Ғылыми жоба «Латын қарпіне көшу»

Солтүстік Қазақстан облысы,

 Тайынша ауданы,

Ильичевка ауылы Ильичевка орта мектебі.

Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері

Жакупова Эмилия Кабдоллаевна,

Кожамбергенова Кымбат Достановна

 

G’ylymi’ joba «Latyn qarpine ko’s’y’»

                             КІРІСПЕ 

І БӨЛІМ. ҚАЗАҚ ЖАЗУЫНЫҢ ТАРИХЫ МЕН ЛАТЫН ҚАРПІ

1.1 Қазақ жазуының тарихына шолу, латын қарпінің қолданылу аясы

1.2 Латын қарпіне көшу туралы ой-пікірлер

ІІ БӨЛІМ. ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ЛАТЫН ҚАРПІНЕ КӨШУГЕ МЕКТЕБІМІЗДІҢ ДАЙЫНДЫҚ ДЕҢГЕЙІ

2.1 Мұғалімдер мен оқушылар арасындағы сауалнама

2.2 Латын қарпін тәжірибе жүзінде пайдалану

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

ҚОСЫМШАЛАР 

Кіріспе

«Ұлттың сақталуына да,

жоғалуына да себеп болатын

нәрсенің ең қуаттысы – тілі»

А.Байтұрсынұлы

Өмірімізде болып жатқан түбегейлі өзгерістер қоғамымызға жаңа талаптар қойып отыр. Елбасымыз өзінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан – 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Мемлекет өз тарапынан мемлекеттік тілдің позициясын нығайту үшін көп жұмыс атқарып келеді. Қазақ тілін кеңінен қолдану жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыруды жалғастыру керек. Біз 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек. Бұл – ұлт болып шешуге тиіс принципті мәселе. Бір кезде тарих бедерінде біз мұндай қадамды жасағанбыз. Балаларымыздың болашағы үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз және бұл әлеммен бірлесе түсуімізге, балаларымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруіне, ең бастысы – қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады» – деп латын әліпбиіне көшудің қажеттілігін атап өтті. Осыған байланысты осы латын қарпіне көшу ең маңызды мәселелердің бірі.

Мемлекет басшысы Н.Назарбаев ла­тын жазуына көшудің терең тарихи қи­сыны бар. Олар: қазіргі технологиялық ор­та­ның, қазіргі дүниежүзіндегі коммуника­ция­ның, ХХІ ғасырдағы ғылым мен білімнің ерек­шеліктері деп жазды. Айтқандай, латын гра­фикасының технологиялық аспектіде, бі­лім мен ғылым саласында, мәдени индуст­рия­да жаппай басымдығына қазіргі таңда еш­кім күмән келтірмейді. Қазір латын жазуы жал­ғыз христиан дінінің католиктік дәс­түрі­мен, жалпы Батыс өркениетімен ғана бай­ла­нысты емес, әлем елдері оны прогресс пен іл­гері дамудың шарты деп бағалайды. Қай­нары тарих қатпарларында жатқан дәстүрлі жазу жүйесі бар Қытай мен Үндістанның өзі тех­нологиялық және экономикалық салала­рын дамыту үшін латын жазуын жаппай қол­дануға мәжбүр. Араб әлемі де бүгін құжат­тарды рәсімдеуде, қаржы операциялары ке­зін­де латын графикасын еш кемістік са­на­мас­тан қатар пайдаланып келеді.

 І БӨЛІМ. ҚАЗАҚ АЛФАВИТТЕРІНІҢ ТАРИХЫ МЕН ЛАТЫН ҚАРПІ

1.1 Қазақ жазуының тарихына шолу, латын қарпінің қолданылу аясы

Қазақ тілі түркі тілдерінің қыпшақ тобына, соның ішінде қарақалпақ, ноғай, қарашай тілдерімен бірге қыпшақ-ноғай тармағына жатады. Сонымен қатар қырғыз, татар, башқұрт, қарашай-балқар, қырым, құмық, татар тілдеріне жақын. Қазақ жазуы бірнеше рет өзгеріске ұшырады. Жазу тарихында қазақ тілінің әліпби жүйесі бірнеше тарихи кезеңдерді басынан өткізіп, ұлттық әліпби деңгейіне жеткен. 1929 жылға дейін Қазақстанда араб жазуы пайдаланылды. ХХ ғасырдың басында Ахмет Байтұрсынұлы ұсынысымен қазақ фонетикасының ерекшеліктері ескеріліп жасалған, араб графикасына негізделген «төте жазу» пайдаланылған. 1929-40 жылдар аралығында латын графикасына негізделген әліпбиді жазу жүйесіне енгізіп, 1940 жылдан бері қарай кирилл графикасы әліпбиін қолданып келеді. Мысалы, айта кетсек, Қазақ тілі үшін әр кезеңдерде және әр аймақтарда келесі жүйелер Қазақстан Республикасында – кирилл жазуы негізінде, ресми түрде Қазақстанның бүкіл жерінде және Моңғолияның Баян-Өлгей аймағында пайдаланылған. Тағы да көршілес Қырғызстан, Ресей, Түрікменстан және Өзбекстан елдерін бірыңғай мекендеген қазақ жұрты пайдаланады, сонымен бірге басқа ыдыраған КСРО республикаларында да пайдаланылады. Сонымен қатар Түркия, Германия, АҚШ т.б. батыс елдерінде қазақ диаспорасы әртүрлі қалыпты емес латын жазуын пайдаланады. Осылайша, қазақ тілінің әліпбиін өзгерту тарихы негізінен нақты саяси себептермен айқындалып келді. Латынға Түркия 1928 жылы көшсе, Өзбекстан, Әзірбайжан КСРО ыдырағаннан кейін ауысты. Сол сияқты Әзірбайжанда 1925 жылдарға дейін ресми әліпби рөлін араб тілі атқарды. 1926-39 жылдары латын әліпбиін қолданса, 1940-2001 жылдары кириллица, одан кейін 2001 жылы қайта латын әліпбиіне көшті.[6;205]

Еліміздің латын әліпбиіне көшу ұлтымыз үшін жасалған маңызды қадамдардың бірі. Ұлы Дала елінің тарихына көз жүгіртсек, бірінші тұғыры байлық – жер, екіншісі – тіл, үшіншісі – мемлекет және оның тарихы болуы керектігі айқындалады. Ағартушы-педагог ғалым Ахмет Байтұрсынұлы айтып кеткендей, «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тілі» деген. Алаш қайраткерлері де латын әліпбиін жазу-сызуда қолданды. Бұл бізге таңсық дүние емес. Латын әліпбиі әлемде кеңінен қолданылады. Латын әліпбиі б.з.б. VII ғасырда Римде грек және этрус әліпбиінің тармағы ретінде пайда болып, б.з. I ғасырда қалыптасқан. Орта ғасырда латын әліпбиі Еуропаға тарады. Африка, Америка және Азия халықтары пайдаланды. Қазіргі латын әліпбиінде 25 әріп бар. [4;1]

  • Латын қарпіне көшу туралы ой-пікірлер

«… қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық» ҚР Президенті Н.НАЗАРБАЕВ

Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында 2025 жыл­дан бастап латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керектігін және болашақта барлық саладағы іс-қағаздар мен оқулықтар да осы қаріппен жазылуы тиіс екенін қадап айтты. Сондай-ақ, Үкіметке қазақ тілін латын әліпбиіне көші­ру­дің нақты кестесін жасауды тапсырып, уақыт ұттырмай бұл жұмысты қазірден бастан қолға алу қажеттігін атап өтті.

Бүгінгі күнге дейін тіл саласының білікті мамандары латын қарпіне негізделген қазақ әліпбиінің жобаларын жасауда қызу талқылауда ойларын да айтып бөлісті. Айта кетсек, солардың бірі – филология ғылымдарының докторы, профессор Әлімхан Жүнісбектің пікірі: «Латын әліпбиіне көшудің қиыншылығы қазіргі біздің қолданып жүрген әліпбиіміз қазақтың төл әліпбиі емес, орыс тілімен араласып кеткені, бізге өзге тілден енген дыбыстар араласып кетсе онда кедергілер туындайтынын, латын әліпбиіне төл дыбыстарымызды баптап, соның аясында көшуін және қазақ жазуына тек әліпби ауыстыру ғана емес, түбегейлі реформа керек екенін, ол реформа үш мәселені дыбыс, әліпби және емле ережені бірдей қамтиды – деп айтты.[5;1]

Демек, көп кешікпей егемен еліміздің латын әліпбиіне көшетіні айқындалды. Ал осы межелі мақсатқа кедергісіз қол жеткізу үшін не істеу керек? Осыған байланысты ой-пікірлерге шолу жасадық.

«Мәжілістің отырысында «Қазақ тілін жаңғыртудың басты көрсеткіші – латын жазуына көшу» деп атап көрсетіліп, бұл қадамның әлем қазақтарын біріктіретін маңызды фактор екеніне назар аударылуы соның тағы бір жарқын дәлелі. Ұлттық өнердің қара шаңырағы бола білген М.Әуезов театрының ұжымы бүгінгі – ел болашағы үшін қабылданғалы отырған маңызды шешімге қолдау көрсетіп, еліміздің жаңа әліпбиге көшуіне белсенді атсалысатын боламыз. Барша қазақстандықтарды егемендік пен елдік жолындағы бетбұрысты қадаммен шын жүректен құттықтаймын. Латын әліпбиі – әлемдік кеңістікке енуге апаратын жол!»  Асанәлі Әшімов,Қазақстанның Еңбек Ері,  М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының көркемдік жетекшісі.

«Бұл – заман талабы. Тіл – адамзат қоғамын құру үшін халыққа берілген маңызды құрал. Оны өзге де механизмдер секілді қоғамның дамуы үшін үнемі жетілдіріп, жаңғыртып отыру қажет. Осы орайда әліпби таңдау аса маңызды. Бұл бағыттағы бастамаларға жеңіл қарауға болмайды. Жалпы, менің Қазақстан азаматы және Ассамблея мүшесі ретінде қазақ әрпін латын әліпбиіне көшіру туралы өзімнің пікірім бар. Мемлекет басшысы қазақ әрпін латын әліпбиіне көшіру мәселесіне байыппен қарап, түрлі пікірлер мен ұсыныстарды саралай келе өзінің салиқалы шешімін айтты. Бұл қадам дер кезінде, барлық жағдаяттар ескеріле отырып жасалды. Біз латынға көшу ісіне үлкен дайындықпен келдік. Көптеген шаралар атқарылды. Қоғамның пікіріне баса назар аударылды. Қоғамымызда латынға көшуді қолдайтындардың үні басым түсті. Өйткені латынға көшу уақыт талабы, замана сұранысы екенін халық терең түсіне білді. Ел бірлігін нығайту, Қазақстан халқының бірегейлігін дамыту Ассамблеяның басты міндеттерінің бірі. Осы орайда ел бір­лі­гі мен татулығының кепілі Елбасы екенін ұмытпауымыз керек. Сөз соңында айтарым, Мемлекет басшысының қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру бастамасына баршамыз қолдау білдіргеніміз жөн. Өйткені, өзіміз таңдаған, өзіміз сенім артқан Елбасының әрбір бастамасы халық үшін аса маңызды.» Сергей Вишняк, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары

«Үлкен үміттің үстіндеміз Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев халыққа Жолдауында қазақ жазуын латын әліпбиіне көшіру туралы ұсыныс айтты. Еліміз тәуелсіздік алып, тіліміз бен салт-дәстүрімізді, тарихи құнды­лық­тарымызды енді түгендеп, қазына­ларымызды қайтарып жатқан тұста қазақ әліпбиін латынға көшіру туралы пікір айтқан ғалымдарымыз, саясаттанушыларымыз болды. Бірақ ол уақытта күрделі істің күрмеуі келмеп еді. Міне, бүгін бұл бастаманы қолға алып, іске көшетін сәт туып отыр. Қазақ елінің саяси-экономикалық, әлеуметтік-мәде­ни, ғылыми-ағартушылық дамуын, халықаралық кеңістіктегі ор­нын, ішкі және сыртқы жағдайды жан-жақты ескерген Мемлекет басшысы қазақ зиялыларының алдына үлкен міндет қойды. Әрине, әліпбиді қашан және қандай жолдармен ауыстыру қажеттігін дұрыс қабылдаған жөн. Әліпбиді ауыстыруға ұзақ уақыт, қомақты қаражат, сонымен қатар ең бастысы интел­лек­туалдық күш-жігер керек. Тағы бір айта кетерлік жайт, кейбір ағайындарымыздың латын әліпбиіне көшуіндегі орын алған олқылықтарын қайта­ла­майтын оңтайлы жолды қарастыру қажет. Болашақ ұрпақ екі кеменің басын ұстамайтындай, жалпыға жеңіл, тілдік ортаға икемді болғаны абзал. Біз осыған үміттіміз.» Мәкен Ержан, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жастар саясаты басқармасының бөлім басшысы. [2;1]

Бекен Сағындықұлы:– Иә, бұл мәселе осыдан 5 жыл бұрын көтерілген еді. Содан бері санамызда «ерте ме, кеш пе, еліміз латын әліпбиіне көшеді, соған дайындала беруіміз керек» деген салмақты ой сақталып келді. Бүгін сол үкілі үміт сәулесінің куәсі болып отырмыз. Бұл жазу – елдігіміз бен егемендігімізді айқындайтын, халықтың сауаттылығын танытатын көрсеткіш деп білемін. Латын әліпбиі бұрын тарихымызда 10 жылдай уақыт салтанат құрды. Сол кезде біз көптеген елге, жерге танылдық. Ал қазіргідей қуатты мемлекетте өмір сүріп жатқан кезеңде біз халық болып бұл жазуды қолдап алып кетпесек, өркениетті елдердің қатарына ілесе алмаймыз. Себебі, латын әліпбиі әлемдегі ең танымал жазулардың бірі саналады, яғни, болашағы зор. Сондықтан Елбасының шешімін қолдап, оның ары қарай жүзеге асуына үлес қосуымыз қажет.

Владимир Шнайдер:– Бүгінгі таңда кириллица жазуын әлемнің 12 мемлекеті ғана пайдаланады екен. Ал қалған мемлекеттердің көбі латын әліпбиін қолданады. Демек, бұл кең таралған жазу. Қарапайым ғана мысал келтірер болсақ, қазір ұялы телефонда латын қарпінде жазу оңай, ал крииллицада қазақша тере алмай қиналып жатамыз. Себебі, латын әліпбиінің базасы қалыптасқан әрі ауқымы кең.

Өкінішке қарай, латын әліпбиінің қазақ тарихындағы ғұмыры ұзақ болған жоқ. Десе де, он шақты жылдың ішінде бұл жазу сол уақыттағы қазақ тілінің құлдырауын біршама тоқтатты. Себебі, латын әліпбиінің басым бөлігі фонетикаға негізделді, яғни, сөздің таза айтылуын сақтап қалды. Түркі дүниесіне ортақ заңдылықты сақтады. Біз енді сол үрдісті жалғастырып, заманға сай лайықтап, бейімдеп, ары қарай дамуына ықпал етуіміз қажет.

Бұл ретте ескеретін бір жайт, бүкіл түркі әлемі 34 таңба пайдаланған екен. Біз осы нұсқаны аламыз ба, әлде 33 таңбаны қолданамыз ба? Осы жағын нақтылап алғанымыз жөн. Биыл бірыңғай стандарттар қабылданатын шығар деп ойлаймын.

Екінші мәселе – бүгінде әлемнің әр түкпірінде 5 миллионға жақын қазақ тұрады. Оның 80 пайызы латын әліпбиін қолданады. Демек, біз болашақта латын әліпбиіне көшсек, сол қазақтармен жақындаса түсеміз. Түсіне білген адам үшін мұның да маңызы зор.

Айман Зейнулина:– Жалпы, тіл тазалығы, тіл білімі үлкен ғылым. Қазір бір сөз бірнеше түрлі болып жазылады, айтылады. Осындай заңдылықтарды бірізділендіріп алу керек. Ол үшін латын әліпбиіне көшу науқаны аясында қазақ тілі туралы арнайы заң шығару қажет. Біздің елімізде тілдер туралы заң бар, бірақ, қазақ тілі туралы жеке заң жоқ. Осы мәселені оң жолға қойып, қауһарлы заң қабылдайтын уақыт жетті. Әйтпегенде, біздің ғалымдардың өзі дауласып жататын сәттер жиі кездеседі. Жазу нормасының ішінде орфографиялық, орфоэпиялық заңдылықтар бар, сондықтан нақты ұсыныстар жасауымыз керек.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылған біртіндеп латын алфавитіне көшу – заман талабы. Себебі, латын графикасы қазіргі замандағы жаңа технологиялық ортаның, коммуникация, білім мен ғылымның ерекшелігіне айналған. Қазіргі таңда латын әліпбиі үлкен беделге ие болып, қолданыс аясы да, мүмкіндігі де зор екендігін танытып отыр. Әлемде ақпараттың басым пайызы ағылшын тілінде таратылатынын ескерсек, Қазақстан үшін латынға көшудің пайдасы өте көп болары сөзсіз. Сондай-ақ бұл өзгеріс тіліміздің фонологиялық, лексикологиялық және терминологиялық жағынан дамуына бірден-бір кепіл бола алады.

Латын әліпбиіне көшу – жай әліпбиді ауыстыра салу емес, ол біз үшін өркениетті шешім. Бұл біздің ашық әлемнің бір бөлігі болуға талпынуымызды, алға жылжығымыз келетінін растайды және бұл осыған дейін Қазақстандағы білім беру жүйесін жетілдіру туралы идеялармен байланысты болып тұр.

Білім саласының маманы және латын әліпбиіне көшу жөніндегі комиссия мүшесі ретінде қазақ тілін латын әліпбиіне көшіруді қолдаймын. Себебі, дүниежүзі халқының 80 пайызы қолданатын латын әрпіне көшу озық инновациялар мен жаңа технологияға бір табан жақындаудың белгісі. Балаларымыз да осы арқылы электронды ақпарат құралдарын да жылдам игеретін болады.

Жер бетінде латын әліпбиі барлық салада қолданылатыны байқалады. Барлық математика, физика, химия формулалары, көптеген терминдер, мамандықтарға қатысты ғылыми әдебиеттер т.б латын әліпбиімен байланысты екенін байқауға болады.

Латын қарпіне көшу — бұл әлемдік білім саласын игеру үшін жасалып жатқан оқу бағдарламасына сәйкес, бүкіл әлем қарым-қатынас жасайтын ағылшын тілін жастарымыздың тезірек игеруіне мүмкіндік жасайды. Әлемдік деңгейде қазақ жастарының биік белесте болуы үшін және әлем жастарымен тіл табыса алатын деңгейде болуы үшін де латын графикасына ауысымыз өте маңызды болып табылады. Бұл жерде негізгі мақсат, кез келген ақпаратты, ғаламдық өзгерісті балалар түпнұсқадан алып, оқи алатын болады.

Латын әліпбиіне көшу керек деп қанша жылдан бері айтылып келе жатыр. Енді іс жүзінде орындайтын кезі келді деп білемін. Ол үшін қолданылатын әліпбидің нұсқасы да ұсынылды. Ұсынылған әліпби нұсқасына көшу ол еліміздің рухани байлығын артыратыны сөзсіз. Тарихқа көз жүгіртсек, латын әліпбиі қазаққа жат емес. Бұл халқымыздың ғасырлар қойнауынан ұрпақтан-ұрпаққа жеткен сөз өнерін, қазақ әдебиетінің қайталанбас асыл мұрасын әлемге танытудың үлгісі деп білемін. [7;115]

Өздеріңізге белгілі, кешегі Үкімет отырысында ҚР Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов еліміздің білім беру мекемелерінде латын графикасында қазақ тілінің әліппесін енгізудің жоспары жайында баяндады. Латын алфавитіне көшу жұмыстарында асығыстыққа жол берілмейтін болады.

Барлық шаралар бекітілген кестеге сәйкес жүргізіледі. Бұл ретте кадрларды даярлау, оқулықтарды, сөздіктерді басып шығару жұмыстары ескеріледі. Кейіннен жаппай таралыммен нормативтік сөздіктерді, оқулықтарды, оқу-әдістемелік кітаптар көпшілікке ұсынылады.

Жаңа графика бекітілген жағдайда барлық білім беру мекемелерінде жаңа жазбаны енгізудің кестесі бекітіледі. Ол алдымен педагогикалық ұжыммен, ата-аналар қоғамдастығымен, сондай-ақ басқа да сала өкілдерімен талқыланады. Бұл тұрғыда қажетті қадамдар Білім және ғылым министрлігі тарапынан Президент Әкімшілігімен, Үкіметпен келісіледі. Соңғы шешім қабылдау үшін аталған мәселе мен кестені Парламент отырысында қаралатындығы айтылды. [3;7]

Білім саласында латын алфавитіне көшу бір күнде бола қоятын шаруа емес. Мектептерде латын алфавитін енгізу барысы кезең-кезеңмен іске асады. Бұл үшін біз алғашқы кезеңде тіл игертетін пән мұғалімдерін қайта даярлап, кәсіби біліктілігін арттырып, осы мұғалімдер қатарынан мастер-тренерлерді жасақтаймыз. Екінші кезеңде осы мастер-тренерлер арқылы  басқа да пән мұғалімдерін оқытуды қолға аламыз. Міне , осыдан кейін үшінші кезеңде мектеп мұғалімдері  жергілікті халықтың латын әліпбиін игерулеріне өз үлестерін қосатын болады.

Ең басты әрі жауапкершілікті қажет ететін дайындық кезеңін сапалы аяқтағаннан кейін ғана жаңа жазбаны білім беру мекемелеріне кең ауқымда енгізу жұмыстары жүзеге асырылады.. Бұл тұрғыда орыс тілінде пәнді оқытуда кириллица қалады да, латын қарпі тек қазақ тіліне және қазақ тілінде оқытылатын пәндерге қатысты болады.Яғни біздің балаларымыз екі алфавитті де қатар игеріп шығуларына мүмкіндік мол.

Қазіргі таңдағы жаңартылған мазмұнындағы білім беруде, үштілді білім беру жүйесінің дамуында, үштілділікте ақпараттарға балалардың қолжетімділігін арттыруда ұсынылған  латын әліпбиінің берері зор, мен бұл процессті қолдаймын. Себебі, Қазақстанның білім беру жүйесін жетілдіруге үлкен мүмкіндіктер ашатынына сенімдімін.

Латын алфавитін енгізу – елімздің білімді жастарының қатарының көбеюіне, сол дарынды балаларымыздың әлем елдерінің жастарымен иық тірестіре отырып шыңдалуына қолдау болады. Себебі ұстаздар мен оқушылар үшін әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінің білім беру жүйесімен тығыз  қарым-қатынаста болулары үшін ұсынылған латын әліпбиін енгізу зор үлес қосары анық.[1;1]

 

ІІ БӨЛІМ. ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ЛАТЫН ҚАРПІНЕ КӨШУГЕ МЕКТЕБІМІЗДІҢ ДАЙЫНДЫҚ ДЕҢГЕЙІ

2.1 Мұғалімдер мен оқушылар арасындағы сауалнама

Мұғалімдер мен оқушылар арасындағы сауалнама мемлекеттік тілді қаншалықты дәрежеде білетіндерін,  латын қарпімен таныс не таныс еместігін анықтау үшін, латын қарпін тәжірибе жүзінде пайдаланғанда қандай қиындықтар туу мүмкін, латын қарпін енгізуге көзқарастарын анықтау үшін және соның негізінде белгілі бір ұсыныстар жасау үшін өткізілді. «Қазақ тілінің латын қарпіне көшуі» тақырыбы бойынша мұғалімдер арасында өтілген сауалнама бойынша диаграмма. Қатысқандар: 16 адам. Жоғары білімді: 14, орта арнаулы: 2. Ұлты: қазақтар – 10, орыстар – 2, поляктар – 2, неміс – 1, молдован

  • Мемлекеттік тілді білесіз бе? Білемін – 63 %, білмеймін – 12 %сөздікпен түсінемін – 25 % (1-сурет).

Мемлекеттік тілді білесіз бе? 1-сурет.

 

  • Латын қарпімен таныссыз ба? Таныспын – 6 %, соған негізделген шетел тілі (ағылшын, неміс, т.б.) арқылы білемін – 94 %, таныс емеспін – 0

Латын қарпімен таныссыз ба? 2-сурет

  • 10.17 ж. № 569 ҚР Президентінің Жарлығымен бекітілген латын қарпіне негізделген қазақ тілінің жаңа алфавитімен таныстыңыз ба? (3-сурет)

Иә – 100 %, жоқ – 0.

3-сурет

 

Латын қарпіне көшуді қажет деп санайсыз ба? (4-сурет)

Иә – 77 %, жоқ – 11 %, білмеймін – 12 %

Латын қарпіне көшуді қажет деп санайсыз ба? 4-сурет

Қазақ тілінің латын қарпіне көшуі» тақырыбы бойынша 5-11 сыныптар аралығында өтілген сауалнама бойынша диаграмма. Қатысқандар: 41 оқушы.  Ұлты: қазақтар – 30, орыстар – 3, поляктар – 1, немістер – 5, белорус – 1, украин – 1.

Мемлекеттік тілді білесіз бе? (5-сурет). Білемін – 73 %, білмеймін – 10 %, сөздікпен түсінемін – 17 %.

Мемлекеттік тілді білесіз бе? 5-сурет.

  • Латын қарпімен таныссыз ба? (6-сурет) Таныспын – 44 %, соған негізделген шетел тілі арқылы білемін – 32 %, таныс емеспін – 24 %.

Латын қарпімен таныссыз ба? 6-сурет

  • 10.17 ж. № 569 ҚР Президентінің Жарлығымен бекітілген латын қарпіне негізделген қазақ тілінің жаңа алфавитімен таныстыңыз ба?(7-сурет).
  •        Иә – 95 %, жоқ – 5 %.

26.10.17 ж. № 569 ҚР Президентінің Жарлығымен бекітілген латын қарпіне негізделген  қазақ тілінің жаңа алфавитімен таныстыңыз ба? 7-сурет

  • Латын қарпіне негізделген қазақ тілінің жаңа алфавитімен таныс болсаңыз, қай әріптер жазу мен оқуда сізге қиындық туғызады? (8-сурет) Қиындық туғызбайды – 66 %, қиындық туғызады: апострофтармен жазылатын әріптер –     34 %.

Латын қарпіне негізделген  қазақ тілінің жаңа алфавитімен таныс болсаңыз, қай әріптер жазу мен оқуда сізге қиындық туғызады? 8-сурет

Латын әріптерімен жазылған телефондағы хабарламаларды оқи аласыз ба? (9-сурет)

Иә – 73 %, жоқ –12 %, қиын – 15 %.

Латын әріптерімен жазылған телефондағы хабарламаларды оқи аласыз ба? 9-сурет

  • Телефондахабарламалардылатынәріптерімен жазасыз ба? (10-сурет)

Иә – 31 %, жоқ – 42%, кейде – 27 %.

Телефонда хабарламаларды латын әріптерімен жазасыз ба? 10-сурет

 

2.2 Латын қарпін тәжірибе жүзінде пайдалану

Белгіленген уақыт аралығында оқушылар мен мұғалімдер арасында жаңа латын қарпін іс жүзінде тәжірибеде пайдаланып көрдік.

Алғашқы тапсырма латын қарпімен терілген ұлы ақындардың (А.Құнанбайұлы, Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынұлы) өлеңдерін мәнерлеп оқу.

Өлеңдерді латиницамен оқу мұғалімдер арасында аса қиындық туғызған жоқ. Себебі олар бұрыннан неміс немесе ағылшын тілін оқыған кезінен негізгі латын қарпімен таныс. Бірінші рет оқып тұрса да, мәнерлеп оқып беруге тырысты. Өлеңді оқу барысында апостроф қолданылған қазақ тіліне тән дыбыстарды оқу біршама қиындық туғызды. Алайда, бірнеше мәрте қайталағаннан кейін есте сақталып, оларды шатастырмай оқу оңай бола бастады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өлеңдерді латиницамен оқу 5-11 сыныптар аралығындағы оқушылар арасында қызықты болды.Біріншіден,  олар ағылшын тілін оқыған кезінен негізгі латын қарпімен таныс. Екіншіден, латын қарпін сауалнама жүргізілгендердің 31 %-ы жиі,  27 %-ы кейде телефон-хабарламаларын жазғанда пайдаланады. Бірінші рет оқып тұрса да, мәнерлеп оқып беруге тырысты. Мәтіндерді жылдам, мәнерлеп, нақышына келтіріп оқуға тырысты. Жаңа латын қарпіндегі қазақ тіліне тән дыбыстардың апосторфпен жазылғандары бірер қиындық туғызбаса, қалған әріптерді лезде жаттап алды.

Тәжірибеміздің келесі бөлімінде әр түрлі тақырыптарға берілген мәтіндерді компьютерде теріп беру керек болды. Латын қарпімен мәтін теру қиындау тапсырма болды. Себебі, пернетақтадағы латын әріптерінің қайсысы қайда орналасқанын табу оңай болған жоқ. Пернетақтада біраз мәтін тергеннен кейін ғана әріптердің орналасқан орнын есте сақтай бастады.

Мұғалімдер мен оқушылар орташа есеппен латын қарпінде мәтіндерді теру басында баяу болса, уақыт өте келе тәжірибенің арқасында жылдамдық арта түсті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Соның нәтижесінде латын қарпімен мәтіндерді жиірек теріп, көз бен қолды жаттықтыру қажет екендігін түсіндік. Латын қарпімен терілген мәтіндерді де жиі оқып тұру қажет. Оны әдетке айналдырса, латын қарпіндегі мәтінді оқып-жазу деңгейіміз көтеріліп, оны пайдалану жеңіл болады.

ҚОРЫТЫНДЫ

«Латыншаға көшудің терең логикасы бар. Бұл қазіргі заманғы технологиялық орта­ның, ком­муникацияның, сондай-ақ, ХХІ ғасыр­дағы ғылы­ми және білім беру үрдісінің ерекше­лік­теріне байланысты», – деп Елбасы айтқандай латын әліпбиіне көшу – заман талабы. Ал ғалымдарымыз осы қаріпті қолдану арқылы әлемдегі ең дамыған өркениетті елдермен тереземізді теңестіре аламыз деген пікір айтып, оның тиімді тұстарын дәлелдеп бағуда.

Ендігі кезекте Мемлекет басшысы атап өткендей ғалымдардың көмегімен қазақ әліпбиінің жаңа графикадағы бірыңғай стандартты нұсқасы қабылданып, әдістемелік жұмыстар жүргізілуі тиіс. Сондай-ақ, жаңа әліпбиді үйрететін сапалы мамандар қатарын көбейтіп, мектептерге арналған оқулықтар дайындалуы қажет.

Міне, осы мақсатқа қол жеткізіп, соның жеміс көру үшін қаймақ бетінде жүрген білікті тіл мамандары мен оқытушы-профессорлар аянбай тер төгуі керек. Зерттеу жұмысымыздан осындай ой түйдік.

Елбасының мақаласында көтерілген латын әліпбиіне көшу мәселесі өте өзекті әрі орынды. Біз ендігі кезекте осы мақсатқа жету үшін не істеу керектігін ойлануымыз қажет. Себебі, латын жазуына көшеміз деп айта салу оңай, ал оны жүзеге асыру үшін үлкен шараларды қолға алуымыз қажет. Ол үшін не істеу керек десек,  латын графикасына өтудің оңы мен солын саралап алғанымыз жөн. Соған талдау жасап, мәтіннің оқу әуезін, әдісін, заңдылығын меңгеріп алуымыз керек.

Тәуелсіз мемлекетіміз жылдан-жылға өсіп-өркендеп, отандық ғылым-білім саласы дамып келеді. Осындай тамаша кезеңде латын әліпбиіне көшсек, ешқандай қиындық туындамайды деп ойлаймыз. Қуантарлығы, бүгінде бастауыш сыныптарда оқитын балаларымыз ағылшынша үйренуде. Білім қуған жастар шет тілдерін меңгеріп, шетелдерде білім алуда. Осы тұрғыдан алғанда латын әліпбиіне көшуден қорқудың еш негізі жоқ деп санаймыз. Бұл қадамға бару болашақ үшін маңызды екеніне сенеміз. Себебі, бүгінде кириллицаның аясы өзінен-өзі тарылып келеді. Оның орнын ағылшын тілі басуда. Өйткені, ол өзінің қажеттілігін мойындата білді. Сол сияқты латын әліпбиінің де болашағы зор болатынына еш күмәніміз жоқ. [8;102]

Зерттеу жұмысын жүргізу барысында байқағанымыз, біздің мектеп оқушылары мен мұғалімдерге латын қарпіне көшу үлкен қиындықтар туғызбайды деп ойлаймыз.Оған дәлел өткізілген тәжірибелік жұмыстарды қиналмастан орындағандары. Оқуда да, жазуда да кедергілер болғанымен, өз беттерімен берілген тапсырмаларды аяғына дейін дұрыс орындады.

Ал ғалымдардың еңбегін бағалап, ел болашағы үшін қабылданып отырған маңызды шешімге қолдау көрсету, жақсыны үйренбекке ұмтылу – жүрегі «елім» деп соққан әрбір қазақстандықтың абыройлы міндеті болмақ.

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

  1. Бақытжан САЙЛЫБАЕВ,облыстық білім басқармасының басшысы

Латын қарпіне көшуден ұтарымыз көп 27 Желтоқсан 2012 | 6:07

  1. kz сайтына https://egemen.kz/article/158654-latyn-alipbiine-koeshu-turaly-pikirler!
  2. Жарасбай Сүлейменов «Уақыт талабы». // Солтүстік Қазақстан. 14 қыркүйек 2017 ж. 3 б.
  3. Зәуре АРЫНОВА,  National Digitalhttp://e-history.kz/kz/contents/view/6807
    © e-history.kz
  4. Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы “Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы”. //Солтүстік Қазақстан. № 122 (22139) 2017 ж. 1 б.
  5. Қазақ тілі.Энциклопедия. Алматы: 1998 ж., 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3
  6. Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жумашева Қайырниса – Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009
  7. «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә.Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9

ҚОСЫМША А

«Қазақ тілінің латын қарпіне көшуі» тақырыбы бойынша сауалнама 

Опрос учителей на тему «Переход казахского языка на латиницу»

  1. ТАӘ/ФИО: _____________________________________________________________
  2. Туған жылы/Год рождения:_______________________________________________
  3. Білімі/Образование: _______________________________________________
  4. Қызметі/Должность:_____________________________________________________
  5. Ұлты/Национальность:___________________________________________________
  6. Мемлекеттіктілдібілесіз бе?/Владете ли вы государственным языком?

А) Білемін/Владею      B) Білмеймін/Не владею С) Сөздікпен түсінемін/Владею со словарем.

  1. Латын қарпімен таныссыз ба?/Знакомы ли Вы с латинским алфавитом?

А) Білемін/ Знаю     B) Соған негізделген шетел тілі (ағылшын, неміс, т.б.) арқылы білемін./Разбираюсь в ней, но иностранным языком, основанном на ней (английский, немецкий, и т.д.)

С) Білмеймін/Не знаю

  1. 2017 жылдың 26 қазанында № 569 ҚР Президентінің Жарлығымен бекітілген латын қарпіне негізделген қазақ тілінің жаңа алфавитімен таныстыңыз ба?/ Ознакомлены ли Вы с новым алфавитом казахского языка, основанном на латинской графике, утвержденным Указом Президента РК от 26 октября 2017 года № 569?

А) Иә/Да     B) Жоқ/Нет

  1. Латын қарпіне көшуді қажет деп санайсыз ба?/Считаете ли Вы переход на латинскую графику необходимым?

А) Иә/Да _______________________________________________________________     B) Жоқ/Нет_____________________________________________________________

С)Білмеймін/ Не знаю ____________________________________________________

10.Сіздің ойыңызша, латын қарпіне көшу қалай жүзеге асады?/ По Вашему мнению, как будет происходить сам переход на латиницу?

______________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

ҚОСЫМША Ә

«Қазақ тілінің латын қарпіне көшуі» тақырыбы бойынша сауалнама 

Опрос на тему «Переход казахского языка на латиницу»

  1. ТАӘ/ФИО: _____________________________________________________________
  2. Туған жылы/Год рождения:_______________________________________________
  3. Сынып/класс: ___________________
  4. Ұлты/Национальность:______________________________________________
  5. Мемлекеттіктілдібілесіз бе?/Владеете ли вы государственным языком?

А) Білемін/Владею      B) Білмеймін/Не владею С) Сөздікпен түсінемін/Владею со словарем.

  1. Латын қарпімен таныссыз ба?/Знакомы ли Вы с латинским алфавитом?

А) Білемін/ Знаю     B) Соған негізделген шетел тілі (ағылшын, неміс, т.б.) арқылы білемін./Разбираюсь в ней, но иностранным языком, основанном на ней (английский, немецкий, и т.д.)  С) Білмеймін/Не знаю

  1. 2017 жылдың 26 қазанында № 569 ҚР Президентінің Жарлығымен бекітілген латын қарпіне негізделген қазақ тілінің жаңа алфавитімен таныстыңыз ба?/ Ознакомлены ли Вы с новым алфавитом казахского языка, основанном на латинской графике, утвержденным Указом Президента РК от 26 октября 2017 года № 569?

А) Иә/Да     B) Жоқ/Нет

  1. Жаңа латын қарпімен таныс болсаңыз, қай әріптерді оқып жазғанда қиындықтар туғызады?/ Если Вы знакомы с новым алфавитом казахского языка, основанном на латинской графике, какие буквы Вам трудно читать и писать?

А) Қиын емес/ Не трудноB) Қиынболса/ Если трудно:  __________________________________________________________________

  1. Латын әріптерімен жазылған телефондағы хабарламаларды оқи аласыз ба?/ Можете ли вы прочитать смс-сообщения, которые приходят к вам на телефон?

А) Иә/Да     B) Жоқ/Нет  С) Қиындау/ С трудом

  1. Телефонда хабарламаларды латын әріптерімен жазасыз ба?/Пишите ли Вы смс-сообщения латнискими буквами?

А) Иә/Да      B) Жоқ/Нет С) Кейде/иногда

ҚОСЫМША Б

Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы №569 Жарлығымен бекітілген Латын графикасына негізделген қазақ тілі ӘЛІПБИІ

АЛФАВИТ казахского языка, основанный на латинской графике, утвержденный Указом Президента Республики Казахстан от 26 октября 2017 года № 569

1 A a [a]   17 N’ n’ [ң]
2 A’ a’ [ә]   18 O o [о]
3 B b [б]   19 O’ o’ [ө]
4 D d [д]   20 P p [п]
5 E e [е]   21 Q q [қ]
6 F f [ф]   22 R r [р]
7 G g [г]   23 S s [с]
8 G’ g’ [ғ]   24 S’ s’ [ш]
9 H h [х], [һ]   25 C’ c’ [ч]
10 I i [і]   26 T t [т]
11 I’ i’ [и], [й]   27 U u [ұ]
12 J j [ж]   28 U’ u’ [ү]
13 K k [к]   29 V v [в]
14 L l [л]   30 Y y [ы]
15 M m [м]   31 Y’ y’ [у]
16 N n [н]   32 Z z [з]

 

 

KU’NTIZBE 2018

 

Qan’tar   Aqpan   Nay’ryz
DS SS SR BS JM SN JS   DS SS SR BS JM SN JS   DS SS SR BS JM SN JS
1 2 3 4 5 6 7         1 2 3 4         1 2 3 4
8 9 10 11 12 13 14   5 6 7 8 9 10 11   5 6 7 8 9 10 11
15 16 17 18 19 20 21   12 13 14 15 16 17 18   12 13 14 15 16 17 18
22 23 24 25 26 27 28   19 20 21 22 23 24 25   19 20 21 22 23 24 25
29 30 31           26 27 28           26 27 28 29 30 31  
                                             

 

Sa’y’ir   Mamyr   May’sym
DS SS SR BS JM SN JS   DS SS SR BS JM SN JS   DS SS SR BS JM SN JS
            1     1 2 3 4 5 6           1 2 3
2 3 4 5 6 7 8   7 8 9 10 11 12 13   4 5 6 7 8 9 10
9 10 11 12 13 14 15   14 15 16 17 18 19 20   11 12 13 14 15 16 17
16 17 18 19 20 21 22   21 22 23 24 25 26 27   18 19 20 21 22 23 24
23 24 25 26 27 28 29   28 29 30 31         25 26 27 28 29 30  
30                                            

 

S’ilde   Tamyz   Qyrku’i’ek
DS SS SR BS JM SN JS   DS SS SR BS JM SN JS   DS SS SR BS JM SN JS
            1       1 2 3 4 5             1 2
2 3 4 5 6 7 8   6 7 8 9 10 11 12   3 4 5 6 7 8 9
9 10 11 12 13 14 15   13 14 15 16 17 18 19   10 11 12 13 14 15 16
16 17 18 19 20 21 22   20 21 22 23 24 25 26   17 18 19 20 21 22 23
23 24 25 26 27 28 29   27 28 29 30 31       24 25 26 27 28 29 30
30 31                                          

 

Qazan   Qaras’a   Jeltoqsan
DS SS SR BS JM SN JS   DS SS SR BS JM SN JS   DS SS SR BS JM SN JS
1 2 3 4 5 6 7         1 2 3 4             1 2
8 9 10 11 12 13 14   5 6 7 8 9 10 11   3 4 5 6 7 8 9
15 16 17 18 19 20 21   12 13 14 15 16 17 18   10 11 12 13 14 15 16
22 23 24 25 26 27 28   19 20 21 22 23 24 25   17 18 19 20 21 22 23
29 30 31           26 27 28 29 30       24 25 26 27 28 29 30
                                31            

 

 

Ta’y’elsizdik

 ku’ni qutty bolsyn!

16 JELTOQSAN

 

On altyns’y jeltoqsan –

Ta’y’elsizdikalg’anku’n.

Merekege el tosqan

Atammenenbarg’anmyn.

 

Merekeges’yg’ady

Bu’kilhalyq, bilipqoi’.

Otandastarug’ady

Ta’y’elsizdik-  ulytoi’.

 

Aralai’mynalan’dy

Ta’y’elsizdikku’ni men.

BatyrQai’ratag’amnyn’

Sy’retineu’n’ilem.

 

On altyns’yjeltoqsan –

Ta’y’elsizdikalg’anku’n.

Merekege el tosqan

S’yrqatypa’nsalg’anku’n

Сондай-ақ, оқыңыз

Тема урока:Дикие и домашние животные

Северо-Казахстанская область, Район имени Габита Мусрепова, КГУ «Новоишимская СШ №2», Федоренко Ирина Николаевна.   Тема …