Астана қаласы №76 мектеп – лицейі
информатика пәнінің мұғалімі Еримбетов Нурсултан Есимжанович
Қазіргі таңда қоғамның дамуы адамзатқа қажетті ақпаратты жедел және нақты түрде бере алатын информациялық үрдістердің дамуына байланысты болуда. Қоғамда болып жатқан дамудың өңделу, жеткізілу, сақталу заңдарының негізін ұғыну және дұрыс болжамдау үшін болашақ маманға компьютерлік сауаттылық, ақпаратты өңдеу аса қажет. Сонымен қатар білікті маман өз міндетін жаңа талаптарға лайықты етіп орындау үшін жаңа ақпараттық технологиялар арқылы өз жұмыстарын шеберлікпен жүргізе білуі қажет. Сонда да бүгінгі таңда Қазақстанда қалыптасып отырған ақпараттық кеңістік біртұтастығының жоқтығымен, ақпараттың біркелкі таратылмауымен, халықтың Интернетке қол жеткізудегі, ақпаратық технологияларды қолдану дағдыларын меңгерудегі теңсіздігімен, қазақ тіліндегі электрондық құралдардың аздығымен сипатталуда.
Біз осы мақсатта Java тілін оқытуға арналған электрондық құрал дайындауды жөн көрдік.
Java— Sun Microsystems компаниясының жасап шығарған объектіге-бағытталған бағдарламалау тілі. Java қосымшалары әдетте арнайы байт-кодта компиляцияланады, сол себепті олар кез келген виртуалды Java-машинасында (JVM) компьютерлік архитектурасына тәуесіз орындалады. Ресми шығу күні — 23 мамыр 1995 жыл.
Айтылуы жөнінде қазақ тілінде басқа тілдердегі сияқты екі бір-бірінен ажыратылған қағида пайда болды: ағылшын тілінен алынған /ˈdʒɑːvə/ («джава») және Ява аралының айтылуына сәйкес келетін дәстүрлі-халықтық «ява». Sun компаниясы ағылшындық айтылуды бүкіл әлемде ұстанады. Java — деп тек қана тілді ғана емес, сонымен қатар осы тіл негізінде жасайтын және орындайтын платформаны атайды. Бастапқыда тіл Oak («емен») болып аталған және оны Джеймс Гослинг тұрмыстық электрондық құрылғыларды бағдарламалау үшін жасалынатын. Біраз уақыт өткеннен кейін тілдіі атын JAVA деп ауыстырады және оны клиенттік қосымшаларды және серверлік бағдарламалық қамтаманы жасау үшін қолданыла бастады. Кейбір бағдарламалаушылардың сүйікті кофе маркасы Java құрметіне аталды. Сол себепті тілідң эмлемасында түтіндеп тұрған кофесі бар шынаяқ бейнеленген. Сонымен қатар осы java атауының шығу тегі туралы басқа да нұсқалар бар.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Visual Basic программалау ортасында Java тілін үйренуге арналған электрондық оқулық дайындау..
Зерттеу объектісі: JavaScript тілі, операторлары, электрондық оқулық құру технологиясы.
Бүгінде электрондық оқулық жасаудың түрлі тәсілдері шығып жатыр. Олар әртүрлі бағдарламалау орталарында жасалынып, таратылуда.
Жоғарыда атап өткеніміздей біз бұл ғылыми-зерттеу жұмысымызды Visual Basic программалау тілінде жасадық.
Төменде, программа іске қосылғаннан кейін орындалатын іс-әрекеттердің көрінісі тізбектей орналасқан. Әрбір бөлім туралы мәліметтер жеке-жеке терзелерде анықтамасы және оған қатысты жұмыстар тізбегі көрсетіліп, программаның процедурасы жазылған.
Ескерту: Әрбір суреттің номері, программаның жүру тәртібін және соған сәйкес оның көріністерін құрайды.
Сурет 1. Негізгі мәзір.
Сурет 2. Java туралы теориялық мәліметтер
Сурет 3. Сұрақтар бөлімі
Сурет 4. Зертханалық жұмыстар
Сурет 5. Тест бөлімі
Cурет 6. Бейнеролик арқылы түсіндіру бөлімі
Қорыта келгенде, бiлiм берудiң саласында “Электрондық оқулықтарды” пайдалану оқушылардың, танымдық белсендiлiгiн арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесiн қалыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуiне жағдай жасайды.
Оқу материалдарын ұтымды игерудегi электронды оқу құралдарының атқаратын рөлi зор. Онда пәндегi теориялық тақырыптар кеңiнен берiлiп түсiндiрiледi. Теориялық материалдарды графикалық иллюстрация түрiндегi әртүрлi суреттер, сұлба тәсiлдер арқылы толықтырып отырса, онда теориялық бiлiмдi оқып, көзбен көрiп, түйсiнiп және оны мида бекiту үрдiстерi бiр уақытта өтiп отырады да материалды қорыту үрдiсi ұтымды болады.
Құрылған электрондық оқулық келесі талаптарды қанағаттандырады:
- тұтынушы интерфейсінің ыңғайлы болуы;
- электрондық оқулық мазмұнын шапшаң өзгерту мүмкіндігі;
- оқулық мазмұнын импорттау және экспорттау функциясының дамығандығы;
- оқулық дайындауда Visual Basic программалау ортасының қолданылуы.
Осы аталған талаптарға сай құрылған «Java» электрондық оқулығын орта мектепте факультатив сабақта қолдануға болады.
Жалпы, бұл зерттеу жұмысты орындауда алға қойылған мақсат орындалды.