Биылғы жылды, Республикамыздың Тәелсіздік алғанына 20 жыл толу мерейтойын, Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт Қауымдастығы жаппай спорттық мерекемен атап өтуді жоспарлаған болатын. Күнтізбелік жоспарға сәйкес: Ұлттық спорттың «Көкпар», «Аударыспақ», «Қыз қуу», «Теңге ілу» және ат жарыстары: аламан бәйге, тоқ бәйге, құнан бәйге, жорға жарысы, тай жарысы мен ұшқыр аттар жарысы, саятшылық және «Жепе-жек», «Жұдырықтасу», «Алаш –Алыспағы», «Алыпсоқ»,«Сайыс», қазақ күресі, Тоғызқұмалақтан дүбірлеген жарыстар өтті.
Жыл басында еліміздің ұлттық спорт түрлері бойынша ерекше еңбек сіңіріп жүрген майталмандарды марапаттаумен бастап, 37 ұлтымыздың өнерін дамытуға ат салысқан ұлтжанды азаматтары 15 наурыз күні Елордамыз Астана қаласына Президенттік Мәдени Орталықта өткен «Ұлттық спорттың үздіктері» атты арнайы өткізілген шараға шақырылып қошаметтеу марапаттау құрметі көрсетіліп, соңынан «Ұлы Дала тұлпарлары» атты өнер шеберлерінің концерті тамашаланды. Ұлттық спорттың үздіктері атанып марапатталғандар:
Үздік бүркітші –Медет Шалипов, Үздік бүркіт жаттықтырушысы болып –Сейтжан Кодеков;
Үздік Тоғызқұмалақ ойыншысы-Далиева Асель, Үздік тоғызқұмалақ жаттықтырушысы болып- Қапаев Дастан;
Үздік Алыпсоқ ойынының шебері-Рымбек Абикенов, Үздік Алыпсоқтың жаттықтырушы болып -Нұрбота Оразбеков;
Үздік «Қыз қуу» ойнынының шеберлері -Жансая Асанова мен Данияр Оразаев, ал «Қыз қуу» ойнынының Үздік жаттықтырушысы – Сейдахмет Оразқожа , осы ойынның үздік төрешісі – Рыскелді Байтасов;
Үздік Аударыспақ ойыншысы Мақсат Аринов, ал Үздік аударыспақ ойынының жаттықтырушысы – Жұмабек Жәпішев;
Үздік «Ер жігіт ойынының» шебері – Жайдарбек Күғожинов;
Үздік «Жұдырықтасу» ойынының шебері – Серік Кәкімжанов, Үздік «Жұдырықтасу» өнерінің жаттықтырушысы – Шақан Нұрғалиев;
Қазақ күресінің үздік палуаны атанған Тілеп Бауыржан, ал Қазақ күресінің үздік жаттықтырушысы болып Серік Төкиев;
Ұлттық спортты насихаттаушы Үздік журналист -Бағдат Қапбасов;
Үздік шабандоз жігіт -Арман Старцев, Үздік шабандоз қыз бала -Румия Усманова;
Үздік Тай бәйгесінің бапкері – Ертілеу Сатыбалдиев, жорға атының бапкері -Арман Төлеуов;
Үздік көкпаршы -Темірхан Айтбаев, Үздік Көкпаршыларды дайындаған жаттықтырушы -Қуанышбек Құрамаев; Үздік Көкпар спортының төрешілері – Жамалбек Тұратбеков, Аманжол Қасенов;
Үздік ат спортының төрешісі -Григорий Матюх;
Үздік теңге ілу спортының төрешісі – Жамалбек Мейрамғалиев;
Үздік Аударыспақ спортының төрешісі – Аманжол Қыдырбеков;
Үздік Ұлттық спорты қыл қалам шебері -Қалиолла Ахметжан; Үздік ұлттық спорт коментаторы -Мұрат Қыдырбай;
Ең үздік демеуші меценет- Дәулет Тұрлыханов;
Ең үздік спорт ардагері – Марат Жақыт;
Ең үздік атбегі – Тлеген Маткенов;
Ең үздік Үлттық спортты ұйымдастырушы -Мұстафа Мұстафаев;
Үздік ат бапкері болып Сейталы Құралбаев атанды.
Үздіктерге арнап: Секен Тұрысбековтің жетекшілігімен «Ақжауын» оркестрі, «Наз» театрының бишілері, Жәмәли Диханұлының «Қара жорға» өнер ұжымы, атақты әншілер Қайрат Байбосынов, Гүлмира Сарина, Гүлзира Бөкейханқызы, Айгүл Елшібаева, Ахат Кенжебаев өнер көрсетті. Осы концертте Абылайханның «Шаңды жорығы», Ахметтің «Екі жирені», Ақансерінің «Құлагері», «Қара жорға» биі тамашаланды. Бұл шара ерекше әсермен өтті.
Мамыр айынан бастап ұлттық спорттң барлық түрін қамтыған Қазақстан Республикасының Ұлттық спорт түрлерінен ІІІ –ші фестиваль басталды. Фестиваль төрт кезеңмен өтті. Бірінші кезең: мамыр-маусым айларында ауылдарда, шілде айында аудандарда, тамыз айында облыстар мен қалаларда, қыркүйек айында Шығыс Қазақстан облысының орталығы Өскемен қаласында ақтық жарыс өтті.
Осы Фестиаль аясында өткен шаралардың бірі – 23-24 шілде күндері Меркі аудандық орталық атшабарында Ұлттық спорт түрлерінен өткен аудандық фестиваль. Бұл шараны ұйымдастырушылар: ҚР ҰСТҚ және Жамбыл облыстық филиалының президенті – Құрамаев Қуанышбек, Мерке ауданының әкімдігі, Қазақстанның құрметті спорт қайраткері, спорт ардагері Жантаев Құдайберген, ауданның Ат спорты федерациясының басшылары, белгілі спортшылар мен жанкүйерлер.
Жарыс көкпармен басталып оған 7 команда: Қызыл таң, Меркі-1, Меркі-2, Қарғаты, Жылбұлақ, Ақтоған, Жамбыл ауылдарының командалары келіп 2 күн айқасты. Соңғы күні үшінші орын үшін тартыс Меркі мен Жылбұлақ командаларының арасында өтіп, жеңіске Меркі -1 ауылының командасы жетті. 1-ші және 2-ші орын үшін Ақтоған мен Жамбыл ауылының командаларының арасында жан алып жан беріске айқас болды. Екінші раунд аяталғанда есеп бірде бір еді. Бас төреші Қ.Құрамаев үшінші раундты «Алтын ұпай» салғанша жалғастыратындығын жариялады. «Алтын ұпайды» Жамбыл командасының ойыншысы Олжас Қыдырбеков үлкен ептілікпен қазандыққа дөп түсіріп командасын жеңіс тұғырына көтерді.
Бұдан кейін Аламан бәйге, Құнан бәйге, Тай жарысы өтті.Аламан бәйгеге 20 сәйгүлік қатысып, мәреге бірінші болып шабандоз Ерасыл Сабырхан «Халитжан» атты тұлпарымен келді, ат иесі Дінмұхаммед Сабырхан, екінші болып Жамбылдық шабандоз Нұрсұлтан Аманжолов «Әсемей» атты тұлпарымен ат иесі Мұрат Қозыбаев, 3-ші болып Спатай ауылының шабандозы Айдос Төлекеев «Сұлусәт» атты тұлпарымен ат иесі Ілияс Ашимов, келді. 4-ші болып Көгершін ауылынан келген Тұрсынбек «Рахат» атты бәйгесімен, 5-ші болып Бақдәулет «Қарлығаш» атты тұлпарымен, 6- ші болып Ербол «Сұңқар» атты тұлпарымен келді. Олардың барлығына жүлде берілді. Ал құнан бәйгеге 12 тұлпар қатысып 1-ші орынды Еркебұлан Амантаевтің «Гүлфайруз» атты тұлпары, ат иесі Дархан Әбішев, 2-ші Самат Салтыұлы «Наурыз» атты Дүйсеғұл Жатқанбайдың тұлпарымен, 3-ші болып мәреге Мейрамбек Табылдиев «Ақжол» атты тұлпармен, ат иесі Асқар Бектембай, келді. Ең соңында 3 шақырым қашықтыққа 7 тай шықты. Бір қызығы жарыс барысында шеңберді айналып шапқан аттардың жылдамдығын сағатына қарап есептеп халыққа жариялап тұрған диктор жұртты таң қалдырар бір мәлімет жариялады. Аламанға шапқан аттар 3 шақырымдық шеңбердің бір айналымын 3 минут 48 секундта шауып өтсе, тайлар бұл қашықтықты 2 минут 25 сеундта шауып өтті. Бұл жарыста жеңімпаз атанғандар: Мақсат Мүсірәлиевтің «Айқасқа» атты тайымен Арсен Ауырбеков бірінші, Ғани Сырлыбаевтің «Мальвина» атты тайымен Дәурен Сейтжанов екінші, «Ақтанауымен» Болат Қабылбек үшінші, Рамазан Терлікбаевтің «Ломбард» атты тайымен шабандоз Имрамбек төртінші келді. Аудан халықы ҚР ҰСТҚ мен жергілкті жарысты ұйымдастырған азаматтарға ризашылық сезімін білдіріп алғысын жаудырып, осындай жарыстарды жылда жиі өткізіп тұруды өтінді. Бұл фестивальді өткізуге демеуші болған ENRC компаниясы мен КӨМЕК корпоративтік қоры, жалпы басшылықты ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы жасап отыр.
Осындай жарыстың тағы бірі, жер жәннаты Жетісуда 11-12 тамыз күндері Ұлттық спорт түрлері ІІІ-ші Фестивалі аясында: жекпе-жек, қазақ күресі, тоғыз құмалақ, асық атудан облыстық жарыстар өтті. Ал жарыстың жалғасы ат спорты түрлері: аламан бәйге, тай жарысы, қыз қуу, теңге ілу, аударыспақ 28-29 тамыз күндері Көкбастау атшабарында өтті.
Жастар сарайында Ұлттық спорттың ІІІ-фестивалі аясында өткен Облыстық фестивальдің салтанатты ашылуын Алматы облыстық Туризм, денешынықтыру және спорт басқармасының бастығы Мұрат жүргізді. Одан кейін ҚР ҰСТ Қауымдастығының атқарушы директоры Е.Әлімбетов, Халықаралық «Жекпе-жек» федерациясының президенті С.Махметов және спорт ардагерлері құттықтады. Бұдан кейін: «Асық атудан» 9 команда, «Тоғыз құмалақтан» 12 команда, қазақ күресінен 11 команда, «Жекпе-жектен» 6 команда жарыстарын бастап кетті.
Жарыс қортындысында бірінші орынды 62 ұпай жинаған Қарасай ауданы, 2-ші орынды 61 ұпай жинаған Кербұлақ ауданы, 3-ші орынды 59 ұпай жинаған Ұйғыр ауданы иеленді. Ал спорттың жеке түрлері бойынша: Қазақ күресінен ең мықты команда Талдықорған қаласыныкі, ал одан кейінгі команда Іле ауданының, үшінші жүлдегер аудан Қарасай ауданы болып шықты.
Асық атудан 1-ші орынды Кербұлақ, 2-ші орынды Қаратал, 3-ші орынды Ескелді ауданының спортшылары: Көмеков Берік, Забиев Адилбек, Дарын Парасат иеленді. Жекпе –жектен 1-ші орынды: 1 алтын, 4 күміс, 3 қола медаль иеленген Талдықорған қаласының командасы, 2-ші орынды: 1 алтын, 3 күміс, 1 қола медаль иеленген Ескелді ауданы, 3-ші орынды 3 алтын медал иеленген Қарасай ауданы иееленді.
Осы жарыста жанкүйер көрерменді көп жинап, айқай-шуына ұласқан, халықтың делебесін қоздырған спорттың түрі жекпе-жек болды. Өйткені жекпе-жек қазақ халқының ықылым заманынан бері бірге келе жатқан жауынгерлік өнері. Қазақ батырларының жаудың батырларымен жекпе-жекке шығып, жеңіп, талай соғыстың қантөгізсіз бітіммен аяқталуына ықпал еткенін білеміз. 15 ғасырда қазақ хандығының қалыптасу кезеңінде Көк Орда ханы Әбілхайырдың батыры Қарашыңды Қазақ ханы Жәнібектің батыры, кейін Жәнібек хан дүниеден озғанда қазақтың ханы болған, Бұрындық батыр жекпе-жекке шығып ат-матымен құлатып, мойынынан арқанға іліп алып өз әскерінің алдына сүйретіп әкеліп, сөйтіп қазақ әскерінің мысы басып, Көк Орда әскерінің тұра қашқандығы тарихтан белгілі. Осы жарыс барысында 57 келі салмақта Ескелді ауданынан ағайынды Қуанов Бақтияр мен Қуанов Кәрімжан бірінші орынға күресу үшін шаршы алаңға шықты. Жаркүйерлер демін ішіне тартып «қиын жағдай болды-ау, енді қайтер екен» деп отырғанда, бас төреші Сабыржан Махметов «Қазақта ағайындылар тартыспаған, інісі жолын ағасына берген. Осы жарыста чемпион атанған адам Өскеменде өтетін Республика чемионатына жолдама алады, ақылдасып шешіңдер, екеуіңнің біріңді бірің төпелеп жатқандарың жараспайды» дегенде Кәрімжан жолын ағасы Бақтиярға берді. (Бақтияр кейін Өскемеде еліміздің чемпионы атанды). Осы салмақта үшінші орынды Нұрланұлы Арнұр иеленді. 62 келі салмақта Қарасайдан келген жауынгер Ибишев Камил бірінші, Ескелділіктер Кенжебеков Бақтияр екінші, Қуанов Тайржан үшінші орынды бөлісті. 67 келі салмақта Талдықорғандықтар Сәркенов Бағлан бірінші, Амантайұлы Айдос екінші , Кербұлақтан келген Құттыбаев Мирас үшінші орынға шықты. 72 келі салмақта Қарасайлық Қолғараев Алмасбек алтын, Талдықорғандық Ахматов Мұхит күміс, Қараталдық Атимов Ерғали қола медаль иеленді. 78 келі салмақта Қарасайлық Мзгиев Содик алтын, Талдықорғандық Кудинов Дмитрий күміс, Қараталдық Көкбай Ержан қола медальды тақты. 85 келі салмақта Қараталдық Шарипбеков Алмас алтын, Талдықорғандық Ахметжанов Олжас күміс медальді иеленді. Ең ауыр салмақ 93 келіде 1-ші орынды Қараталдық Аманжолов Кенже, 2-ші орынды Ескелділік Сатбаев Мұрат, 3-ші орынды Ұйғыр ауданының азаматы Мұқанов Асылжан иеленді. Осы жарыстың бас төрешісі аты әлемге әйгілі жекпе-жектен халықаралық спорт шебері Дәнеш Дүнгенбаев, және спорт ардагері Төлекенов Құдайберген, қапталдағы төрешілер Рамазанов Ғалым, Досмухамбетов Мәди, шаршы алаңдағы рефери Аманқұлов Нұрлан болды. Сонымен Талдықорғанда ұлттық спорттан облыс жеңімпаздары анықталып олар қыркүйекте өтетін Республикалық жарысқа жолдама алды.
Көкбастауда өткен Конституция күніне орай Қазақстан Президенті кубогы және ІІІ-ші фестиваль аясындағы ат жарысы өтті.
Бәйгеге 7 автокөлік тігілді. Аламан бәйгеден бірінші келген аттың иесіне «Мицубиси паджеро» джипі, ал екінші, үшінші орындарға «ВАЗ-2107» көлігі тігілді. 4 орын – 200 мың теңге, 5 орынға – 150 мың теңге, 6 – 100 мың, 7 орын – 70 мың теңге ақшалай сыйлық алады. Топ бәйге, құнан бәйге, жорға жарыстардан аттары бірінші келгендерге «ВАЗ-2107» көлігі, 2 орын – 150 мың теңге, одан кейінгілерге 120, 100, 70 мың теңге сыйлық беріледі. Бас төрешісі белгілі атбегі, Орынтай Әмірғалиев болды.
Алдымен құнан жарысы басталды, бұ л жарысқа 58 сәйгүлік қатысып, мәреге бірінші болып Жамбыл ауданының тұрғыны Нұрбол Назарбаевтың «Жандос» деген аты келді, ат иесі «ВАЗ-2107» автокөлігін иеленді. Екінші болып Алакөл ауданынан келген Сатыбалдинов Байбатырдың «Жебесі», үшінші болып Жамбыл ауданының тұрғыны Үмбетов Ғабиттың «Марқасқасы» келді.
Тоқ бәйгеден Солтүстік Қазақстан облысынан келген Біржан Шаймерденовтің «Айман» атты қасқа торысы бірінші, Жамбыл облысынан келген Ақнұр Әлішердің «Бәрекелді» деген қаракері екінші, Жамбыл облысының «Легендасы» үшінші, Қарасай ауданының «Вариаторы» төртінші, Алакөл ауданының «Самұрығы» бесінші болып мәреден өтті.
Жорға жарысынан бас жүлдені Жамбыл ауданының тұрғыны Үмбетов Ғабиттың «Олбуры» жеңіп алды , одан кейінгі екінші жүлдені Жамбыл облысының тұрғыны Бүтін Сүлейменовтің «Тачанкасы», 3- маңғыстаулық В.Казевтің «Айперісі», 4-Еңбекшіқазақ ауданының «Гидросфера», 5-талғарлық Сергей Чернецкийдің «Реваншы» ұтты.
Жұрттың сарыла күткені – аламан. Қазақтың қазанатын анықтайтын жарыс 25 шақырымдық аламан бәйге. Атшабардың қара жолына 43 шабандоз түсіп, 4-5 айналымнан кейін олардың қатары сирей бастады, мәреге жете алмай жолда қалып құлаған аттар да болды. Жанкүйерлер демін ішіне алып, күткен бас жүлде – «Мицубиси паджероны» Ақмола облысынан келген Әбдірахман Балабекке желдей есіп алдына жан салмаған «Қарақат» атты сәйгүлігі мінгізді. 2-орын алып «Жигули» мінгізген Қарасай ауданынан Жанқойлықовтың «Баян» атты сәйгүлігі болды. Мәреге үшінші болып келген «Жезқараның» иесі Байбатыр Сатыбалдинов та «Жигули» мінді. 4-келген «Нұртөбелдің» иесі Ғабит Үмбетов 200 мың теңге, 5-орын алған «Сборниктің» иесі астаналық Төлеуов Арман 150 мың теңге, 6-келген «Ізбасардың» иесі шығысқазақстандық Ерасыл Сүлейменовке 100 мың теңге сыйлық берілді.
Алматы облысы ұлттық спорттың қай түрінен болмасын алдыңғы қатарда келе жатқан, Ұлттық спортты дамытуға ерекше көңіл бөліп, оның материалдық базасын да басқа облыстарға үлгі боларлықтай етіп жасаған, оған дәлел іретінде Талдықорған қаласындағы атшабарды айтса да жеткілікті. Ат шабар облыс әкімдінің қармағындағы мемлекеттік мекеме, оның директоры Талғат Көлбаев.
Жалпы Алматы облысында жылқы өсіріп оның тұқымын асылдандырумен айналысатын «Темірлан», «Рахат-асыл», «Бек», «Азем», «Ақылбай», «Атил», «Дебек» сиқты шаруашылықтар қатары қөбейіп келеді. Ал, Алакөл, Ақсу, Сарқан, Панфилов, Райымбек, Еңбекшіқазақ, Жамбыл аудандарында, Қапшағай қаласында ат спорты жарыстарын өткізуге қолайлы жағдайлар жасалған, Ұлттық спорттың дамуына кезінде көп көңіл бөліп жағдай жасаған Шалбай Құмаханов пен Серік Үмбетов болатын. Олардың есімін халқы ілтипатпен атайды.
Жеті жылдан кейін Ұлттық спорт түрлерінен өткен ІІІ-ші фестивальдің ақтық жарысы Шығыс Қазақстан облысыда, ат спорты түрлері мен бүркітшілер жарысы Глубокий ауданының Винный ауыллында өтті де, «Жекпе-жек», Тоғызқұмалақ, қазақ күресінен Өскемен қаласындағы спорт ғимарттарында өтті. Бұл жарысқа 600-ден астам спортшы қатысты.
Биылғы жылы: Көкпар, аударыспақ, «Қыз қуу», «Теңге ілуден» және ат жарыстары: алман бәйге, тоқ бәйге, құнан бәйге мен тай бәйгесі, жорға жарысы онға жуық халықаралық және республикалық жарыстар, көптеген аймақтық, аудандық, ауылдық жарыстар өтті өтті. Осы жарыстардың ішінде тұрақты өтіп келе жатқандары: Астана күні және Тұңғыш Президенттің туған күніне орай Ұлттық ат спорты түрлерінен Еуразия кубогы, Көкпар мен аударыспақтан халықаралық Асанбай Асқаровты еске алу турнирі, Президент кубогы үшін ат жарыстары, Құлагер Ұлы Даланың Тұлпары халықаралық ат бәйгесі, Ат спорты түрлерінен жастар арасындағы республикалық ашық турнир және Саятшылықтан Халықаралық «Қансонар», «Салбурын», «Ең алғыр қыран», Бүркітшілер арасындағы халықаралық турнир, «Сонар-2011» турнирі, Жастар арасындағы Республикалық ІІІ-ші чемпионат жарыстары өтті.
Елімізде кейін өмірге келген Ұлттық спорттың түрлері «Жекпе-жек», «Алыпсоқ», «Жұдырықтасу», «Алаш –Алыспағы» ойындарынан да халықаралық, республикалық, аймақтық ондаған жарыстар өтіп жатты.
Биылғы жылы қазақ күресінен 32 шаралар мен әр түрлі дәрежедегі жарыстар өткізу жоспарланған еді, соның ішінде тұңғыш рет өтіп халықтың жадында қалған үлкен әсермен өткен жарыс «Қазақ барысы» болды. Жарысқа Астана қаласына жиналған 64 ауыр салмақтағы палуандардың ішінен Қазақтың барысы Ұлан Рысқұлов атанды.
Сондай-ақ әлем халықтарының арасында кең қанат жайып келе жатқан зердемен ойнайтын ойын Тоғыз құмалақтанда 30 –дан астам шаралар мен халықаралық, республикалық жарыстар өтті.
Альберт Мурсалимов -ҚР «Ұлттық ат спорты түрлері федерациясының атқарушы директоры.