Ақмола облысы, Аршалы ауданы,
№ 2 Аршалы орта мектебі,
Қазақ тілі пәнінің мұғалімі,
Нуртазина Білімжан Нұрсолтановна.
Әдебиет сабақтарында оқушылардың алған білімі мен дағдыларын сыныптан тыс оқумен ұштастыра дамытқан кезде ғана олардың өз бетімен оқу машығы жетіле түспек. Осыдан келіп оқушылардың әдеби білімдерін арттырудың тиімді жолы – әдебиет сабақтары мен сыныптан тыс оқу сабақтарын байланыстыра білу мәселесі туады.
Бұл көркем шығарманың идеялық – көркемдік құндылығы, көтерген проблемасының тереңдігі; ауқымы, оқушының қабылдаушылық, қызығушылық қабілеті тұрғысынан сарапқа салынған, мақсаты мен бағыт-бағдары айқындалған сыныптан тыс оқу сабақты басқа да жұмыстармен тығыз ұштастыра жүргізуді міндеттейді.
Сыныптан тыс оқу сабағы – әдебиет сабағының жалғасы. Ол арқылы мұғалім оқушылардың өздігінен кітап оқуына бағыт береді, оқыған шығармаларды есепке алады, қадағалайды, тексереді, оқушылардың қабілетін арттырады. Сыныптан тыс оқуға арналған сабақтарда оқушылар бірде сабақта аяқталмай қалған көркем шығарманы оқыса, бірде кейбір үстірт түсіндірілген мәселеге қайта оралып, оны нақтылай, дәлелдей түседі, енді бірде оқушыларды алда болатын әдебиет сабағына дайындайды. Бұған қарап сыныптан тыс оқу сабағын қалыптағы дәстүрлі әдебиет сабағы деуге болмайды. Себебі, сынып сағатына қарағанда, мұнда оқушылардың дербес жұмысына, өзіндік ізденуіне, пікір еркіндігіне мол мүмкіндік беріледі. Сондай – ақ баланы жеке адам ретінде қалыптастыруға қажетті тәрбие жұмыстарын іске асыруда сыныптан тыс оқудың маңызы зор.
Сыныптан тыс оқу сабақтары бағдарламалық талаптар бойынша жүргізіледі. Оған бағдарламада қосымша оқуға және сыныптан тыс оқуға ұсынылған шығармалар негізг еалынады.
Сыныптан тыс оқуға бөлінген сағат көп емес. Бөлінген уақытты ұтымды пайдалана отырып, оқушылардың әдебиет сабақтарында алған білімдерін сыныптан тыс оқу сабақтарында кеңейту мен тереңдетудің тиімді жолдарын іздестірген жөн.
Оқу бағдарламасында сыныптан тыс оқылатын әдебиеттер тізімі, әр сыныпқа нақтылы сағаттар саны көрсетілген. Бұған қатып қалған нәрсе деп қарауға болмайды. Мұғалім өз қалауы бойынша ішінара оны өзгертіп, керекті деген шығармаларды өз қалауымен ұсына алады. Кітап тапшылығы, қағаз тапшылығы алға жібермей тұрған бұл заманда бағдарламадағы авторлардың табылуы да қиын болуы мүмкін. Сондықтан оның орнына басқа шығармаларды оқытудың қателігі жоқ Осы қағиданы басшылыққа ала отырып, өзім сабақ беретін, оқыту қазақ тілінде емес сыныптарда сыныптан тыс оқу сабағында Оралхан Бөкейдің шығармаларымен таныстыруды жөн көрдім.
Өйткені,біріншіден, Оралхан Бөкей – есімі дүние жүзіне танымал жазушы.Оның шығармалары дүние жүзінің көптеген тілдеріне аударылған. Ал оқыту қазақ тілінде емес сыныптарда бағдарлама бойынша 11-сыныпта ғана бар- жоғы 1 сағат «Тортай мінер ақ боз ат»әңгімесін оқу енгізіліпті. Ендеше оқу бағдарламасына 10-15% өзгеріс енгізуге болатынын ескерсек, О.Бөкейдің шығармаларын оқып- үйренудің артықшылығы жоқ деп санаймын.
Екіншіден, О.Бөкей шығармаларының тәрбиелік маңызы өте зор. Өйткені онда қоршаған ортаны қорғаудың , адамгершілік қарым-қатынастар, әке мен бала проблемасының, әлеуметтік қайшылықтардың, болашақтың өткір де келелі мәселелері көтеріледі.
Үшіншіден, О.Бөкей шығармаларын оқып- үйрену оқушылардың ақыл – ой интеллектісінің, шығармашылық қабілеттерінің дамуына игі ықпалын тигізеді
Төртіншіден ,бағдарлама бойынша оқылатын шығармалардың тақырыбымен О.Бөкейдің шығармаларының тақырыбы үндес келеді.
Мысалы,7 – сыныпта С. Торайғыровтың «Шығамын тірі болсам адам болып» өлеңі оқуға, талдауға ұсынылады. Ол өлеңді оқып болған соң,
О. Бөкейдің «Сарыарқаның жаңбыры», атты әңгімесінсыныптан тыс оқу сабағында талқылауға болады.Себебі екі шығарманың кейіпкерлерінде ортақ тақырып, үндестік, байланыс бар.Ақынның лирикалық кейіпкері тағдырға мойсынбай, от болып алға ұмтылып, өжет, өр мінез көрсетсе ,О. Бөкейдің кейіпкері Сарыарқаның жаңбырындай қалың жұртты білім нәрімен сусындату мәселесін көтереді.
Сыныптан тыс оқуды жоспарлағанда мына мәселелерді негізге алудың да тиімділігі бар.
Сыныптағы сабақтастық
Балалардың психологиялық жас ерекшеліктері
Оқылатын материалдың көлемі
Шығарма мазмұнының сол сыныптың бағдарламасына сәйкестігі, үйлесімділігі
Жүйелілік, үндестік, байланыс – сыныптан тыс оқу сабақтарында басшылыққа алатын маңызды оқу принциптері. Сыныптан тыс оқуда тақырып үндестігін ғана емес, жанрын негізге алуда маңызды. Лирикалық шығармалардан кейін оны жалғастырып, басқа тақырыптағы басқа автордың лирикалық шығармаларын оқыту – сыныптан тыс оқу сабақтарын ұйымдастырудың мәселелерінің бірі.
Сыныптан тыс оқу сабақтарын өту әдістемесіне ерекше назар аудару керек. Оны әдебиеттегі сабақтардан мүмкіндігіне қарай басқаша ойластырып өткізген жөн. Сабақ бойы сұрақ беріп мазалау, талап ету сияқты әдістерден қашқан жөн. Әсіресе, орта сыныптарға арналған сабақтан тыс оқу сабақтары қызықты, оқушыларды тартатындай, жалықтырмайтындай болып жоспарлануы керек. Бірізділікпен өтетін сабақтардан оқушылар жалығады, ал оның зияны ұшан-теңіз, себебі ондай сабақтар баланың кітапқа деген қызығушылығын тежейді, жояды. Орта сыныптардағы сабақтан тыс оқудың ең басты мақсаты – оқушылардың кітапқа деген ынтасы, қызығушылығын арттыру, оқырмандар әзірлеу. Концерт сабақ, әдеби ойын сабақтары, жарыс сабақтары, жәрмеңке сабақ, сабақ – викторина, саяхат сабағы, «Бізде ертегі кейіпкерлері қонақта» атты кездесу сабағы немесе «Алақай, Тазша баланың ертегісін тыңдайық!» атты әңгіме сабақтары балаларды көңілдендіріп жіберетіні сөзсіз.
Шығармаларды оқыту әдістемесін жасаудағы негізгі талаптар:
Оқушылардың қызығушылығын тудыру;
Өзіндік іс- әрекеттерін ( топпен, жұппен,жекелей жұмыс) ұйымдастыру;
Танымдық белсендігін арттыруға, шығармашылық қабілеттерін ашуға жағдай жасау;
Тапсырмалардың әр деңгейлік болуы;
Сабақты дәстүрлі емес жаңа формадаұйымдастыру;
Өзіндік бағалау ( рефлексия)
Сыныптан тыс кітап оқуды жүргізудің бірнеше әдіс-тәіслдерібар:
Сабақтан тыс уақытта мұғалімнің дауыстап кітап оқуы.
Ұйымдасқан түрде кітап оқу.
Топқабөлініпкітапоқу.
Өз таңдаулары бойынша кітап оқу.
Оқушыларға ұсынатын шығармаларды алдымен мұғалім өзіоқып, оның мазмұнымен танысып алады. Сыныптан тыс оқу сабақтары бағдарламаның талаптары бойынша жүргізіледі, сонда көрсетілген қосымша оқуға және сыныптан тыс оқуға ұсынылған шығармалар негізге алынады. Сыныптан тыс оқуға арналған сабақтарда оқушылар, бірде сыныпт ааяқталмай қалған көркем шығарманы оқып, бірде кейбір үстірт түсіндірілген мәселеге қайта тоқталып оны нақтылай, дәлелдей түседі.
Сыныптан тыс өз қалауымен оқылған кітаптарды дәптерге тізіп жазып отырған дұрыс, немесе мынадай кесте толтыруға болады.
Шығармаларды еркін таңдап, сүйіп оқуға сыныптан тыс оқыту мүмкіндік береді. Сыныптан тыс оқу мектептің оқу-тәрбие жұмысына қосатын үлесі
айтарлықтай. Танымдық қабілет әркімге тән. Бірақ бала өмірге қандай дарынмен келсе де оқусыз, шығармашылықсыз дамуы мүмкін емес. Тек оны дамыта білу – әр ұстаздың міндеті. Сондықтан, дайын ақпараттық фактілерді, заңдар мен ережелерді беріп қоймай, оқушыларды өз бетінше іздендіретін, алған білімдерін тұжырымдай алатын оқу материалдарын беру қажет.Сонымен бірге мұғалім мен оқушының арасында ұжымдық қарым-қатынас, бір-біріне деген сыйластық болған жағдайда ғана оқыту өз нәтижесін береді.