Журналистика тарихындағы керемет кеш!

Біз, журналистер, – біз біргеміз!
Мы, журналисты, – мы вместе!
«Ұлы Дала Қырандары» республикалық қоғамдық мәдени әлеуметтік қозғалысының жобасы

Журналистика тарихындағы керемет кеш!

Бұлай деп ат қойып, айдар тағуымыздың себебі: дәл осындай мәні де маңызы зор игілікті шара тек Елордада ғана емес, тек еліміз бойынша емес, бүкіл ТМД бойынша тұңғыш рет өткізіліп отыр. Зерттеп қарасақ, тек бір-ақ журналистке арналған еске алу кештері болған. Ал, бірден 14 журналистке арналған шара шын мәнінде алғашқы рет қолға алынып, өте жоғары деңгейде өткізілді. Өмірден ерте өткен 14 әріптестерімізге арналған бейнефильмдер көрсетіліп, еске алу тілектері айтылды. Соған қоса, 34 журналист есімдері айтылды. Жалпы алғанда 48 журналисттерді еске алдық. Бір сөзбен түйіндеп айтсақ, дарынды журналистерге арналған ғажап кеш, мәдени игі іс-шара дүрілдеп өтті. Бұл орайда, өмірден өткен дарынды елордалық журналистерге арналған кештің авторы әрі ұйымдастырушысы журналист, публицист Сәдібек Түгел ағамызға мың да бір алғысымызды білдіреміз!

2012 жылдың мамыр айының 4-і күні Астана қаласы «Жастар» мәдениет сарайында республика бойынша алғашқы рет  өмірден  ерте  өткен Ақселеу Сейдімбек, Дүкеш Байымбетов, Владимир Коченов, Жомарт Әбдіхалық, Олег Квятковский, Рафаель Жұмабаев, Талғат Ілімжан, Владимир Бойко, Октябрь Әлібеков, Шакизада Құттаяқов, Алмас Жолтаев, Мадрид Рысбеков,  Жұматай Сабыржанов, Біржан Белғара есімді  елордамыз Астана қаласының өсіп –өркендеуіне барынша мол үлес қосқан, қаламдарынан нұр тамған дарынды журналист қаламгерлерімізді еске алуға арналған  ғажап   кеш болып өтті. Аталмыш шараның ұйымдастырушылары республикалық қоғамдық мәдени-әлеуметтік «Ұлы Дала Қырандары»  қозғалысы оның тең төрағалары ҚР еңбек сіңірген қайраткері, жазушы, журналист Сәдібек Түгел мен «Он Олжа» ЖШС директоры, айтулы меценат, ұлт жанашыры Марат Нәбиев. «Аққан жұлдыздар» деп аталған шараның шымылдығын қозғалыстың тең төрағасы, Астана қаласының тұңғыш баспасөз хатшысы Сәдібек Түгел ашты. (Сәдібек Түгелдің өмірден өткен  жаңа елордалық журналист-қаламгерлерді еске алу кешінде сөйлеген сөзінің толық нұсқасын ұсынып отырмыз)

«Ассалаумағелейкум, аса қадірлі әріптес ағайындар!

Құрметті астаналықтар және Елорда қонақтары!

Баршамыздың көптен бері асыға күткен кездесу  сәтіміз де келіп жетті. Көңілімізде толқу,  ойымызда сан-қилы тілектер мен ниеттер ағыны  бар. Сөз жоқ, бұл еске алу кешінің, біздер журналистер қауымы үшін, болашақ ұрпақ үшін және жалпы біздің қоғам үшін мәні де маңызы зор, тағылымы бөлек.

Жиырмасыншы ғасыр мен жиырма бірінші ғасыр тоғысында, туған еліміздің  абыройын асқақтатқан, ұлт өмірінде сирек кездесетін Ұлы тарихи оқиға орын алды. Ол – қазақтың кең жазира даласы Сарыарқаның нақ төсінде,  теңдесі жоқ, таңғажайып  жаңа Елорда – Астана қаласының салынуы. Бүгін Астананы бүкіл әлем танып, мойындады. Астана – дүниежүзіндегі ең сәулетті шаһарлардың біріне айналды. Тұңғыш Президентіміз, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Өзі таңдап, Өзі негізін салып, Өзі іргетасын қалаған Елордамыз күн санап қарқынды дамып, құлпырып-гүлденіп келеді. Осы жобаның сәтті жүзеге асуына, бүкіл қазақстандықтармен бірге, біздер журналистер де белсене атсалысып, ерекше зор үлес қосып келеміз. Қаламгерлер Астананы әлемге жақсы қырынан жариялап, тыңнан жол тауып, ерен еңбектің үлгісін көрсете білді. Төртінші билік өкілдерінің белсене бастауымен, әрі тікелей қатысуымен 1998 жылдың басында Астана қаласының Халықаралық Баспасөз Орталығы құрылды. Бұл ұйым алғашқы күннен бастап, бүкіл журналистердің басын біріктіріп, жақсы істердің жаршысы, ауқымды ақпараттық шаралардың ұйтқысы бола білді. Осы жерде, тек сол жылдары ғана,  бір мыңнан астам брифингтер мен баспасөз мәслихаттары, қызықты кездесулер, маңызды кеңестер, журналистер байқауы, баспасөз саяхаттары тағы басқа игі іс-шаралар жоғары деңгейде  өткізіліп, Халықаралық Баспасөз  Орталығы  барлық Бұқаралық Ақпарат Құралдарының құтты мекеніне, сүйікті ордасына айналды.

Міне, бүгінгі қастерлі еске алу кешіміз, Астана қаласының өсіп-өркендеуіне айрықша үлес қосқан, Астана қаласының Халықаралық Баспасөз Орталығының  белсенді мүшелері, өмірден ерте өткен аға-бауырлар, жүзден-жүйрік, мыңнан тұлпар шыққан, әріптес-журналистер Ақселеу Сейдімбек, Дукеш Байымбетов,  Владимир Коченов,  Талғат Ілімжан, Рафаель Жұмабаев, Жұматай Сабыржанұлы, Октябрь Әлібек, Жомарт Әбдіхалық, Владимир Бойко, Мадрит Рысбеков, Шакизада Құттаяқов, Алмас Жолтаев, Олег Квятковский, Біржан Белқараларға арналады. Олардың ерен еңбектері елге үлгі, ұрпаққа  ұлағат. Ұлы ойшыл Абай ғұламаның айтқанындай «Өлді деуге болама, айтыңдаршы,өлмейтұғын артына із қалдырған» – дегендей аллатағала берген дарындарымен аттары аталған аға-бауыр журналист-қаламгерлер  мәңгілік мұра қалдырды, есімдері ел есінде сақталды. Қазақ айтады: «Көзден кетседе, көңілден кетпейді»-деп. Олардың жарқын жүздерін, азаматтық келбеттерін, өздеріне ғана тән парасат-пайымдарын, жұмысқа деген құлшыныстарын, Туған Отанымыз-Қазақстанға деген шексіз сүйіспеншіліктерін, жанұяларына, туған-туыс,дос-жарандарға деген қамқорлықтарын сағынышпен еске аламыз, есте сақтап келеміз.

Уважаемые коллеги! Уважаемые астанчане и гости столицы!

Разрешите приветствовать всех Вас и выразить большую признательность и благодарность за то, что пришли сегодня почтить память наших достойнейших коллег-журналистов и отдать им свою дань уважения.

 

Журналистика во все времена была и остается одной из самых общественно значимых и творческих профессий,

Поскольку вечер памяти журналистов проводится впервые в таком масштабе, то нам организаторам пришлось изрядно поволноваться и приложить немало усилий, чтобы этот вечер состоялся. В ходе подготовки мероприятия многие, в том числе и мой сын Айдын, задавали вполне, по современным меркам, резонный вопрос: «Объясните мне необходимость проведения этого мероприятия и нужно ли его вообще проводить?!»

 

Твердо и четко отвечаю с этой авторитетной трибуны: нужно проводить. Надо проводить во имя будущего. Ибо без прошлого нет будущего. Мы должны чтить свое прошлое, чтобы больше любить и беречь настоящее. И с этим трудно не согласиться, ведь чтобы что-то строить, двигаясь вперед, за спиной должна быть славная память о наших соратниках, учителях, которые внесли огромную лепту в становление отечественной журналистики. И мы должны об этом всегда помнить.

 

Не стоит также забывать о том, что профессия журналиста относится к категории наиболее опасных и экстремальных. Быть журналистом в наше время почетно и в то же время опасно. Пример тому – недавнее покушение на жизнь уральского журналиста Лукпана Ахмедьярова. Журналисты всегда находятся на острие правды, посредством своего пера, микрофона и объектива теле- и фотокамеры стоят на страже интересов простого народа. В большой степени  именно благодаря  журналистам казахстанцы получают достоверную и объективную информацию.

 

По воле судьбы многие из нас стали свидетелями и  непосредственными участниками исторического события – переноса столицы из Алматы в город Астану, грандиозного по масштабу строительства крупного мегаполиса. Мы находились в гуще событий, эпицентре развития новой столицы. В эти полные романтики годы мы, столичные журналисты, создали Международный пресс-центр города Астаны, который за короткое время стал популярным и любимым местом встреч и обмена опытом всех работников МАСС-МЕДИА не только нашей республики, но и зарубежных стран. Отсюда поступала самая свежая и правдивая информация о жизни новой столицы Республики Казахстан.

 

И, наконец, главная цель вечера – почтить светлую память наших талантливых коллег, настояших мастеров и мэтров казахстанской журналистики, активных членов Международного пресс-центра города Астаны Акселеу ага Сейдимбека, Дукеша ага Байымбетова, Владимира Григорьевича Коченова, Рафаела ага Жумабаева, Жуматая ага Сабыржанұлы,  Талгата Илимжана, Октябрь ага Алибека, Жомарта ага Абдыхалыка, Владимира Ивановича Бойко, Мадрит ага Рысбекова, Олега Владимировича Квятковского, Шакизады ага Куттаякова, Алмаса Жолтаева, Биржана  Белгара. Проведением этого мероприятия мы еще раз хотим обратить внимание общественности столицы на их замечательное творчество, вспомнить яркие моменты их искрометной жизни и деятельности и благородные поступки во имя процветания нашей любимой Родины – Республики Казахстан!

 

Считаю своим долгом назвать достойные имена ушедших в иной мир наших коллег, в разные годы работавших в средствах массовой информации Целинограда, затем Акмолы и новой столицы Астаны. Мы вспоминаем их с благодарностью и почтением – это Ногербек Магзумов, Ескермес Иманбаев, Артур Иванович Мельников, Сабит Абдрахманов, Геннадий Бобров, Мади Хасенов, Рамазан Ахметов, Казтай Альжанов, Борис Степанович Гавриленко, Владимир Дроздов, Каиргельды Оспанов, Александр Павлович Приваленко, Валерий Николаевич Прокуров, Радзин Игорь Александрович, Рахимжанов Күлмес, Рахимов Хажымурат, Семенов Индустриан Николаевич, Терец Геннадий Павлович, Хильченко Николай Иванович, Жолбарыс Абишев, Маханбет Жамекулы, Абен Жубанов, Отепберген Акыпбеков, Раушанбек Бектібаев, Әскен Нәбиұлы.

 

В завершение своего выступления хочу сказать  о том, что от журналиста зависит многое. Наша профессия и интересна, и трудна. А будучи солидарными, мы сможем преодолевать многие трудности. И солидарность журналистов заключается, я думаю, в желании сотрудничать между собой и действовать сообща. Мы не должны забывать наших товарищей по журналистскому цеху, мы должны поддерживать друг друга и объединять наши усилия по оказанию помощи нуждающимся семьям журналистов, их детям. Рекомендую всем филиалам Республиканского движения «Ұлы Дала Қырандары» аналогичные вечера памяти журналистов проводить в других городах и регионах.

 

Сегодняшний вечер памяти известных журналистов города Астаны состоялся благодаря республиканскому общественному социально-культурному движению «Ұлы Дала Қырандары», нашему другу и соратнику, видному столичному меценату культуры, сопредседателю этого движения  Марату Аскеновичу Набиеву. Говорим большое журналистское спасибо Марату Аскеновичу Набиеву, Акимату города Астаны, дирекции дворца культуры «Жастар», телестудии Евразийского Национального Университета имени Гумилева и всем тем, кто принял активное участие в подготовке и проведении данного важного мероприятия.

Сөз соңында айтарым, алыс-жақыннан ат шалдырып келген барлық ағайындарға, өмірден өткен әріптестеріміздің жанұяларына, жан -жарларына, бала-немерелеріне, туған-туысқандарына рахмет айтамыз! Біз сіздермен әрқашан бірге екенімізді айтып өтемін.

Бүгінгі кешке келіп, қатысып отырған барша жұртшылыққа көп-көп рахметімізді айтамыз!

Біз, журналистер, біз біргеміз!» –  деген ұранмен өз сөзін аяқтады. Мұнан кейін өмірден ерте өткен журналисттеріміз жайлы деректі бейне фильм көрсетілді. Онда қарымды қалам иелерінің адами қасиеттері, қызмет барысындағы жолдары, атқарған істері сөз болды. Соған қоса, марқұмдардың отбасыларына соңғы қызмет істеген мекемелерінің жауапты қызметкерлері ақшалай, бағалы заттай естелік сыйлықтар табыс етті. «Ұлы Дала Қырандары» республикалық қоғамдық мәдени-әлеуметтік қозғалысының атынан, қозғалыстың әр облысындағы филиалдарының жетекшілері, әзірленген сыйлықтарды тапсырды.

– Кеш өте жоғары деңгейде өтті. Қозғалыстың тең төрағалары Марат Нәбиев пен Сәдібек Түгелдің алдағы істеріне табыс тілеймін. «Өлі риза болмай, тірі байымайды» деген сөзге бүгінгі кеш толық жауап берді. «Адам болып туады бәрі, бірақ адам болып қалмайды бәрі» деген дана сөз бар еді, адам болып туып, адам болып қалған азаматтарымыз көбейсе – нұр үстіне нұр болатына сенімдімін! Осындай игі істер бастау алар!  – деді Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстандағы өкілі Жекен Қалиев ағамыз. Осыған қоса, Қазақстан Республикасы Парламент Сенаты мен Мәжіліс аппаратының жауапты қызметкерлері, «Хабар» агенттігі жаңалықтар бөлімінің продюсері Еркін Байғабыл, Алматыдан келген «Ана тілі» газеті бас редакторының орынбасары Нұрперзент Домбай, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының бұқарамен байланыс және баспасөз бөлімінің бастығы Оксана Петерс есімді тұлғалар да марқұмдардың киелі қасиеттері жайлы жылы лебіздерін білдіріп, ізгі тілектерін тіледі. Осы тұрғыда ұласын тауып отырған аталмыш шарада Қазақстан Республикасының өнер жұлдыздары, талантты әншілері ән шашуын шашты.

Аяулы елім маған қалам алдырған

Ұлым, қызым келешек жас балдырған.

Бәйтеректің басындағы ұядай

Ескерткішім осы менің қалдырған

деп абыз ақын, Ғалым Малдыбаев ағамыз толғағандай, аяулы жар, ардақты әке, қимас бауыр, үзеңгілес достан ұрпағына қалған естелік осындай бейне сюжеттер мен  өлеңдерден құралып, ұрпақтан ұрпаққа тарайды дегенге сенімдіміз! Адамзат ұрпағымен мың жасайды, азамат – ел үшін атқарған келелі істермен мәңгі жасайды.

 

Ғайша Сыздықова

 

 

 

 

 

 

Кешке қатысқан адамдардың пікірлері:

Сауытбек Абдрахманов, «Егемен Қазақстан» АҚ президенті:

Елорданың қадір-қасиетін таныту жөнінде бүгін біз еске алып отырған журналистер қауымы үлкен еңбек тындырған еді. Солардың үлкен еңбегі лайықты еске алынғалы отыр. Біз соған ризамыз.

 

Қазір қазақ журналистикасында өткеннің өнегесі мен кешегінің жалғасы сақтаулы. Іргелі ағалардың ізбасарлары да ілкімді. Сол мұзбалақтар ынта-жігерімен салмақты саланы бөктерлеп жүр. Байқағанын бағамдап, батыл, батырып айтатын буын бар. Сондықтан, алғашқы өткізілген шараның тағылымы аз емес, артқы толқынға өнеге боларлық.

 

Алдан Смайыл, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты:

Бұл қолына қалам ұстаған әрбір журналистің, біздердің парызымыз. Бүгін Ақмола жұртшылығы осындай парызын өтеп отыр. Мен мұны құптаймын. Мұны дәстүрге айналдыруымыз керек.

 

«Ұлы дала қырандары» қозғалысының ұйытқы болуымен өткен кеш келелі. Жарқын бейнелері жадымызда жатталған журналистер жайы жекедара жазулы. Әсерлі әңгіме желісі үзілмей, үзік сыр айтылды. Бейнесюжет ұсынылды бұқараға. Өнер жұлдыздары ән шырқады төгілдіріп. Ардақтылардың артында қалған аяулы жарлары мен ұлағатты ұл-қыздарына сый-сияпат жасады әріптестері. Дәтке қуат боларлық тарту дерсің. Ал, шара көптің көңілінен шықты.

 

 

Сәдібек Түгел мен Марат Нәбиевтің азаматтық бір ісі

 

Елдің – елдігін , ердің – ерлігін танытар бір игі істі белгілі публицист Сәдібек Түгел мен атақты меценат Марат Нәбиевтер қолға алыпты…
Астананың шаңырағы көтеріліп жатқан алғашқы жылдары Елорда тынысын кеңінен насихаттаған Ақселеу Сейдімбек, Дүкеш Бәйімбетов,Владимир Коченев,Жомарт Әбіхалық,Олег Квятковский,Рафаэль Жұмабаев,Талғат Ілімжан,Владимир Бойко, Шакизада Құттыаяқов,Алмас Жолтаев,Мадрид Рысбеков,Нөгербек Мағзұмов,Октябрь Әлібеков, Жұматай Сабыржанов сынды қаламгерлерді еске алу кешін «Ұлы дала қырандары» республикалық қоғамдық әлеуеметтік- мәдени қозғалыстың басы – қасында жүрген Сәдібек Түгел мен Марат Нәбиевтер ұйымдастырып ,өткізгелі отыр. Астанадағы Жастар сарайын қаржы тауып,жалға алу,кештің бағдарламасын жасау,кейіпкерлер жайында кино түсіру секілді бейнеті көп жұмыстарды мойындарына өз қалауларымен алған бұл азаматтардың еңбектері нағыз өнеге болар істер. Астана қаласының зиялы ,санаткер деген 900 тұрғынына және Шақыру таратылыпты. Өмірден ерте кеткен сол қаламгерлердің отбасыларына да кеш барысында құрметтер көрсетілмек.
Қырандық қимыл, бекзаттық жұмыс деп осыны айтар болар!Елдің бірлігін нықтай түсетін, адамшылықтың, азаматтықтың байрағын биіктете көтеретін осы шараның үлкен толғаныс,тебіреніс үстінде өтеріне күмән жоқ.
Аяулы жандарды еске алу – жүрекке тозаң жолатпау, көңілдің шарайнасына дақ түсірмеу! Жанның пәктігінен айырылмау! Еңбекті бағалау,ұмытпау,жас толқынға ғибрат ету!
Еске алу кешінде еліміздің белгілі әншілері,өнер шеберлері ортамызда жоқ журналист бауырларымыздың тіршіліктерінде сүйіп тыңдаған әндері мен күйлерін орындап, жиналған қауым марқұмдардың жақсылықтары жайында әңгімелер айтпақшы.
Өсер елдің азаматтары осындай қадамдар жасар болар !..
Мәңгілікті алмақ емес , ешкім-дағы еншілеп,
Жарық дүниені сыйға берген, «көрші» деп.
Бәрі мейман адамзаттың баласы,
Бұл фәнидің жарқылына көңіл қашан көншімек…
Ей , пенделер ,
Жүректерді жақсылыққа ораңдар,
Бір – біріңе мейірімді бол,адамдар!
Қанша биік,асуларға шықсаң да,
Сенен биік,сенен заңғар ғалам бар..
Смағұл Рахымбек,жазушы

 

 

 

Сондай-ақ, оқыңыз

Мені халық қолдады.

Әріптесіміз журналист, танымал қоғам қайраткері Сәдібек Түгел «Халықтың сүйіктісі» атанды. 2018  жылдың 3-ші ақпаны күні …