Алда алатын асуларымыз көп

Мұхамадиева Жансұлу ЖұмайқызыЖансұлу Мұхамадиева, Астана қаласы № 65 мектеп-гимназиясы Бастауыш сыныптары оқу ісінің меңгерушісі:

Алда алатын асуларымыз көп

Сәлеметсіз бе, Жансұлу Жұмайқызы! Ең алдымен аталмыш оқу ошағын таныстыра кетсеңіз?

– Бүгінгі ұрпақ ертеңгі болашағымыз ғой, осы мақсатта жыл сайын Астана төріндегі мектептердің қатары артып келе жатқанын білесіз. Біздің № 65 мектеп-гимназиясы да сол алтынұялардың қатарында жас ұрпақтың сауатты білім алуына үлкен жол ашып отыр. 1200 оқушыға арналған біздің мектеп 2010 жылдың 1 қыркүйегінде пайдалануға берілген болатын. Жылдан жылға мектебіміз көркейіп, оқушы саны да өсіп келеді. Қазіргі кезде 1146 оқушыға 107 ұстаз білім беруде. Оның 97-сі жоғарғы оқу орындарын бітірген. Заманауи технологиямен жабдықталған мектебімізде бастауыш буындар бойынша 599, негізгі буында 470, ал орта буында 77 жеткіншек тәрбиеленіп жатыр. Оқу орнымыз аралас мектеп болғандықтан оқу-тәрбие жұмыстары екі тілде, мемлекетті және ресми тілде жүргізіледі. Мектебімізде мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған түзету және инклюзивті сыныптар да бар.
– Осы мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған түзету және инклюзивті сыныптар жайлы кеңірек айтып берсеңзі?

– 2000 жылы № 24 орта мектебінің ішінен ата-аналардың бастауымен және Қазақстан Республикасының бірінші ханымы Сара Алпысқызы Назарбаеваның қолдауымен 1 сынып ашылды. Келесі жылы оқушылар саны 4 есеге көбейді. 2010-2011 оқу жылында Астана қаласы Білім Басқармасының бұйрығымен есту қабілеті төмен оқушыларға арналған түзету сыныптары № 58 мектептен № 65 мектеп-гимназияға ауыстырылды.

Түзету сыныптарына есту қабілетін орта мөлшерде жоғалтқан 30-80 сөзді айыра білетін, 3 метр қашықтықта сөйлеу тілін ажырата алатын және есту қабілеті зақымдалғандықтан сөйлеу дағдысы нашарлаған және отадан кейінгі оқушылар қабылданады. Қазіргі кезде инклюзивті мектеп мәртебесі берілген мектебімізде 11 инклюзивті сынып жұмыс жасап жатыр.

– Білім бесігінің жетістіктерін атап өтсеңіз?

– Мектебімізде өзіндік қолтаңбасын қалдыратын білікті мамандар мен білімді шәкірттер баршылық. Оны мына кесте дәлдеп беретін сияқты:

Оқушылар мен мұғалімдердің жетістіктері мен нәтижелері

Іс-шараның атауы

Орын,

Мақтау қағазы

Оқушының аты-жөні

Сыныбы

Мұғалімі

1.

«Зерде» зерттеу

ІІ орын

/Қалалық/

Шаповалова Валерия

5 «В»

Қадірменова Гулнар Тлеукабыловна

2.

Олимпиада

ІІІорын

/Аудандық/

Балтабаев Бәкір

9 «А»

Абдилова Жанат Тұрлыбайқызы

3.

Олимпиада

Мақтау қағазы

/Аудандық/

Рамазан Жанаргул

9 «Б»

Абдилова Жанат Тұрлыбайқызы

4.

Есенберлин оқулары

Сертификат

Толыбаев Дархан

8 «А»

Жанабилова Гаухар Манаповна

5.

Есенберлин оқулары

Сертификат

Оспан Нұрсұлу

10 «А»

Бекмұханбетова Гүлнәр Ризабековна

6.

Менің арманымдағы қала-2030

І орын

/Қалалық/

Кеншінбаев Ардақ

6 «А»

Абилов Зейнолла Сейітқанұлы

7.

«Мен – Астаналықпын» Зерттеу жобалары бойынша

І орын

/Қалалық/

7 сынып тобы

Рахимбеков Бекзат Құдайбергенович

8.

«Мен – Астаналықпын» тарихи-өлкетанушылық сауалнама бойынша

ІІІ орын

/Қалалық/

7 сынып тобы

Рахимбеков Бекзат Құдайбергенович

Бөлісу:

Сондай-ақ, оқыңыз

Сан сынақтан сүрінбеген спорт мектебі

Астана қаласының Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасының №7 Олимпиадалық резервінің балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған …