«Алтын сары күз келді» мерекесі

 Астана қаласы,

«Лесная тұрғын алабы»

«Алтын дән» балабақшасы әдіскері

Ешмуханова Ақмарал Аманжоловна

 «Алтын дән» МКҚК балабақшасында «Ақбота» екінші кіші тобының «Алтын сары күз келді» атты  алтын күз мерекесі өтті. Мақсаты: Күз мезгілінің ерекшеліктерін ұғындыру. Мерекелік көңіл – күй орнату. Балаларды ән салуға, би билеуге, түрлі іс — әрекеттерге тарту, бейімділіктерін арттыру. Шығармашылық ой — қиялдарының дамуына ықпал ету. Ата — аналар қауымымен тығыз қарым – қатынас қалыптастыру.

Табиғаттың ерекше құбылып, айналамыз cары түске боялатын, қамбамыз астыққа толатын, бәріміз асыға күтетін, сағындырған сырмен көңілге қуаныш, асқарлы үміт сыйлайтын, баршамызға шашылған сары нұрымен шуақ болып тарайтын берекелі мезгіл күз айына арналған ертеңгілікке «Ақбота» екінші кіші тобының балалары өте ерекше көңіл күймен қатысып, ата –аналарда шақырылды.

Мерекеде кішкентай бүлдіршіндер  өздерінің  әдемі өнерлерін көрсетті, былдырлаған әсем де тәтті тілдерімен күз туралы өлең тақпақтарын айтып көңілімізді бір көтеріп тастады. Күз ханшайымы балаларға күзгі базарлығын таратты. Ата-аналар бұл ертеңгілікке тән риза. Менде осы топ ата-анасы ретінде «Ақбота» тобының тәрбиешілері Мария Аманжоловна мен Мейрамгул Кабдешқызына және музыка жетекшісі Ләйла Кәдірбекқызына алғысымды білдіремін. Ертеңгілігіміз өте қызықты болды.

 

Сондай-ақ, оқыңыз

«Туған жердің жетістігі»

Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Жаңажол ауылы №7 негізгі мектебінің 7 сынып оқушысы Жеңісбай Аружан Менің …