Сабақтың тақырыбы: Алғашқы адам қалай пайда болды

Ақмола облысы,

Ерейментау ауданы,

Ақмырза орта мектебі,

Шавалиева М.Ш.

Сабақтың  тақырыбы: Алғашқы адам қалай пайда болды

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

5.1.1.1Түрлі теориялар негізінде адамның пайда болуын түсіндіру;

5.1.1.2 адамдар тобыры, ру, қауым, тайпа секілді алғашқы бірлестік формаларын және олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын түсіндіру.

Сабақ мақсаттары:

Адамның шығу тегі туралы теориясымен таныстыру,  ежелгі адамдардың  тобырға біріккенін , рулық қауым мен тайпаның айырмашылықтарын түсіндіру.

SMART  мақсаты:

Оқушылардың  бәрі:адамның  шығу тегі тарихын түсіну.

Оқушылардың  көбі: ежелгі адамдардың тобырға бірікккенін білу.

Оқушылардың   кейбіреуі: рулық қауым мен тайпаны айырмашылығын салыстыру.

Бағалау   критерийлері:

Адамның пайда болуы жөніндегі теорияларды түсінеді.

Тарихи кезеңдерді анықтайды;

Бір тарихи қоғамнан басқа қоғамға ауысуын түсінеді, салыстырады.

Тілдік мақсат:

Айтылым – жазылым, жазылым-айтылым№2, №3оқылым –айтылым

Құндылықтарға  баулу: Ежелгі адамдардың пайда болу арқылы жалпы адамзатты ң құндылықтарын құрметттеу.

Пәнаралық байланыс:География,  Қазақстан тарихы.

Алдыңғы  білім:«Ой қозғау»  сұрақтары  арқылы бастауыш сыныпта алған   білімдерін, түсініктерін  анықтау. 

Сабақ барысы :

Сабақтың  жоспарланған кезеңдері:

Сабақтағы  жоспарланған   жаттығу  түрлері

Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен  амандасып, сыныпты  түгендеу.

Сыныптағы  Психологиялық  ахуалды туғызуға  арналған жаттығу .

Оқушылар орындарынан тұрып қолдарынан ұстап бір-біріне тілек білдіреді

Өзіңізге тілегенді –басқаларға тілеңіз.

«Ой қозғау» стратегиясы. Бастауыш сыныпта алған білімдерін тиянақтау.

Мұғалімнің кіріспе сөзі: Алғашқы адамның пайда болуы туралы   көрсетілген  бейне  көрсетілім   арқылы оқушылар   адамның шығу тегін  түсініп,   өз ойларын  ортаға  салу арқылы диалогқа  түседі  және  өз  пікірлерін  еркін жеткізіп  бере  алады.

Бейнебаян көре отырып қандай ой түйдіңіздер. Миға шабуыл: Алғашқы адам қалай пайда болды?Ой пікірлерін ортаға салады.

Мұғалім кіріспе сөзі:  Адамның пайда болуы туралы түрлі теория бар. Көптеген ғалымдар олардың ішінде үш теорияны: діни,ғарыштық және эволюциялық теорияларын негізге алады.

Кілтті сөздерді дәптерлеріне жазу: палеолит; эволюция, адамның типтері , ру, тайпа, қауым.

Сабақты адамның пайда болуы жөніндегі түрлі теория бойынша суреттер көрсетуден бастау.

Адамның пайда болуы туралы теориялардың ешқайсысы әлі толығымен дәлелденбегенін түсіндіру.Аталған теориялар бір-біріне қарама-қайшы болып табылады немесе бір-бірін толықтырады.Бірақ адамның пайда болуының эволюциялық немесе Ч.Дарвиннің теориясы неғұрлым дәлелденген деп саналатынын айту.

Жер бетіндегі ең алғашқы адамдар тіршілік еткен дәуір – тас дәуірі. (палеолит) .«Палео» – ежелгі, «литос» – тас деген мағынаны білдіреді. Паолеолит кезеңі шамамен б.з.б. 2,6миллион- 12мыңжылдық арасын қамтиды. Осы кезде алғашқы адамдар өмір сүріп, тіршілік ету үшін тастан жасалған құралдарды пайдаланды.  Адамдар тастан жасалған тескіш, қырғыш, қолшапқы және басқа еңбек құралдарын пайдаланды. Адамдар еңбек құралдарын тастан жасаған уақытты палеолит немесе ежелгі тас ғасыры деп атайды.  Ежелгі тарих 4кезеңге бөлінеді: тас дәуірі(2,5млн.жыл- б.з.д.ІІІ мыңжылдық бұрын), мыс-тас дәуірі (б.з.д. ІҮ-ІІІ мыңжылдық ), қола дәуірі (б.з.д. ІІ-І мыңжылдық), темір дәуірі (б.з.д.І – б.з.І мыңжылдығы).

Тапсырма. Суретпен жұмыс.

 

 

Кестені толтырыңдар:  Адамның пайда болуы.

 

Алғашқы адамдар Табылған жері Өмір сүрген уақыты
Австралопитек    
Питекантроп    
Синантроп    
Неандерталь    
Кроманьондық    

 

Сергіту сәті:«Мен күлгенді ұнатамын» ойын жаттығу.

 Жаттығу нәтижесі:          Оқушылар көңіл күйін, денсаулығын жақсартады және айналасындағы оқушылардың көңіл күйімен денсаулығына жақсы әсер береді.

2.Мұғалімнің кіріспе сөзі:адамдар тобыры, ру, қауым, тайпа секілді алғашқы бірлестік формаларын және олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын түсініктеме беру.

Бір үңгірде тұрған адамдар бір-біріне жақын ,туыс екенін сезінді.Бір баспанада тұрып, ұжымдаса еңбек етіп, барлығын ортақ пайдаланған туыстас адамдар ұжымы ру деп аталады. Руды тәжірибелі де беделді адам – рубасы басқарды. Уақыт өте келе рудағы адамдардың саны көбейді. Үш-төрт туыстас ру бірігіп, ру бірлестігін құрды. Бірнеше ру бірлестігінен тайпа құрылды. Сонымен, тайпа дегеніміз- туыстас, ынтымақтас бірнеше рудың бірлестігі.Бір тайпаның мүшелері тайпаластар деп аталады. Олар ортақ істі жиналып, тайпа кеңксінде талқылады. Тайпаны басқаратын тайпа көсемін сайлады. Біртіндеп тайпалар да одақ болып біріге бастады. Тайпалар одағы- шыққан тегі, тілі ұқсас, мақсат-мүдделері ортақ бірнеше тайпаның бірлестігі. Тайпалар одағында ортақ салт-дәстүр, әдет-ғұрып, ортақ тіл қалыптасты. Осылайша бірнеше біріккен тайпалар одағынан алғашқы мемлекеттер құрылды.Қола дәуірінде рулық қатынастар ыдырап, рулыр тайпаға, тайпалар тайпалық одақтарға біріге бастады. Мал шаруашылығы, кетпенді егіншілік ер адамдардың белсенділігін арттырды. Бұған дейін қалыптасқан матрирхатыдырауға айналды. Жеке отбасылар оқшауланып , отбасылық меншік кеңейді. Рулық қауым ішінде мүлік теңсіздігі өсті, дәулетті бай адамдар шыға бастады.

 

2.Тапсырма.Оқушылар суреттерді дұрыс ретпен орналастырып қояды.Тапсырманың проблемалық сұрақтарына жауап береді. Оқушылар суреттерге сипатттама береді. Осы тапсырма бойынша жүргізілетін жұмысты Қазақстан тарихы пәнімен байланыстыруы қажет. Оқушылар Қазақстан тарихын оқыған кезде алғашқы қауым,ру қауымы, тайпа сияқты терминдермен танысады.

Қай суретте алғашқы қауым, ру қауымы және тайпа көрсетілгенін атайды және оларды хронологиялық кезекпен қойып шығады.Осыдан кейін бір қоғамдық бірлестіктен келесі қоғамдық бірлестікке ауысудың себептерін түсіндіреді. Адамның еңбек қызметі кезінде адам қоғамының ауыса бастағаны, еңбек құралдарының жетілгені, бір қоғамдық бірлестіктердің басқа, одан озық бірлестіктерге ауысқаны туралы айтады.

 

2.Топпен жұмыс. Венн диаграммасы толтыру арқылы алғашқы адамдардыңбірлестік формаларын және олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын  салыстырады. Постер қорғайды. Екі топ бір-бірін бағалайды.

 

Руайырмашылығыы

 

 

 

 

 

 

Тобыр

айырмашы

лығы

Ұқсастығы

 

 

                                                                                                       

 

 

 

 

 

 

 

 

Тайпа

айырмашылығы

 

 

 

 

 

Қауым

айырмашы

лығы

Ұқсастығы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дескриптор Ұпай
1-2 ұқсастықтарын анықтайды

2-3 ұқсастықтарын анықтайды

1-2 айырмашылықтарын ажырата алады

2-3 айырмашылықтарын ажырата алады.

 

 

 

 

  1. 4. Тапсырма. Сурет бойынша анықтаңдар. Суретке байланысты мәтін беріледі. Оқушылар суретке қарап, ежелгі адамдардың еңбек құралдарының атауларын өз бетімен анықтай алады. Сондай-ақ олар еңбек құралдары қандай материалдардан (тастан, ағаштан) жасалғанын біле алады. Оқушылардың нақты жауаптарын алу керек(ұшталған тас, қазғыш тас, шоқпар).Кейін оқушылар ежелгі адамдардың ұшталған тасты ағаштардың тамырларын және өсімдіктерді қазып алу үшін пайдаланғаны туралы айтады.Сонымен қатар ұшталған таспен және қазғыш таяқпен ежелгі адамдар ағаштағы жемістерді түсіріп алатын,кішкентай жануарлардың індері қазатын. Шоқпарды ұсақ жануарлар мен құстарды аулау үшін пайдаланатын. Осы кәсіп түрлері терімшілік деп аталатынын игереді.

 

Ежелгі адамдардың бұл еңбек құралдары қалай аталуы мүмкін?

Ежелгі адамдардың негізгі кәсіптерін атаңдар.

Отты игеру адамның өмірін қалай өзгертті.

«Миыңның суретін салу» әдіс-тәсілі. Оқушылар мидың суретін дәптерге салады да, сабақ кезінде меңгерген білімдірін білдіретін сөздермен толықтырады.

 

Рефлексия

-нені  білді, нені  үйренді;

-не әлі  де түсініксіз

-қандай  бағытта  жұмыс жүргізу  қажет.

Үй тапсырмасы: &1.тақырып, қосымшамәлімет дайындау.

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз?

Сыни тұрғыдан ойлау.

«Ширату жаттығуларында»  оқушыларға сатылай тапсырмалар бердім.Бұл арқылы оқушылардың даму дағдысын,тақырыпты меңгеру деңгейін байқадым.№2 тапсырма.

Логикалық ойлау дағдысын дамытады. №3 тапсырма.Салыстыру,ажырату тәсілдерін меңгереді. №4 тапсырма. Сыныпта пікірталас пен кері байланыс орнату барысында оқушылардың ауызша жауап беру дағдыларын дамыту.

 

Бағалау – оқушылардыңматериалдымеңгерудеңгейінқалайтексерудіжоспарлайсыз?

Кері байланыс

№2 тапсырмада оқушылар топпен бағалайды.Венн диаграммада ұқсастарын салыстырады, айырмашылықтарын ажырата аады.

№3тапсырмада өзін-өзі бағалайды. Сурет бойынша анықтауды меңгере алады.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Психологиялық жаттығу

Сергіту сәті.

 

Сондай-ақ, оқыңыз

Тема урока:Дикие и домашние животные

Северо-Казахстанская область, Район имени Габита Мусрепова, КГУ «Новоишимская СШ №2», Федоренко Ирина Николаевна.   Тема …