Алматы қаласындағы ең жақсы жеке меншік емхана меңгерушісі, медицина ғылымының докторы, профессор Бижiгiтов Жақсыбай Бидахметұлы 2016 жылдың 12 қаңтары күні Қазақстан Республикасы «Ұлы Дала Қырандары» республикалық қоғамдық мәдени-әлеуметтік қозғалысының «Ұлы Дала Қыраны» төс белгісі медалімен марапатталды. Ондай құрмет біздің асыл ағамызға жәйдән-жәй келген жоқ. Оның өмірі ерлікке, батылдыққа, парасаттылыққа толы. Бүгінде көңілі қазақтың даласындай дархан ағаларымыз ортамызда жоқ емес. Олар ірі алпауыт кәсіптің иесі болмаса да, тірнектеп жиған қазынасынан кәсіп ашып, қолда бар аз ғана дәулетін халқымен бөлісіп жүр. Осы бір санаулы азаматтардың бірі Жақсыбай Бижігітов.
Ол КСРО мен Қазақстан Республикасының үздік дәрігері, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан-Ресей медицина университетінің кафедра меңгерушісі, «Құрмет» орденінің иегері. Жақсыбай Бидахметұлы туған жерін, ата-баба мұрасын ерекше қастер тұтатын шығыс даласының мәрт азаматы. Ел ықыласына бөленген ел ағасының бүгінгі мақсаты – туған өлкесінің дарынды ұрпағына ағалық қамқорлық жасау, жәрдем беру. Ол Ұлы тұлға Төлегетай атаға кесене салуға белсене қатысқан беделді тұлға. 2013 жылы өз қаражатына Қызылорда облысының Жаңақорған ауданындағы Әбдіғаппар ауылы аумағында орналасқан Төлегетай ата кесенесі ауласында осынау данагөй баба құрметіне бай-берекелі дастарқан жайып, ас берді. Бұл асты өткізу реті қалыптасқан дәстүр бойынша Сыр бойындағы дүбірлі думан, ағыл-тегіл асқа негізінен Найман бабамыздың әр аймақ пен әр облыстағы тұқым-тұқияндары, Төлегетайдың төрт немересі, яғни Қытай бидің кіндігінен тараған Қаракерей, Төртуыл, Матай мен Садырдың игі-жақсылары келді. Әр тараптан ат терлетіп келген Ата балалары құшақтарын айқара ашып, біріне-бірі қошемет білдіріп «Төлегетай» Атаға арналған Асты жоғары деңгейде өткізген Жақсыбай Бижігітовке өз алғыстарын білідірді.
Өз қаражатына Жақсыбай аға кіндік қаны тамған Шығыс Қазақстан облысына, оның ішінде Марқакөл мен Күршімге зор демеушілік көрсетіп жүрген абзал азамат. Алыста жатқан «Қалжыр ауылына улкен журекті меценат, профессор, медицина гылымынын докторы, Академик, осы заманнын батыры Бижігітов Жақсыбай Бидахметұлы кезекти демеушілік жасады.Ол ауылдық Мәдениет уйне бір миллион тенге туратын жана аппаратура алып берди. Ол бирден, екиншиден, ауыл мешитине де керемет көмек көрсетті. Мешітке су жана» Лада приора» автокөлігін сыйға тартты. Теректі округіне жататын. Мешітке жана катымхана кешенін өз каржысына салып берді. Ел шексіз риза! Ол 1951 жылы ШҚО Марқакөл ауданы Қалжыр ауылында туып, өскен. 10 жылдық мектепті өте жақсы бағаға бітірген. Семей медициналық институтын бітірген. Жанұялы, екі баланы тәрбиелеп өсірді.
Қолы шипалы дәрігерге жұртшылық іздеп келіп қаралады. Білікті дәрігер санаулы саңлақтардың қатарында. Бижiгiтов Жақсыбай Бидахметұлының марапаттары: «Денсаулық сақтау iсiнiң жоғары дәрежедегi ұйымдастырушысы», 2005 жылы «Алматы қаласының халқына ревматологиялық көмек ұйымдастырудағы жаңа тәсiл» деген тақырыпта диссертация қорғаған. Сондай-ақ «Құрмет» орденiмен, «Пирогов» атындағы медальмен, «Байқоңыр айлағына 30 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсiздiгiне 10 жыл», «Кеңес Одағының және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау iсiнiң үздiгi» деген құрметтi атақтардың иесi. Күршім ауданының құрметті азаматы. Бүкіл өмірін денсаулық саласына арнаған тұлға. Үлкен маман. Үлкен ғалым. Үлкен медицина саласының талантты менеджері. Елім, жерім көгерсін, көктесін деумен қатар қамқорлық жасап, талай игі істердің бастамасы болып, адами қасиетімен халқының құрметіне бөленген Жақсыбай Бидахметұлының әлі талай үлгілі істердің бастаушысы бола береді. Үлкенмен де, кішімен де, қызметкермен де, еңбек адамымен де, адами-азаматшылық мағынасында тіл табыса біледі. Ел алғысына бөленген абзал дәрігер Жақсыбай Бидахметұлы талай жанға екінші өмір, қуаныш сыйлаған тәжірибесі мол мамн иесі. Елге, ағайынға қамқорлығымен қатар кейінгіге үлгі болғандай үлкенге құрмет, кішіге ізет қарым-қатынасымен төңірегіне ел азаматтарын, інілерін топтастыра білген кісілігінен кішілігі биік тұлғалы азамат, біртуар жан. Мұндай жанға қандай құрмет көрсетсе де, артықтық етпейді.
Сәдібек Түгел