімдеу үшін, отбасындағы тәрбиенің, қоршаған ортаның ықпалы сынды өз ой-пікірілерін нақты дәлелдермен жеткізе білді. Сонымен қатар студенттердің «Дарын» командасының спикерлері Мұқанова Нұржауған, Абаева Гүлбиназ, Қабылбекова Аяулым өз қарарларында ЖИТС-тың алдын алу бойынша үгіт-насихат, ақпараттандыру аясында атқарылар жұмыстарға кеңінен тоқталып, бүгінгі жастардың көзқарасымен ЖИТС туралы не білетіндіктерін айтып өтті.
Жоғарыда атап өткен оқушылардың «Өркен» командасы спикерлері Зайкенова Зарема Бекзатқызы, Махмет Карина Талғатқызы, Темір Дариға Әділханқызы ЖИТС-тың алдын алу бойынша шалғайдағы елді-мекендер, ауылдар да жұртшылықпен түсіндіру жұмыстарын БАҚ арқылы ғана емес, дәрігерлердің ұйымдастыруымен дәстүрлі нақты іс-шаралар атқарылса, салауатты өмір салтын қалыптастырудаға барлық мүмкіндіктер өз қолымызда екендігін жеткізді. Пікірсайыс барысында Астана қаласының СПИТ-ке қарсы күрес орталығының бас дəргерінің орынбасары Мусина Салтанат Берікқызы АИТВ жұғатын жолдарымен АИТВ –нің келесі жағдайда яғниғ қол алысып, құшақтасқанда, ыдыс – аяқтан, тамақтан, дәретхана заттарынан, төсек жабдықтары мен киімнен, су мен ауадан, ойыншықтардан, қолданыстағы т.б. заттардан жұқпайтындығын қарапайым мысалдармен түсінікті түрде баяндап өтті.
Жалпы мәліметтерге құлақ ассақ, аурудың асқыну жолдары: АИТВ жұқпасы – бұл баяу өтетін созылмалы ауру. Сондықтан ауру белгілері бірден пайда болмай, 5 – 7 жыл ішінде білінеді. Аурудың алғашқы белгілері қандай? Шаршағыштық, жалпы әлсіздік, бірнеше топ лимфа түйіндерінің ұлғаюы. Бұл ЖҚТБ – нің басталғандығын білдірмейді. Алайда, арнайы емделмесе, жұқпалы ауру әрі қарай дами түседі де, ЖҚТБ – ға әкелетін басқа да сырқаттар қосылады. Биыл Астана қаласының 243 398 тұрғыны АИТВ-ға тестілеуден өтті, тестілеумен қамту көрсеткіші 24% құрады, ал ұсынылатын Республикалық көрсеткіш халықтың кемінде 10%. АИТВ-ны ерте анықтау және емдеуді уақытылы тағайындау нәтижесінде АИТВ/ЖИТС-тан болатын өлім жітім100 мың тұрғынға шаққанда 2016 жылғы 9 айдағы 2,3-тен 2017 жылы 1,8-ге төмендеді.
Жоғарыда атап өткен ЖИТС-ке қарсы күрес Кампанияның тағы да бір бағыты АРВ-терапияны қабылдайтын және вирустың мөлшері анықталмайтын деңгейге дейін төмендеген адамдардың басқа адамдарға инфекцияны бере алмайтыны туралы халықты ақпараттандыру бойынша жұмыс жүргізу болып табылады. Көптеген ғылыми зерттеулер АРВ терапияны қабылдаған және вирустық жүктемесі анықталмайтын деңгейге дейін жеткізілген АИТВ-ға оң нәтижелі серіктесі бар дискордантты жұптарда АИТВ-инфекциясын екінші серіктесіне жыныстық жолмен беруі тіркелмегенін көрсетеді. Бұл акция А=Б (анықталмайтын яғни берілмейтін) деп белгіленген. Кампания мамандарының айтуынша «Біз өз тарапымыздан әлеуметтік желілерде осындай акцияны жүргізіп жатырмыз, осы ақпаратты барынша көп адамдарға жеткізуге тырысамыз».
Пікірсайыс соңында қатысушы топтардың пікірталасына қазылық еткен дәрігерлермен, мамандар Дүниежүзілік ЖИТС-тың алдын алу кампаниясы және атқарылып жатқан айлық шеңберінде қала тұрғындарын, әсіресе жастарды АИТВ туралы көбірек білуге, алдын алу шараларын сақтауға үндеді. Жалпы өңірде Астана қаласының әкімдігі ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының ұйымдастыруымен жастар мен жасөспірімдер арасында саламатты өмір салтын ұстануға насихат жұмыстары жүргізіліп, олардың құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған осындай шаралар көптеп өткізілуде.
Бүгінгі өткен пікірсайыс қорытындысында 1 орынды Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті журналистика және саясаттану факультетінің студенттерінің «Дарын» командасы иеленсе, 2 орынды Целиноград ауданы, Жаңажол ауылы №7 негізгі мектебінің 8-сынып оқушыларының «Өркен» командасы иеленді. 3 орынға Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті журналистика және саясаттану факультетінің студенттерінің «Болашақ» командасы ие болып Астана қаласының әкімдігі ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының арнайы дипломымен марапатталып, сыйлықтар табыс етілді.
Ия, түйіндей келсек біздің болашағымыз неге байланысты. ХХІ ғасырда қоғам тек жалаң адамдар тобынан ғана емес, сонымен бірге денсаулығы мықты, рухани дүниесі бай, жаны мен тәні кіршіксіз таза, танымдық белсенділігі мен өздігінен білім алуға деген ынтасы мен шығармашылық қабілеті, сөзге шешен ерекше осындай талапты жастардан тұрады. Сондықтан Сіз және Біз болып, қоғам болып «Салауатты өмір салтын» насихаттау, қоғамға дерт болып табылатын ЖИТС-тің алдын алып «ХХІ ғасыр – салауатты қоғам ғасырын» құру мақсатымыз.