тақырыбы: Экология ғылымының қазіргі заманғы өзекті проблемалары

Жаңыл Секенқызы ҚАСЫМҚАНОВА

«О.Бөкей атындағы қазақ орта мектебі» КММ

биология пәнінің мұғалімі

ШҚО Глубокое ауданы Глубокое кенті

 

 

Сабақтың мақсаты:

 а) Экология- биология ғылымының саласы екендігін,экология ғылымының қазіргі кездегі дамуы, мақсаты, міндеттері жайлы меңгерту.

б) Қоршаған орта, биосфера жайлы білімдерін , ғылыми көзқарастарын дамыту.

в) Әлеуметтік жағынан дамыған,ұшқыр, ұтымды ойлап , белсенді қимылдайтын,өзгенің пікірін сыйлап, төзімділікпен тыңдай білетін саналы ұрпақ тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:Тірек-сызбалар, суреттер ,

Сабақтың типі: Жаңа сабақ.

Сабақтың түрі: Дебат.

Әдіс- тәсілі:  Сабаққа оқушылар алдын-ала даярлық жүргізеді, газет –журнал, ғылыми кітаптар, энциклопедиялар, теледидар хабарларынан материиалдар жинақтайды. Топпен жұмыс , ғылыми негіздегі іздену, зерттеу сабағы, дебат үлгісі. Жоспар ұсыну.

Ұйымдастыру кезеңі:Дебатқа екі топ қатысады. Жақтаушы және даттаушы . әрқайсысына 3 спикер кіреді. Опененттеріне қарағанда әркімнің өз пікірі нанымды шығуы тиіс.

Кезінде қазақ даласын жаяу аралап, оның байлығын әлемге паш еткен геологиялық зеттеулердің атасы академик Қ. Сәтбаев: «Туған жердің тағдыры толғантпаған, жан тебіреніп, ол туралы ойланбаған жігітті қайтіп азамат дейміз? Туған жердің қара тасын мақтан ете білмеген азамат бөгде жердің алтын тасын да мақтап жарытпақ емес», – деген еді. Бұл киелі сөздердің астарында туған өлкенің  табиғатын қорғау жатыр емес пе !

 1-спикер (1-топ)[4-минут]

Резалюция: Ғылыми –техникалық прогресс, ғарышты игеруге байланысты ғылымның жаңа бағыттарының дамуы экологиялық жағдайларға жағымды әсер етеді.

Дефиниц: ҒТП-ті дамыту барысында, ғарышты игеруге байланысты ғылымның жаңа бағыттарын дамыта отырып,  экологиялық жағдайларды қалпына келтіруге және тосын экологиялық апаттардың алдын алуға болады.

Критерий: Соңғы жылдары республикамыздың ғылыми- зерттеу  инистуттары табиғат био -ресурстары бойынша экологииялық іргелі жұмыстар жүргізуде.

1-аргумент.1.ҒТП- дамыту,яғни болашақта, шығыс Қазақстанда, Үлбіде АЭС салу биосфера үшін тиімді . Себебі жылу электр станцияларында көмір жанған кезде ауаға 45 түрлі зиянды элементтер тарайды. Көмір күлі жер-көкті толтырып, ластап барады.

2.АЭС энергиясы ЖЭС,СЭС-тен алынатын энергияға қарағанда 2,5 есе арзан. Өркениетті елдер – Францияда өндірілетін энергияның 70%-ы АЭС тен алынады.Жапонияда 50 атом энергия блогы бар. Ал Қытай АЭС қуатын 2020-жылы 2-50 мегабайтқа ұлғайтуды көздеп отыр.

Құрметті қауым мен өзімнің келтірген  аргументті ары қарай  дәлелдей кететін болсам, АЭС Қазақстанға қажет. , көмірді отын ретінде пайдалану ауаны қалыпты көрсеткіштен 100 есе ластайды .Осы ауаны ластайтын заттар ағзада өкпе рагын, астма, туберкулез, созылмалы бронхит ауыруын тудырады және энергия қуатының тапшылығынан шығудың бірден-бір дұрыс жолы деп білемін. Қазіргі күні  Шығыс Қазақстанда электр қуатына деген тапшылық тұтыну мөлшерінің 13 пайызын құрап отырғаны  белгілі. Экономикасы қарыштап дамып келе жатқан өңір үшін бұл  көрсеткіштің күн санап одан әрі ұлғая беретіні түсінікті . Осы тығырықтан шығу жолы АЭС құрылысын салу керек. . Болашақ АЭС қуаты 600 мың МВТ болады, ғалымдардың пікірінше бұл көрсеткіш біздің өнеркәсіпті  өңірдің энергияға деген қажетін толық өтейді.

Жалпы біздің елімізде энергия қуатының 87 пайызы көмір жағу арқылы өндірілсе 12 пайызы гидро энергия үлесіне тиеді.Ал энергияның басқа түрлері,оның ішінде  АЭС үлесі 1 пайыз ғана. Ал әлемдегі дамыған елдерде атомдық электростанцияда өндірілетін энергияның үлесі 20 пайызды құрайды. Қорта айтқанда Қазақстан үшін АЭС-ті дамыту маңызды қадам болмақ..Мен өзімнің пікірімді дәлелдедім деп ойлаймын . Назарларыңызға рахмет , сұрақтарыңыз болса , жауап беруге әзірмін

1-спикер (2-топ) [4-минут]

Құрметті қауым мен  қарсы жақтың спикері———————-

Резалюция: ҒТП ғарышты игеруге байланысты ғылымның жаңа бағыттарының дамуы экологиялық жағдайларға зиянды әсер етеді.

Дефиниц: ҒТП ғарышты игеруге байланысты ғылымның жаңа бағыттарының дамуы экологиялық жағдайларды ушықтырып, тосын экологиялық апаттардыңболуына әкеліп соғады.

Критерий: 1997 жылы «айнала қоршаған табиғи ортаны қорғау туралы» заң өз кезегінде толық орындалмайды.

1-аргумент. ҒТП –ның даму барысында адам баласы табиғатқа бөгде заттарды , хим қосылыстар , қортпа, пластикалық, жарылғыш заттар,улы газдарды  т.б шығарады.Осылайша табиғатты өзгертеді және бұзады.

Енді осы аргументті дәлелдеуге нақты мысалдар келтіре кетейін   ҒТП- ның дамуы қоршаған ортаға улы заттарды көптеп шығарып ,экологиялық апаттарға жол беріп отыр. Алысқа бармай-ақ өзіміздің ШҚО Өскемендегі УМЗ,СЦК,ИЗОТЕРМ заводы және Қазақ мыс кен орны, жылу энергетикасы,  авто көліктерге тоқталайық. Аталған нысандардан атмосфераға түскен заттар ауа қабаттарында химиялық немесе фотохимиялық өзгерістерге ұшырайды. Содан пайда болған химиялық өнімдер суға , жерге түсіп , ауаға тарай отырып , қоршаған ортаны ластап, адам денсаулығына зиянын тигізеді. Сонымен қатар барлық организмдерге, ғимараттарға, құрылыс материалдарына зиянды әсер етеді.

Атмосфераның ластану индексін бақылау бойынша 1999-05 жылдары  ең көп ластанған қалалардан Риддер мен Зырян алдыға шығып отыр. Республика жағдайында атмосфераның ластануына өнеркәсіптердің жаңа технологияны енгізу жағынан нашар мамандануы себеп болып отыр . Енгізілген технологиялық процестер нәтижесінде  құрамында қатты және сұйық бөлшектері бар газ тәрізді заттар орасан көп мөлшерде бөлінеді әрі ол химиялық қосылыстар өте қауіпті, улы болып келеді.

Тұрақты ластану көздерінен атмосфераға шығарылатын зиянды заттардың мөлшері бойынша ШҚО , Повлодар,Қарағанды,Жезқазғаннан кейін 4 орында 170 т-ға,  ал осы қосылыстармен газдар өсімдктерді, суды , жер ресурстарын , ғимараттарды жалпы қоршаған ортаны ластап жатыр. 2000 ж мәліметі бойынша Өскемен қаласының ауасына күкірт диоксиді және фенол , формальдегид, азот оксиді тәрізді зиянды заттардың шекті мөлшері қалыпты деңгейден 1- 4 есеге артып кеткен.

Мен өз аргументімді дәлелдей алдым деп ойлаймын. Назарларыңызға рахмет , сұрақтарыңыз болса жауап беруге әзірмін.

 

2-спикер (1-топ) [3-минут]

Мен осы топтың скипері———

2-аргумент ЮНЕПжүргізген  зерттеулерге қарағанда ғаламшарда 13-14 млн түр тіршілік   ете алады екен . Қазір сол түрдің  2 млн- ы  ғанасипатталған. БҰҰ бағдарламасында биологиялық әр түрлілікті  сақтау, оны дамыту қажеттігі атап көрсетілген.Ал осы түрлердің санын көбейту , әртүрлілігін сақтау биотехникасыз мүмкін емес, мысалы: Қазақстанда алғаш рет өсімдіктер биотехнологиясының негізін қалаған профессор Ізбасар  Рахымбаевтың басшылығымен микрокөбейту әдісін пайдаланып, өсімдіктердің2400-ден астам түрін шығарды. Осы жұмыстардың нәтижесінде сирек кездесетін және жойылып бара жатқан өсімдіктердің генофондысын сақтауға және көбейтуге және сәндік өсімдіктердің бірегей сорттарын тез арада көбейтіп алуға мүмкіндік туды.

Өз аргументім бойынша сөзімді негіздей кететін болсақ қазір  өсімдіктер биотехнологиясының ауылшаруашылығындағы маңызды бағыттары көп-ақ. 1-іншіден өсімдіктердің кез –келген органдарынан жасуша алып , тұтас өсімдік алуға болады. 2-іншіден  осы әдіспен бір жылда 1 млн өсімдік алуға болады . 3-іншіден жасушалық биотехнологияға негізделген жасанды қоректік ортада синтезделетін экономикалық маңызды заттарды (алколоидтерді, гликозидтерді, хош иісті майлар, дәмді заттар, табиғи бояулар т, б ) алуға болады. 4-іншіден өсімдіктерді клондық көбейтуге және сауықтыруға болады. Биотехнологияның жасушалық әдісі арқылы жасанды қорек ортада, яғни«invitro»( жасанды)жағдайында жануарлардың (ит пен мысықтың, тышқан мен адамның, ) гибридтік жасушасыналған. 1997-1999 жылы жануарлар инженериясын зерттейтін ғалымдар үлкен табысқа жетті .  Англияда  Розлин атындағы институттың ғалымдары  алты жастағы саулық қойдың желін жасушасынан«in vitro»  жағдайында өсіріп анасы тектес ұрпақ алды.

Жапон елінде осындай әдісті қолданып, ірі қара малының тұқымын, Оң түстік Африка мен АҚШ-тағы құрбақа мен  тышқан дараларын шығарды.  `in vitro`жағдайында сауықтыру әдісін қолдану арқылы шаруашылықта пайдаланатын картоптың барлық бағалы сортын шығаруға болады. Қазақ мемлекеттік  ұлттық университетінің өсімдіктер физиологиясы және биотехнология кафедрасында бидай мен арпа тозаңқаптарын өсіру  жұмыстары табысты жүргізілді.

Бір жасушадан алынған тұтас өсімдік және оның ұрпақтары белгілі антибиотикке төзімді болады. Осы әдіс бойынша өсімдіктердің температураға , тұзды топырақ және зиянды жәндіктерге төзімді қасиеттерін арттыруға болады және биологиялық әртүрлілікті сақтауға оны дамытуға боады.  Бұл ҒТП – дамуының нәтижесіне нақты мысал, сондықтан бізді қолдауларыңызды сұраймыз. Назарларыңызға рахмет. Сұрақтарыңыз болса  жауап беруге әзірмін.

 

 

2-спикер (2-топ) [3-минут]

Мен осы топтың спикері——————

2-аргумент.ҒТП даму барысында адам баласының атом қарулары мен ғарышты игеруге байланысты табиғатқа тигізіп отырған зардабы ерекше. Осының салдарынан  жекелеген экожүйелер, ландшафтылар жойлып немесе жарамсыз жерлерге айналды. Мысалы соңғы жылдары Қазақстан аумағына зымыран тасығыштардың  құлап түсуінен «драмалық экологиялық» жағдайлар туындады.

Мен өз сөзімді дәлелдейтін болсам  Байқоңыр ғарыш айлағынан ғарыш кемелерінің ұшып жатқанын мақтан етеміз дегендеріңе ешкімнің қарсылығы жоқ, бірақ  ұшқан әрбір Жер серіктері , ғарыш кемелері қоршаған ортаға көп зиянын келтіріп жатқанын естен шығармауымыз керек. Республика аумағында ірі зымырандық полигондар Батыс Қазақстан обылысында «Тайсойған», Балқаш көлі маңында «Ташкент -4» Байқоңыр ғарыш айлағында  және Шығыс Қазақстан обылысындағы Зайсан көлі мен Қалжыр өзені арасында орналасқан, Бұл жерлерде топырақ беті өте қауіпті улы гептил жанар майымен және зымыран қалдықтарымен ластанған , сол сияқты зымыран ғарыш кемелерінің ұшуы «қышқыл жауындар» жаууды жиілетіп тірі организмдерге зиян тигізеді. Мысалы: Тайсойған полигонында шамамен 24 мың зымыран сыналып 30 мың т жанар май жағылған. 1999 ж 5 – шілдемен 27- қазанда апатқа ұшыраған «Пратон» ғарыш зымыраны Қарағанды облысының жеріне гептил уын шашып , орасан зор қауіп төндірді , ал 2006ж 27- шілдеде «Днепр» ғарыш зымыраны апатқа ұшырады

Зайсан көлі мен Қалжыр өзені арасындағы мыңдаған адам өмір сүріп жатқан өңір  «Мемлекет аралық келісім бойынша  арнайы таңдап алынған елсіз-күйсіз иен аймақ» деп аталатын көрінеді. Сондықтан зымыранның сынықтары осы иен аймаққа түсіп, залалсыз күйінде жиналып алынуы тиіс . Өкінішке орай, бұл жердің ешқандай иен өңір емес, қайта салауатты халық тұратын түгін тартса майы шыққан аймақ болып табылатындығы мен санасып жатқан ешкімді көре алмай жергілікті тұрғын пұшайман  күй кешіп жүргені шындық.

.2008 ж 11 ақпаны күні  ,2009 ж  3 сәуір күні зымыран ұшырылды, жергілікті халықты Тақыр орталау мектебінің жертөлесіне тығып сақтандырды , оның пайдасы қанша зымыран сынықтары Тақырдан 30 шақырым жерден табылды. Осы жарылыс басталғалы көптеген жас аналардың жарымжан балалы болып жатқанын дәрігерлер теріске шығара алмайды.

Ал зымыран тасығыштың гептил отыны өте улы ,өкпе , тыныс алу, жүйке жүйесі, бүйрек , бауырды зақымдайтыны анықталды, адам баласы генетикалық  , онкологиялық, сомотикалық ауруларға ұшырап зардап шегеді. Қазірдің өзінде Қазақстанда  шамамен 2,6 млн адам мутагенез ауыруымен есепте тұрады. Назарларыңызға рахмет . Сұрақтарыңыз болса жауап беруге әзірмін.

 

3-спикер (1-топ) [3-минут]

Мен осы топтың спикері———–

Мен 2 спикердің аәтқанымен толықтай келісе алмаймын.Себебі табиғатта болып жатқан экологиялық  өзгерістерді бақылау үшін  ғарыштық технологияны дамытудың маңызы зор. Мысалы : Жерге бақылау «Метеор» және «Космос» ғарыш кемелері , орбиталық станциялар  арқылы жасанды  ғарыш кемелері  «Союз-3» «Союз-4» «Союз-5» арқылы жердің құрылысын , мұхиттар мен  теңіздердің  тереңдіктерін, су ағыстарын, балықтар миграциясын зерттеу жүзеге асқаны мәлім.. «Союз-3»  «Союз-7» ғарыш кемелері арқылы жер шарының әр түрлі ширегіндегі атмосфераның тазалығын немесе ластану дәрежесін анықтау ғалымдарға үлкен жаңалық болды.

Ғарыштық технологияны дамыту арқылы экологиялық ластану дәрежесін анықтай отырып экологиялық апаттардың алдын алуға болады. Мысалы «Союз 9»  ғарыш кемесі арқылы Қарабұғаз шығанағына бақылау жасалып  , ондағы өзгерістердің толық бейнесі  және су деңгейінің ауытқуы ғылыми тұрғыда анықталды. Осы аталған ғарыш кемелері біздің жеріміздегі «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшып жатқанын мақтан етеміз.

Мен өзімнің алдымдағы әріптестерімнің дәлеліне толықтай қосылып ,қолдай отыра қортындылай кететін болсам , ғылыми техникалық прогресті дамыту арқылы экологияға жағымды әсер етуге болады.

Назарларыңызға рахмет , сұрақтарыңыз болса жауап беруге әзірмін.

3-спикер (2-топ) [3-минут]

Мен осы топтың спикері————

 

Құрметті қауым мен жақтаушы жақтың дәлелдемелеріне толықтай қосыла алмаймын.. АЭС Қазақстанға керек , ал оны экологиялық тұрғыдан алып қарағанда Чернобыль сабағын неге ұмытамыз . Табиғаты тамылжыған Алтайда яғни, Шығыс Қазақстанда онсызда өнеркәсіп орындары көп. АЭС пайдалы болса , өркениетті елдернеге күн және жел энергиясына ден қойды. ҒТП-тің түрлерді көбейтудегі  мүмкіндігі зор екендігін атап өттіңдер. Осы түрлердің жойылуы ең алдымен ҒТП-ның зиянды әсері болып отыр. «Жер бетінде Халықаралық табиғатты  және табиғи қорларды қорғау» одағы мәліметтер і бойынша 1600 жылдан бері қарай  сүтқоректілердің  63 түрі , құстардың 94 түрі құрып кеткен , ал өсімдіктердің  500-ден астам түрі қорғауды қажет етеді. Ал оларды түрлендіріп  жасанды жолмен көбейту  дұрыспа .Табиғи түрлердің  жойылып , орнына мутациялық өсімдіктердің келмесіне кім кепіл? Ол да адам ағзасына зиянды

Американың «Монсанте» деп аталатын ірі корпорациясының ғалымдары картоп өсімдігіне  хитиназа ферментінің генін енгізген. Соның нәтижесінде картоп колорада қоңызымен зақымданбайды . Мұндай картоптың жапырағын жеген жәндіктің хитин  қабығы зақымданып , ол тез арада өледі. Адам организмінде  хитин болмағандықтан хитиназа ферменті адамға зиян келтірмейді – дейді.Ал осы дерек ғылыми түрде дәлелденді ме?Адамға зияны жоқ екеніне кепілдік  бар ма?

Ғарыштық технологияның дамуы керек-ақ шығар, ал ол да өз кезегінде қоршаған ортаға аз зиянын тигізіп отырған жоқ, оны біз өзіміздің  аргументте толық дәлелдедік деп ойлаймыз. Назарларыңызға рахмет.

 

3-спикер (1-топ)

Кешіріңіз мен бұл пікірге қарсы ой айтсам болма?

Чернобыль -50 інші  жылдардың перзенті . Ол кездегі технология мен бүгінгі технолоия – нонотехнологиямен салыстыра алмайсыз, сондықтан прогресті саланың мүмкіндігінен бас тарта алмаймыз. Адам денсаулығына зияны тимейтіндей ұйымдастырылады.Түрлердің жойылуы ҒТП-ның әсерінен емес көбіне адамның жауапсыздығынан, прогреске ілесе алмауынан туындап отыр . ЮНЕП әзірлеген «Ғаламдық биологиялық әр түрлілікті бағалау» деп аталатын баяндамада «Егер биологиялық әр түрлілікті қорғауға байланысты шұғыл шара қолданбасақ, оның адамзат үшін қажеттіліктерін толық пайдалану мүмкіндігінен айырыламыз» делінген. Парасат биігінен қарайтын болсақ , дүниедегі жаратылған барлық түрлердің де белгілі дәрежеде құқығы бар.

Экологиялық аймақтар бар екенін жоққа шығара алмаймыз, бірақ тұрғындарды әлеуметтік және материалдық жағынан қорғауда біршама жұмыстар атқарылып жатыр , соның бастылары – тұрғындарға тікелей дәрігерлік көмек көрсету  және әлеуметтік жеңілдіктер беру. Экологиялық апат аймақтарына өкмет тарапынан қаржы бөлініп, оның зардаптарын жою қарастырылып жатыр. Өндіріс қалдықтарын жою, өңдеу, техникалық жағынан қауіпсіздендіру жұмыстарын жоғары ғылыми техникалық прогресс деңгейінде іске асыру көзделуде.

Назарларыңызға рахмет

 

Сараптаушы топ:

Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар!

1Ата-бабамыз көзінің қарашығындай қорғап, бізге мұраға қалдырған қазақ жерінің асты – үсті тұнған байлық. Бірақ оны ұқыпсыз пайдалану , түзілуіне мығдаған жылдар кететін, осы әсем табиғаттың тепе-теңдігін бұзуға әкеліп соқтыруда. Бүгінде тек тәуелсіз Қазақстанда ғана емес,әлемдік экологиялық жағдайлар бүкіл дүние жүзі тұрғындарының ортақ мәселесіне айналды. Бұрын –соңды болмаған азық-түлік, шикізат, энергия тапшылығы және қоршаған табиғи ортаның ластану проблемалары шарықтау шегіне жетті. Оның айғағы ретінде мемлекеттердің арасындағы табиғат қорларын бөлісу тепе-теңдігінің бұзылуын айтуға болады. Дамыған елдер мен дамушы елдер арасында табиғат қорларын пайдалануда бәсекелестік пен кейбір ысырапшылыққа жол берілді. Нәтижесінде , табиғи қорлардың сарқылуы, өсімдіктер мен жануарлар санының азаюы, экожүйелердің тозуы мен бүліну қарқыны күшейді. Осының бәрі миллиондаған жылдар бойы қалыптасқан тіршілік атауының қолайлы өмір сүруіне кері әсерін тигізеді.

Бүгінгі таңда табиғаттағы өзгерістерді, болып жатқан апатты жағдайларды пайдалану мен қорғаудың ғылыми-теориялық негіздерін жан-жақты қарастыратын ғылым –экология екенін ғалымдар мойындай бастады. Экология ғылымы тірі организмдердің орта жағдайларын зерттеу аясынан шығып, табиғаттағы өзгерістер себептерін ашуға кірісті. Мысалы , зоология ғылымы жан-жануарлар туралы бір жақты әрі түбегейлі зерттеулер жүргізіп келді. Ендігі жерде зоология ғылымына: «биологиялық әр түрлілік не себептен азайып барады? Кейбір түрлердің жойылып кету себебі неде?» – деген сұрақтарға жауап беру қажеттігі туындап отыр.Бұл сұрақтарға жауап беру үшін ,зоологтар ғылымның зертту нысанын экологиялық зерттеулерге ұластырды.

Соңғы жылдарда дүниежүзілік климаттың өзгеруі жер шарындағы  барлық экожүйелерге кері әсерін тигізіп отыр, барлық тіршілікке жаңа экологиялық проблемалар әкелді, бұған жаңағы қарсы топтың айтып кеткен «Озон қабығының тесілуі» , қышқыл жауындар , жылу эфектісі , фотохимиялық тұмшалар, биоәртүрліліктің азаюы, т,б жатады. Осы бағытта іргелі зерттеулержүргізетін  «ғаламдық экология» саласы  келіп шықты,.бұл ғылымның мақсаты мен міндеттері айқындалып мәні мен сипаты атқаратын қызыметі айқын кешенді ғылымға айналды. Енді осы ғылымның мақсаты, міндетін менің әріптесім таныстырсын, зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет.

2 рахмет.Құрметті қауым , Экологияның міндеті табиғаттағы өзгерістердің себебін аша отырып, оған баға беріп, болжау арқылы табиғатты тиімді пайдалану мен қорғаудың ғылыми теориялық негіздерін жасау, оның мәні адамның табиғи жүйелерге тигізетін жағымсыз іс-әрекетінен арылту және  болашақ ұрпақтардың салауатты өмір сүруіне негіз жасау болып табылады. Табиғаттаға күрделі өзгерістерді болдырмау үшін, экологиялық зардаптарды қайтадан қалпына келтіру үшін адамның психологиясындағы экологиялық мәдениетті, білімді,экологиялық сауаттылықты , экологиялық этиканы дамытып , қалыптастырудан бастау қажет ..Олай болса  біз болашақ ұрпақ осы құнды қасиеттерді бойымызға сіңіре отырып , алдыңғы дәлелдерде көрсетілген экологиялық апаттарды болдырмауға  және қалпына келтіруге ат салысайық дегім келеді.Назарларыңызға рахмет!

 

 

 

 

 

Көрермендерге бекіту тапсырма:

 1 – тапсырма: Венн-диаграмма  толтыру

 

 

 

 

 

 

 

2 – тапсырма: Ассоциациялық карта

 

 

 

Экологияның негізгі бағыттары

 

 

 

 

 

 

 

Бағалау:Қазылар алқасына сөз беріледі. Жеңімпаз топ анықталып, марапатталады.

 

Үйге тапсырма:

Ортақ тапсырма: Экологиялық білім туралы ұғымдар мен түсініктердің мәнін ашып, өмірден мысалдар келтіріңдер.

 

   Шығармашылық тапсырма :

Экология ғылымының  басқа ғылымдармен байланысын пәнаралық  негізде түсіндіретін сызбанұсқа құрастырыңдар.

 

 

 

 

 

.

 

 

 

 

 

 

Сондай-ақ, оқыңыз

Тема урока:Дикие и домашние животные

Северо-Казахстанская область, Район имени Габита Мусрепова, КГУ «Новоишимская СШ №2», Федоренко Ирина Николаевна.   Тема …