Астана қаласы
№28 орта мектебі
Мырзалиева Масура Муташевна
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың зат есімнен алған білімдерін және септіктерді нығайту, тиянақтау, бір жүйеге келтіріп қорыту, теориялық білімін прак-тикамен ұштастыру. /5- сынып/
- Оқушыларды әдептілікке, ізеттілікке, адамгершілікке, асханада өз-өзін ұстау әдебін тәрбиелеу.
- Ойын түрлері арқылы оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, өз ойын тиянақты жеткізуге дағдыландыру.
Сабақтың типі: Жаңа сабақ.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ..
Сабақтың әдісі: ақпараттық технологиясы, флипчарт.
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, суреттер.
Сабақтың барысы: І. Мұғалімнің сөзі.
Құрметті оқушылар! Бүгін біздің мектеп асханасының аспазшысы оқушылар дұрыс тәртіп сақтамайды деп, ренжіп, кетіп қалыпты , біздің міндетіміз: оны орнына қайтару, бірақ ол «оқушылар асханада ұстау әдебін үйренсе ғана келемін» депті.Бізге мынандай тапсырмалар беріп жіберіпті: Егер тапсырмалар дұрыс орындалса, өз жапқышымды сыйлаймын депті.
Флипчарт 1. «Бой сергіту».
Қойылатын сұрақтар:
Зат есім дегеніміз не?
- Жалқы зат есім қалай жасалады?
- Жалпы зат есім дегеніміз не?
- Дара зат есім дегеніміз не?
- Туынды зат есім қалай жасалады?
- Негізгі зат есім дегеніміз не?
- Берілген зат есімдерді тұлғасына қарай ажырат: асхана, тағамдар, ыдыс-аяқ, киім.
Флипчарт 2. Мәтінмен жұмыс: оку, аудару, түсіну.
Мектеп асханасын үзіліс кезінде бекітілген кесте бойынша қолдану керек
– Асханада болғанда оқушылардың міндеті:
– «Асханада өзін ұстау нұсқаунамасына сәйкес» өздерін ұстау білулері
– Сыртқы киіммен асханаға кіруге болмайды
– Ыстық және сұйық тамақ алып жатқан кезде жан-жағына назар аударып абай болулары қажет
– Асханадан алған тамақты асхананың ішінде ғана жеулері керек.
– Мұғалімдердің немесе асхана жұмыскерлерінің талаптарына бағынулары керек
– Тамақты кезекпен алады
– Тамақтанғаннан соң үстелдің үстін жинайды
– Асхана мүлігін сындырмайды
– Асхана заттарын сыртқа алып шығуға тыйым салынады
– Басқаларға жасаған қылықтарын жеткізіп отырмау керек.
– Басқаның істегенін иемденбеу
– Үлкенге құрмет, кішіге ізет таныту
Мұғалімнің сөзі тәрбие жөнінде, этикет жайында.
Флипчарт 3. Сөйлемдерді дұрыс құрастыру:
Болмайды, киіммен, асханаға, сыртқы, кіруге
Кезекпен, алады,тамақты
Асхананың, алған, Асханадан, тамақты, ішінде, керек, ғана, жеулері
Үстін, соң,тамақтанғаннан, жинайды, үстелдің
Флипчарт 4.
Пиктограмма
Асхана Мақат
Таиақ Күлім
Кезекпен Қыус
Үстел Қытсы
Ыстық Анахса
Суық Зекнепек
Сыртқы Телсү
Мүлік Қытрыс
Флипчарт 5. Керекті сөздерді орнына қою:
Асхана заттарын сыртқа —————-тыйым салынады
Асханадан алған тамақты———————— ғана жеулері керек.
Мектеп асханасын ——————— бекітілген кесте бойынша қолдану керек
Асхана——————- сындырмайды
Керекті сөздер: мүлігін, асхананың ішінде, алып шығуға, үзіліс кезінде.
Флипчарт 6.
Зат есімдердің сөз құрамын анықтап, септігін белгіле.
Кезекпен,үстелдің,киіммен,асханадан,үлкенге,заттарын,тамақты, жұмыскерлерінің, талаптарына.
Флипчарт 7.
«Асханада тәрбие сақтау»
жағдаяттық ойыны арқылы асхана келіп кеткен досын ( біреуі –тәртіпсіз, екіншісі – тәртіпті) суреттеуге байланысты сөз қорын тексеру.
Флипчарт 8. Семантикалық картаны толтыру.
№ | мысалдар | Жалқы
зат есім |
Жалпы зат есім | Деректі зат есім | Дерексіз
зат есім |
Негізгі
Зат есім |
Туынды зат есім |
1 | Құрмет | ||||||
2 | Этикет | ||||||
3 | Тәрбиелік | ||||||
4 | Астана | ||||||
5 | Асхана | ||||||
6 | Талаптық | ||||||
7 | Мүлік |
Флипчарт 9.
Сөздерді оқып, зат есім екенін дәлелде:
мектеп, киім, тәрбиелік,қылықтар,жұмыскерлерінің, міндеті.
Дәлелдеу үлгісі:
Бұл зат есім, өйткені
Флипчарт 10. Оқып, түсін, есіңде сақта.
Аспазшының кеңестері:
*Түрегеп тұрып тамақты жеуге болмайды;
*Дастархан әрқашан таза болуға тиіс.
*Тамақ ішіп болған соң ыдысыңды ыдыс жуатын орынға апаруды ұмытпа! Тамақ алдында және тамақтан соң қол жуу –адамды көптеген ауру сырқаулардан сақтайды
*«Наннан үлкен ұлық жоқ», нанды бір қолыңмен үзбе, нан қоқымын жерге тастама;
*Тамақ ішкенде жағымсыз сөз, жиркенішті заттар айтылмайды;
Флипчарт 11. Дұрыс немесе бұрыс.
– Сыртқы киіммен асханаға кіруге болады.
– Асханадан алған тамақты сыныптың ішінде ғана жеулері керек.
–Үлкенге құрмет, кішіге ізет таныту
– Тамақты кезексіз алады
– Асхана мүлігін сындырмайды
-«Ас болсын» деп айтпайды.
Флипчарт 11. Рефлексия.
Әңгімелеу: Бүгін мен не үйрендім? Қандай өзіме сабақ алдым?
Флипчарт 12.
. Аспазшының сыйлықтары. Бағалау.
Флипчарт 13.
Үйге тапсырма.
Күнделікті енді ашайық
Үй тапсырмасын жазайық.
Бүгінгі алған білімді,
Ұмытпай есте сақтайық. Аспазшының кеңестерін жаттап келу.